Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Проблеманы шешу сызбасы

Басқарушы шешімдер ой процесімен қатар басшының тұлғасын да қозғайды. Алайда адам шешімдерді әрдайы саналы қабылдау бермейді. Көбінде оның қылықтары санаастында жасырынған жоспарларымен, проблемаларымен анықталады.

2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.

Адам кез келген әрекетін түсіндіре алса да, неліктен солай, басқаша істемегенін әрдайым біле бермейді. Бұл феноменді ХІХ-ХХ ғғ.австриялық психолог З.Фрейд ашқан. Оның ойынша сезілмейтін көптген әрекеттер «Меннің» «Олдан» қорғану ретінде жасалынады.

Психологиялық қорғаныс механизмдері өте көп. Әрбір адамның өзіне тән қорғану мехнизмдері болады. Алайда олардың классикалық түрлері төмендегідей:

1. Рационализация. Импульсивті қылықтардың себебін, мінез-құлықтың саналы негіздерін іздестіру

2. Репрессия. Адамның теріс әрі жағымды эмоцияларының көрініс беруіне тиым салуы.

3. Регрессия. Мінез-құлықтың ерікті қадағалануы әлсірегенде туындайды.

4. Жоққа шығару. Адам проблеманы шешкеннің орына оны жоққа шығаратын жағдайда орын алады.

5. Адам өз жанының жарақаттанған қырын санадан шеттейтін қуатты стресс жағдайында кездеседі.

6.Реактивті құрылымдар адам қолы жетпейтінін түсінсе де мүлде қарама-қарсы бағытта әрекет ете бастағанда пайда болады.

7. Проекция. Адамның өзіне тән қажеттіліктерін, сезімдерін, қызығушылықтарын, түсініктерін, тіптен мінез бітістерін басқа адамдарға көшіруі.

8. Сублимация. Жүзеге асырылмайтын мақсат орындалған әрекеттерден шынайы қанағаттанатындай басқа мақсатпен алмастырылуы.

Психологиялық қорғаныс механизмдері проблеманы шешу процесінің барысында пайда болып, оны бұрмалап, қиындатуы мүмкін. Алайда ол – жеңуге болатын, ұжымдық көзқараспен сақтандыруға болатын жеке дара проблема.

3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.

Адамдардың бір-біріне ықпал етуінің негізгі үш механизмі бар, олар:

1.хабарлау;

2. сендіру;

3.иландыру.

Хабарлауда адамның қабылдауынан оның мінез-құлқын түзететін, көзқарасын қалыптастыратын, шешімге келуіне түрткі болатын ақпараттың өзі ықпал етеді.

Сендіруде адам ақпаратты басқа адаамдар құндылықтарының, бағдарларының жүйесіне ықпал ететіндей жеткізеді.

Иландырушы ықпалдар шешімдерді қабылдаудың ең қауіпті түрі болып табылады. Иландыру элементтері қарым-қатынастың кез келген түрінде кездеседі: бұл имидж, ақпаратты ұсыну ерекшеліктері, вербалды емес құралдар және т.б. Алайда иландырушы ықпалдардың тікелей шешім қабылдауға қатысты басқа да түрі кездеседі. Бұл – психологиялық манипуляция.

Э.Шостром манипуляциялаудың негізгі сегіз түрін көрсетеді:

1. Бұйрықшыл (өктемшіл);

2. ынжық

3. калькулятор (есепшіл);

4. жабысқақ (жантық);

5. бұзық;

6. «сиқыр» жігіт

7. сот (би);

8. қорғаушы

Манипуляторлау жүйелерінің Э.Шостром төрт түрін бөліп көрсетеді:

1.Белсенді манипулятор басқаларды белсенді әдістердің көмегімен басқаруға тырысады. Қандай жағдайда да ол әлсіздігін көрсетпейді әрі өзінің әлеуметтік рангін қолдануға тырысады.

Енжар манипулятор – белсендіге қарама-қарсы тип. Ол қауқарсыз,, ақымақ, әлсіз болып көрініп адамдарды пайдаланады.

Селқос манипулятор ештеңеге көңіл бөлмегендей сыңай танытып, дау-дамайларға қатыспауға тырысады.

Белсенді манипулятордың философиясы қандай жағдай болмасын басқаруға және билеуге негізделеді. Енжар манипулятордың философиясы - ешқашан адамның ызасын тудырмау. Қалай мақсаты қандай жағымды болып көрінсе де манипуляторлардың әрекеттері тек басқа адамдарды өз есебіне пайдалануға негізделеді.