Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Еңбек ұжымын басқару психологиясы

1. Еңбек ұжымы және оның құрылымы.

2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.

3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.

1. Еңбек ұжымы және оның құрылымы.

Еңбек ұжымы бұл - өндірістегі қоғамдық маңызды мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымдасқан адамдардың ұйымы. Ондай ұйым бұл - әрбір адамның нақты орны бар, аса күрделі заңдар бойынша қызмет ететін тұтас ағза.

Р.Мертон топты бір-бірімен нақты үлгіде өзара әрекеттесетін адамдардың жиынтығы ретінде анықтайды. Өздерінің сол топтағы мүшелігін сезініп, басқалардың көзімен де аталмыш топтың мүшесі ретінде есептеледі.

Өзара әрекеттестік, мүшелік және топтық ұқсастық сияқты негізгі бітістерөптеген топтарға тән. Ал топтар ондағы адамдардың қатысына қарай сапасы жөнінен біршама ерекшелінеді. Ондай жағдайда бірінші және екінші реттегі топтар ерекшелінеді.

Бірінші реттегі топ даралық ерекшеліктеріне байланысты өзара қатынастары қалыптасатын адамдардың аздаған тобынан құралады.

Бірінші реттегі топ ұғымын мүшелерінің арасында тұрақты эмоциялы қатынастар қалыптасатын отбасына байланысты алғашқы рет Ч.Кули қолданады. Кули бойынша отбасы «бірінші реттегі» топ болып табылады, өйткені ол нәрестелердің әлеуметтенуінде негізгі рөл атқаратын алғашқы топ болып табылады. Кейінірек аталмыш терминді топтың негізін анықтайтын тығыз жеке қатынастарды зерттеуде қолданыла басталды.

Екінші реттегі топ эмоциялы қатынаспаған адамдардан құралады, олардың өзара әрекеттестігі нақты мақсаттарға жету ұмтылыстарымен шартталады. Бұл топтарда жеке дара қасиеттерге емес, нақты қызметтерді орындау іскерлігіне баса назар аударылады.

А.В.Петровский топтар дамуының төмендегідей сызбасын ұсынады. Оның ойынша топтар дамуының: диффузды топ, ассоциация, кооперация, корпорация және ұжым атты бес дәрежесі бар.

Топтар даму процесі

ОС векторы барлық құндылықтардың топтың мінез-құлқын қаншалықты жанамалайтындығын көрсетеді. ОА және ОВ векторалары жанамалаудың мазмұнды қыры, топ іс-әрекетінің бағыттылығын сипаттайды. Кез келген топ тұлғааралық қатынастары біріккен іс әрекеттің мазмұнымен жанамаланбайтын диффузды (І) қоғамдастық ретінде пайда болады. Осы топтың өзіне де лидерлер ерекшелінеді, диадалар, триадалар құралады, ұнату немесе ұнатпау қалаулары қалыптаса бастайды.

Топ мүшелерінің бағыттылығы анықталып, өзара байланыстары күшейген сайын ол кооперацияға не ассоцияцияға айналады. Кооперация - әлеуметтк құндылықтардың жоғары дәрежесі бар қоғамдастық. Ассоциация – адамдардың қатынастары біріккен іс әрекеттің факторларымен мүлде жанамаланбаған қоғамдастық.

Өзара байланыстары күшейген сайын кооперация ұжымға, ал ассоциация – корпорацияға айналуы мүмкін. Корпорация бұл – топтың мақсаттары әлеуметке қарсы айқын көрінген сипаттағы, қатынастың топтық іс әрекеттің мазмұнымен жанамалануының жоғары дәрежесі анық байқалған топ. Ұжым бұл – мүшелері ортақ құндылықтармен, мақсаттармен және іс әрекеттің тұтастай топ үшін әрі оның әрбір мүшесі үшін маңызды міндеттерімен біріктірілген ұйымдасқан топ. Ондағы тұлғааралық қатынастар іс әрекеттің қоғамдық маңызды мазмұнымен жанамаланады.