- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
2. Менеджменттегі стресс.
Адам көңіл-күйінің көріністері — сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана — психика дамуының ең жоғары дәрежедегі сатысы. Кез келген психикалык процесті (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау т. б.) адам санасының жемісі дейміз. Солай болғандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердін, бәрі де сана арқылы реттеліп отырады.
Стрестің физиологиялық негізі — американдық фи-зиолог У. Кеннонның (1871 —1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні — ішкі организм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Қанада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы женіндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік — эмоциялық жағдайын шиеленістіреді.
Аффектінің қазіргі кездегі ең танымал түрі стресс деп аталады. Ол адамның жүйке жүйесіне эмоциялы артық жүктеме түскенде пайда болатын тым қуатты және ұзақ мерзімді психологиялық күй. Стресстер жиілеп ұзаққа созылса, адамның психологиялық күйі мен денсаулығына да кері әсер етеді. Олар жүрек және асқазан-ішек ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады. Ғылыми мәліметтер бойынша, стресстің жағымсыз әсерінен ада өлімі көбеюде.Стресстің сипаттамасында стресс және дистресс деген ұғымдар қолданылады. Ағылшын тілінен аударғанда стресс – қысым, ал дистресс – қайғы. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді, Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, әмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.
Стресстің тууына ықпал ететін оқиға, дерек немесе хабар стрессор деп аталады. Сонымен бірге қайсібір ситуацияның стресстің себебіне айналуы немесе айналмауы сол ситуацияның өзіне ғана емес, тұлғаға, оның тәжірибесіне т.с.с.байланысты.
Адамның эндокринді жүйесінің өзгерістерінде физиологиялық тұрғыда анықталатын эмоциялы қысым стресс факторларының бірі болып табылады. Мәселен, клиникадағы экспериментті зерттеулер бойынша үнемі жүйке қысымында болатын адамдардың жұқпалы ауруларды ауыр кешеді екен. Мұндай жағдайда білігті психологтың көмегі қажет.
Психикалық стресстің негізгі сипаттамалары:
стресс ағзаның күйі ретінде, оның ортамен өзара әрекеттестігін болжайды;
стресс – үйреншікті мотивациялық күйге қарағанда едәуір үлкен қысым тудыратын күй.
стресс құбылыстары қалыпты бейімделу реакциясы жетіспегенде пайда болады.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латыншадан аударғанда — көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін күтпеген келеңсіз жағдайларға кездескенде, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі, яғни фрустрация, қысым, мазасыздық ретінде күйзледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Ол да стресске жақын жақын күй. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады.
Стрес табиғаты бойныша эмоциялы және ақпаратты деп бөлінеді. Егер эмоциялы стресс физиологиялық және эмоциялы жүктемелерге байланысты болса, ақпаратты стресс – ақпараттың әрқилы ағымдарын жеңе алмауымен байланысты.
Стресс адам үшін қалыпты қбылыс болып табылады. Селье стресстен құтылудың амалы өлім ғана деп тұжырымдаған.
Кейбір жағдайларда стресс адамның еңбекқорлығына жағымды ықпал етуі мүмкін. Мәселен, шығармашылық іс әрекеттің кейбір жағдайларында, спортта тұлға іс әрекетпен қосарлана жүретін және: сергектіктен қуанышқа дейінгі ерекше түйсіктерді тудыратын эмоциялы стессті кешіреді.
Стресстің жағымсыз салдары:
жалғыз ғана ұйғарымға көңіл қою. Стресс адамның бірнеше ұйғарымның бірін таңдауын қиындатып, мінез құлқы мен ойлауындағы қатаңдықты көрсетеді;
Қарсыласын қабылдауының, оның мүмкіншіліктерінің қарапайымдалуы. Стресс әлемнің ақ қарасын тануды күйшейтіп, адам орынды жауап беру қабілетінен айырылады;
Шаршау;
Уақыт ағымы шектеліп, болашаққа көңілдің бөлінбеуі. Стресс жағдайындағы зейін көбінде ең қауіпті ситуацияға ғана шоғарланады. Ол ситуацияның шешімі табылғанға дейін болашақ еш қызықтырмайды;
Шешімнің салдарына деген жауапкершілік сезімінің төмендеуі Адамның өз әрекетінің нәтижелерінің нашарлауына қарсыласының әрекеттері немесе сыртқы жағдай себепкер деп есептегені бұрыс шешім үшін өзінің кінасын мойындалуына мүмкіндік береді.
Стресс адамның мінез құлқын, әсіресе сөйлеу қабілет өзгертеді. Сонымен бірге стресс ым ишараның өзгеруіне де әкеледі. Стресс жағдайында адамның денесі қысылып, құрысады.
Г.Селье стресстің процесс ретінде төмендегідей сатыларын көрсетеді:
әсерге тікелей жауап беру (мазасыздық сатысы);
жоғары дәрежеде тиімді бейімделу (резистенттілік сатысы);
бейімделу процесінің бұзылуы (қажу сатысы);
Стресс орындалған іс әрекеттің тиімділігіне үнемі кері ықпал ете бермейді. Әйтпесе жағдайдың күрделенуінде туындайтын қиыншылықтарды жеңу мүмкін емес болар еді.
