Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ­ ерікті сферасы.

1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.

2. Менеджменттегі стресс.

3. Менеджменттегі ерік.

Адам ақиқатты тану процесінде қоршаушы әлемнің объектілері мер құбылыстары әрқилы қарастырады. Кейбіреулерін ұнатады, қуанады, бір нәрседен көңіл­күйі бұзылады, бір нәрседен қорқады.Осылайша эмоциялар ақиқаты субъективті бейнелеудің ерекше түрі ретінде адамды тану процесіне енеді.

Басшы өзінің және қоластындағы адамдардың сәтсіздіктерімен қателерін талдай отырып, міндетті орындауға дәл эмоциялардың ықпал еткенін түсінеді.Кімде­кім қатты қобалжығанынан іскер кездесуді нашар жүргізеді, әлдекім толқуынан көпшіліктің алдында нашар сөйлейді.

Психологтар эмоцияларды адамның жағымдыны тікелей күйзелу түрінде маңызды қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына бағытталған практикалық іс­әрекеттің нәтижелері мен процесін бейнелейтін субъективті психологиялық күйлердің тобы ретінде анықтайды.

Ч.Дарвин эмоцияларды тірі ағзалардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайсібір жағдайлардың маңызын анықтауына ықпал ететін құрал ретінде эволюция процесінде пайда болды деп тұжырымдаған.Сонымен бірге тірі ағзалардағы эмоциялы күйзелістердің ең көне, қарапайым және кеңінен таралған түрі – органикалық қажеттіліктердің қанағаттандырылуынан алынатын рахат және сол қажеттіліктің өсуінен оны жүзеге асыра алмаудағы қанағаттанғыссыздық.

Эмоциялар организмнің сырқы және ішкі ортадағы өзгерістерге ерекше реакциясы болып табылады. Я.Рейковский осының негізінде эмоциялы процестің негізгі үш компонентін көрсетті.

Біріншісі – организмдегі әрекеттендіруші ауытқуларды анықтайтын эмоциялы қозу компоненті.Субъекті үшін маңызды оқиға орын алған барлық жағдайларда адамның психикалық, моторлы және вегетативті процестерінің жүру барысының жылдамдығы мен қарқындылығы өзгереді, эмоциялы қозуы пайда болады

(немесе ұлғайады).

Алайда кейбір жеке жағдайларда ондай оқиғалардың әсерінен қозу керісінше төмендеуі мүмкін.Ол әркімнің сондай оқиғаларға жауап беруінің даралық ерекшеліктеріне байланысты.

Эмоциялардың екінші компоненті эмоциялы оқиғаның субъекті ушін жағымды, жағымсыз мәнінің болуы. Ол эмоциялардың белгісін анықтайды.Оқиға жағымды қабылданса жағымды эмоция пайда болады, ал ол жағымсыз есебінде қабылданса кері эмоция пайда болады.

Эмоциялардың үшінші компоненті субъекті үшін маңызды, әрі эмоциялардың мазмұны немесе сапасы ретінде сипатталуы мүмкін,оқиғаның сапалы ерекшеліктеріне байланысты. Осы компонентке байланысты эмоциялы реакциялар немесе мінез­құлықтың эмоцияладан туған ерекше түрлері айрықша сипатқа ие болады.Іс-әрекет процесінде пайда болған эмоциялы күйлер адамның тіршілік әрекетін арттыруы немесе төмендетуі мүмкін.Біріншісі стеникалық, екіншісі астеникалық деп аталады.

Адамның эмоциялы өмірінің әрқилы көріністерін аффектілер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күй және стресс деп бөледі.

Аффект – неғұрлым қуатты эмоциялы реакция; зор, қарқынды және салыстырмалы түрде эмоциялы қысқа мерзімді күйзеліс. Аффект адамның психикасын толықтай шырмап, тұтастай ситуацияға деген реакциясын анықтайды. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардың сыртка шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қор-қу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы — тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі үшып, абдырайды. Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процес-терінің өте күшті болуымен байланысты- Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртқа шығады. Кісі бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі билеп кетудің, онын, ес-түсін білмеуінің салдары деп санау дүрыс емес. Әрине, адам есінен айрылып, не ауыр жарақаттанып қансыраған кезде мұндай хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Сол себептен аффект дегеніміз — кісіні аз уақыт ішінде болса да ке-неттен булықтыра билеп, бүрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығындағы «Ашу — дүшпан, акыл — дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағылымдык маңызы ерекше.

Аффектіні талдауда кері пропорциядағы стимул мен нәтиже күшінің сәйкестігін ескереді. Мінез құлықтың алғашқы мотивациялы стимулы неғұрлым қуатты болса, оны жүзеге асыру үшін неғұрлым көп күш жұмсалса, оның нәтижесінде алынған қорытынды соғұрлым төмен болады. Аффектілер мінез құлықтың қалыпты түрде ұйымдасуын бұрмалайды. Сонымен бірге аффектілер ұзақ мерзімді есте қуатты және тұрақты із қалдырады.

Аффектілермен салыстырғанда эмоциялар едәуір ұзақ мерзімді күй. Егер де аффектілер әрекеттердің ақырында пайда болып, ситуацияны бағалаудың қорытынды бағасының жиынтығын сипаттаса, эмоциялар әрекеттің басына қарай өзгеріп, нәтижені болжайды.

