Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.

1. Адамның функциялы күйлері.

2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.

3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері

1. Адамның функциялы күйлері.

Адамның функциялы күйі, оның нақьы бағыттағы нақты жағдайлардағы өмірлік қуаттың нақты қорымен іс-әрекетін сипаттайды. А.Б.Монова функциялы күй ұғымы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқының тиімді жағын сипаттау үшін енгізіледі.

Адамның күйін көптеген көріністердің көмегімен сипаттауға болады, яғни: физиологиялық жүйелердің қызмет етуіндегі өзгерістер (орталық жүйке жүйесі, жүрек тамыр, дем алу, қозғалыс, эндокриндік және т.б.); психологиялық процестердің жүру барысындағы өзгерістер (түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін); субъективті күйзелістер.

В.И.Медведев функциялы күйлердің төмендегідей анықтамасын ұсынады: «Адамдардың функциялы күйі тікелей және жанама іс-әрекеттің орындалуын міндеттейтін қызметтері мен қасиеттерінің жиынтықталған кешені ретінде түсіндіріледі.

Функциялы күйлер көптеген факторлардың жеке жағдайлардың ішінен күйлердің кейбір ортақ топтары ерекшеленеді:

  • қалыпты тіршілік әрекетінің күйлері;

  • патологиялық күйлер;

  • шеткі күйлер (шекаралас).

Іс-әрекеттің сенімділігі мен құны күйлерді нақты топқа жатқызудың белгілері болып табылады. Сенімділік өлшемінің көмегімен функциялы күй адамдардың нақтылықтың, уақыттылықтың ұсынылған деңгейінде іс-әрекетті орындау қабілетімен сипатталады. Іс-әрекеттің құны бойынша функциялы күйдің организмінің қажу дәрежесінің және ақырында оның адамдардың денсаулығына ықпал етуінің тарапынан бағаланады.

Адамдардың физиологиялық және психологиялық қорларының мөлшерден тыс қысымға ұшырауы әртүрлі аурулардың пайда бола бастауы болып табылады. Осының негізінде қалыпты және патологиялық күйлер ерекшеленеді. Соңғы топ мед/ң зерттеулердің пәні болып табылады.

Шекаралас күйлердің орын алуы ауруға әкелуі мүмкін. Сол себептен еңбек іс-әрекеттердегі барлық шекаралас күйлер тиым салынған күйлердің тобына жатады.

Еңбекқорлық пен шаршау динамикасының зерттелуі психологияда функциялы күйлерді зерттеудің дәстүрлі саласы болып табылады.

Шаршау бұл ұзаққа жұмыс жасауда қысымның ұлғаюымен байланысты табиғи реакция. Физиологиялық тұрғыда шаршаудың дамуы организмнің ішкі қорларының азайғанын және жүйелердің қызмет етуінің едәуір тиімді тәсілдеріне жүрек соққысының көлемін ұлғайтудың орныны, жүрек жиырылуының жиілігін арттыру есебінен қан айналымының бір минуттық көлемі қамтамасыз етіледі, жеке бұлшық ет талшықтарының жиырылу күшін әлсіретуде функциялы бұлшық ет бірліктерінің көбісі, сонымен қозғалым реакциялары жүзеге асады. Осының әсерінен қосалқы қызметтердің тұрақтылығы бұзылады, бұлшық ет жиырылуының күші мен жылдамдығы төмендейді, психикалық қызметтер ыдырайды.

Шартты рефлекстердің жасалынуы мен тежелуі қиындатылады. Демек, жұмыстың ырғағы бұзылады, қозғалыстардың нақтылығы, координациясы бұзылады.

Шаршау ұлғайған сайын әртүрлі психикалық процестердің жүру барысында біршама өзгерістер байқалады. Ондай күйге әртүрлі сезім ағзаларының сезімталдығының төмендеуі мен сол процестердің инерциялылығының өсуі тән. Бұндай жағдайлар сезімталдықтың абсолютті және дифференциялы табалдырықтарының ұлғаюында, тізбектелген бейнелердің айқындылығы мен ұзақтығының ұлғаюында. Шаршағанда жиі әсер ету психологиядағы төмендеп қарапайым сенсомоторлы реакциясы және таңдау реакциясы ұлғаяды.

Шаршағандық күрделі қозғалыс дағдыларын орындаудың қиыншылықтарына әкеледі. Зейіннің бұзылуы шаршаудың неғұрлым айқын және маңызды белгілері болып табылады. Зейіннің көлемі тарылады, зейіннің ауысу және бөліну қызметтері жапа шегеді, яғни іс-әрекеттердің орындалуын саналы қадағалау қызмет бұзылады.

