Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Басшылық және лидерлілік

1.Ұйымдардағы билік пен ықпал.

2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.

3. Лидерлілік және басшылық.

1.Ұйымдардағы билік пен ықпал.

Ықпал адамдардың арасындағы өзара әрекеттестікті қалыптастырушы үзбелі ретінде лидерліліктің психологиялық негізі болып табылады. Лидер болу үшін адамның билікке ие болғаны жеткіліксіз, оны пайдаланып, басқа адамдарға тұрақты түрде ықпал етіп отыру, оларға өз еркін теліп отыру, оларды өз ізбасарларына айналдыру қажет.

Әрине әлдекімді өз еркіңе бағындыру үшін қандай да бір билікке ие болу тиіс. Билік: мүмкіндіктер, әрекеттер, обьектілер сияқты әрқилы қорларға сүйенуі мүмкін. Олар иделды не болмаса материалды болуы мүмкін.

Ондай қорлардың негізгі үш тобы ерекшелінеді:

1) Жетекшілік еткен нақты адамға тәуелді емес, бірақ оның қоғамдағы ресми позициясына, рөліне байланысты ықпал ету құралдары.

2) Лидердің тұлғасымен анықталатын ықпал ету құралдары.

3) Нақты сөйлеу тілі немесе сөйлеу тілдері арқылы жүзеге асатын ықпал.

Ықпалдың барлық түрлері бір-бірімен өзара тығыз байланысқан әрі бірін-бірі өзара шарттандырып отырады.

2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.

Психологтар лидерлілік феноменін кешенді түсіну үшін уақыттың әрбір нақты мезетінде лидерліліктің табиғатын анықтайтынайнымалылардың әрқилы типтерінің есебі қажет. Олар (айнымалылар):

  • Лидердің тұлғасы, шығу тегі, әлеуметтені процесі және лидерлілікке ұсынылуының тәсілдері;

  • Ізбасарларының мінездемелері;

  • Лидер мен ізбасарларының арасындағы қатынастар;

  • Лидерлілік орын алған жағдай;

  • Лидердің ізбасарларымен нақты жағдайлардағы өзара әрекеттестігінің нәтижесі.

Лидердің тұлғасы.

Лидерлілік феноменін телдауда оның тұлғасын баса назар аударылады. Басқару жүйесіндегі тұлға ұжымның лидеріне айнылғысы келсе менеджерге қажет қасиеттердің кешені дамытуы тиіс. Олардың көпшілігі жетекшілік және тұлғалық қасиеттерін адамгершілікпен, бірізді жетілдіргенде анағұрлым көп жетістіктерге жетер еді. Олар:

  • Лидердің жеке дара бітістері;

  • Лидердің өзі жайлы түсініктері;

  • Мінез-құлыққа ықпал ететін қажеттіліктер мен мотивтер;

  • Аса маңызды сенімдердің жүйесі;

  • Шешім қабылдау стильдері;

  • Тұлғааралық қатынастар стилі;

  • Стресске шыдамдылық.

Лидерлерге тән ойлаудың түрлері: икемділік-кертартпа, ойлаудың өнімділігі, жылдамдығы және аналитикалылығы.

Лидердің мінез-құлқына ықпал ететін қажеттіліктер мен мотивтер:

  • басқару қажеттілігі;

  • оқиғалар мен адамдарды қадағалау қажеттілігі;

  • жетістікке жеті қажеттілігі;

  • қайсібір топтың мүшесі болу және мойындалу қажеттілігі.

3. Лидерлілік және басшылық.

Басқарудағы лидерлілік мәселесін айқын анықтау үшін: «басқару», «басшылық», «лидерлілік» ұғымдарының ара жігі ашып алған жөн.

Басқару дегеніміз көзделген мақсаттарға бағдарланған кез келген ықпалдарды ұйымдастыру процесі. Ал басшылық бұл –басқару іс-әрекетінің бір бөлігі ғана. «Басшылық» және «лидерлілік» ұғымдарының айырмашылығы кез келген ұйымда ресми және биресми қатынастардың кездесуіне байланысты. Лидерлілік бұл – адамдарға биресми қатынастардың жүйесі арқылы ықпал ету, ал басшылық ең алдымен ресми қатынастардың нақты құрылымын талап етеді.

Басшылық пен лидерліліктің негізгі айырмашылықтарын төмендегіше көрсетуге болады:

  • лидер топтағы тұлғааралық қатынастарды, ал басшы топтың әлдебір әлеуметтік ұйым ретіндегі ресмиқатынастарын реттеп отырады;

  • лидерлілікті шағын топша жағдайында қалыптасады, басшылық – шағын ортаның элементі болып табылады;

  • лидерлілік стихиялы түрде, ал басшылықты тағайындау процесі стихиялы болмайды, басшылықпен салыстырғанда лидерліліктің тұрақтылығы төмен болып, топтың көңіл-күйіне байланысты болады;

  • қызметкерлердің басшылығы лидерлілікте кездеспейтін әрқилы ережелердің нақты жүйесіне ие;

  • басшының шешім қабылдау процесі күрделі әрі дәл топқа қатысы жоқ көптеген жағдайлармен жанамаланады, ал лидер едәуір жанамаланбаған шешімдерді қабылдауды;

  • лидер іс-әрекетінің аумағы көбінде кішігірім болса, басшы әрекетінің аумағы едәуір ауқымды әлеуметтік орта болып табылады.

Лидер беделдінің, ал басшы-өкілеттіліктер билігіне ие. Өкілеттіліктер билігіне қарағанда, беделдінің билігі субьектіге топпен тағайындалады. Ал оның өзіндік қаупі бар, өйткені беделдінің билігінен салыстырмалы түрде оңай айырылуға болады.