Кейде эмоциялар сезімдермен сәйкестендіріледі. Алайда эмоциялар сезімдердің жүру барысының формасы болып табылады. Сонымен бірге бір ғана сезімге әртүрлі эмоциялар қызмет етуі мүмкін. Мәселен, адам махаббат сезіміне бөлегенде, сүйіктісін көргенде қуанады, оның жолды кесіп өткенін көргенде қорқыныш сезімін кешіреді, оны кімде кім ренжітсе ашуланады.

Сезімдер. Эмоцияларға қарағанда едәуір тұрақты психикалық күй. Оның нақты заттық сипаты болады. Қайсібір обьектілерге деген тұрақты қатынасты анықтайды. Бағыттылығына байланысты сезімдер: адамгершілік-моральды (адамның басқа адамдарға қатынасын күйзелуі); ақыл ой (танымдық іс әрекетпен байланысты сезімдер); эстетикалық (өнерді, табиғат құбылыстарын қабылдаудағы көркемдік сезімі); практикалық (адамның іс әрекетімен байланысты сезімдер).

Адамгершілік-моральды сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін еезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзі. Мағынасы — адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланыс-ты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен бай-қалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.

Адамгершілік сезімініқ принципі мен жалпы негізі — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-қүлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адам-гершілік сезімдер — борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет түтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге қүрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйлас-тық және әр түрлі үлттар мен үлыстардың, этностардьщ өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.

Адамгершілік сезім адамның еткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына жоне дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әре-кст түрлеріне байланысты болып келеді.

Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығарма-шылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамнын, шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық түжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қо-рытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі — адамнын, кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім — объективтік шындыкты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінін, сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажет-тілігіне лайықты түрде дамиды.

Эстетикалық сезім — мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең үғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамнық жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі.

Қуатты және әлденеге немесе әлдекімге тұрақты жағымды сезім құмарлық деп аталады. Құмарлық – эмоциялардың тек адамда кездесетін күрделі, сапалы түрде ерекше түрі. Құмарлық іс әрекеттің немесе заттың нақты түрінің айналасында шоғарланған эмоциялардың, мотивтер мен езімдердің қоспасы.

Құмарлық адамды мақсаттарға әрекеттендіреді. Ол тұлғаға жағымды ықпал теуі және оны жоюы да мүмкін.

Қалыпты және тұрақтылығы әлсіз сезімдерді көңіл-күй деп атайды. Көңіл күй адамның мінез құлқының реңін келтіретін ең эмоциялы ұзақ мрзімді күй. Психологтар еңбектің өнімділігіне ең көп дәрежеде ықпал ететін жағдайды анықтамақшы болады: басшының біліктілігі, оның уақытты және күшін жұмсауы, қызметкерлердің жұмысқа қатынасы немесе басқа факторлар. Барлығының өзіне тән маңызы анықталды. Алайда еңбектің тиімділігіне барлығынан зор ықпал ететіні еңбек ұжымының жағымды ахуалы. Егер қызметкерлердің көпшілігі достарының сәтсіздіктері мен жетістіктеріне, өнеркәсіптің қызмет етуінің тиімділігі үшін жанашырлық білдірсе, басқалары да олардың қатарына қосылуға тырысады. Кәсіпкер неғұрлым әлсіз бола, оның жетістіктері соғұрлым соғұрлым еңбек ұжымына, ондағы әлеуметтік – психологиялық ахуалға байланысты болады. М.И.Станкиннің жүргізген зерттеулерінің нәтижелері төмендегідей жағдайларды көрсетеді: энтузиазм (құлшыныс), оптимизм, еңбекке үйірсектік тікелей басшыдан емес еңбек ұжымынан алынады. Бұл жағдай басшының қызметін күрделендіреді, бір ғана жұмысшының жағымды эмоциясын ояту қиын емес, ал ұжымның жағымды ахуалын қалыптастырған едәуір күрделірек.

Жақсы басшылар эмоциялы көңіл күйдің күйзелісі басшының тұлғасына байланысты субьективті факторларға: оның кезекті мәжіліске қатынасы, өз өзіне сенімділігі тәуелді екендігін түсінеді, сондықтан олар өз өзіне жоғары талаптар қояды. Қызметтегі жағымды эмоциялар педагогтық оптимизмнің нәтижесі болып табылады.

М.И.Станкин персоналдың сезімдеріне ықпал ететін, жағымды эмоцияларды тудыратын еңбек процесі мен өмірді қызықтыра түсетін тәсілдерді сипаттайды.

  1. Тапсырманы орындауда қиыншылықтарды жеңуге қажет болған жүйке импульстері санының уақыт бірлігіне ұлғаюы;

  2. Орындаушылардың теориялық түсіндірмені талап ететін деректерге кездесуі;

  3. Себебі белгісіз, анықталуы тиіс құбылыстарға кездескенде қызығушылық оянады;

  4. Тапсырманы орындауда оның бөлшекте бағалануы;

  5. Маңызды тапсырмаларды орындау үшін теориялық білімдердің қолданылуы;

  6. Күрделі тапсырманы орындауда жетістіктен кеін қалыптасатын, «ақыл ой тәбетінің» қозуы.

Нұсқалған тсілдер еңбектің өнімділігін және сапасын арттырады, персоналдың өз еңбегіне қанағаттануын ұлғайтады.