Сондай-ақ шаршау ұзақ мерзімді есте сақталынған ақпаратты жаңғыртудың қиыншылықтарына әкеледі. Қысқа мерзімді ес көрсеткштері төмендейді, яғни есте сақтау жүйесінде сақтап отыру қызметі бұзылады.

Ойлау процесінің тиімділігі жаңа шешімдерді қабылдауды талап ететін жағдайларда міндеттерді шешудің таптаурынды тәсілдерінің басым болу есебінен немесе интеллектілі актілердің мақсатқа бағыттылығының бұзылуынан бірмаша төмендейді.

Шаршау күйі ұзаққа ұласқан сайын іс-әрекет мотивтері трансформациялана бастайды. Егер шаршаудың ерте (бастапқы) сатыларында «іскер» мотивация сақталынатын болса, кейіннен іс-әрекетті тоқтату мотивтері басым болады. Адам шаршаған күйде жұмысты жасай беретін болса, онда кері эмоциялы реакциялар қалыптаса бастайды.

Шаршаудың сипатталған симптомдар кешені әркімге шаршағандықты күйзеліс ретінде толық әрқилы субъективті түйсіктермен анықталады.

Еңбек іс-әрекетін талдауда еңбекке қабілеттіліктің 4 сатысы ерекшеленеді:

  1. кіріспе бастау сатысы;

  2. жағымды түрде еңбекке қабілеті болу сатысы;

  3. шаршау сатысы;

  4. «ақырғы құлшыныс» сатысы.

Осындай төрт сатыдан кейін еңбек іс-әрекеті ыдырай бастайды. Еңбекке қабілеттіліктің жағымды деңгейінің қалыпты жағдайына келуі шаршатқан іс-әрекетті уақыттың енжар, әрі белсенді дем алуға қажет көлемін талап етеді. Дем алу кезеңдерінің ұзақтығы және толыққандығы жетіспегенде шаршау жинақтала бастайды.

Әртекті субъективті түйсіктер созылмалы шаршаудың ең алғашқы симптомдары болып табылады, олар енжарлықты сезіну, адамдардың ұйықтағысы келуі. Оның бастапқы сатыларынды объективті белгілер аса көп байқала қоймайды.

Қызмет еткен адамдардың күйінің кең аумағын зерттеуде «қысым» термині қолданылады. Іс-әрекет қысымының дәрежесі еңбек процесінің құрылымымен, атап айтқанда еңбек жүктемесінің мазмұнымен, оның қарқындылығымен анықталады. Осы тұрғыда қысым еңбектің нақты түрінің адамға қойған талаптармен интерпритацияланады. Басқаша айтқанда, іс-әрекеттің қысымы еңбектегі мақсатқа жетуге қажет психофизиологиялық шығындармен (іс-әрекеттің құнымен) сипатталауы мүмкін. Осы тұрғыда қысымның астарында адамдардың қойылған мақсаттарды шешуде жұмсайтын күштерінің көлемі түсіндіріледі.

Қысым күйінің негізгі екі тобы ерекшеленеді: нақты еңбек дағдыларын орындаудың негізінде жатқан психофизиологиялық процестердің динамикасы мен қарқындылығын анықтайтын арнайы қысым; және тұтастай іс-әрекеттің орындалу деңгейін қамтамасыз ететін және адамдардың жалпы психофизиологиялық қорларын сипаттайтын арнайы емес қысым.

Қысымның тіршілік әрекетіне тигізетін ықпалы келесі экспериментпен дәлелденді: бақаның жүйке-бұлшық ет аппараты аяқ бұлшық еті және оны инервациялайтын жүйке мен жүйкесіз аяқ /икроножный/ бұлшық еті алынып, екі препаратқа да қалта фонарінің батарейлері қосылады. Біраз уақыттан кейін жүйке арқылы тітіркенген бұлшық ет жиырылғанын тоқтатады, ал тікелей батареядан тітіркенген бұлшық ет әлі бірнеше күн бойы жиырылады. Бұнан психологтар: бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы қызмет ететінін қорытындылайды. Жалпы ол мүлде шаршамайды. Өткізгіштер – нервтер шаршайды. Дәлірек айтқанда синапстар және жүйке түйнектері, жүйкелердің ыдырайтын тұстары.

Демек, еңбек іс-әрекетін жақсартуда көбінде адамдардың биологиялық ағза және тұлға ретінде қызмет етуін дұрыс ұйымдастыруда жасырынған күйлерді толыққанды реттеудің үлкен қорлары бар.