- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
Қиял адамның ақиқатта тұтастай қабылданғанбаған елестерін және ой жағдайларын құрастырудан тұратын психикалық іс-әрекеті. Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял - адамға меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл - адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.
И.М.Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді.
Осы уақытқа шейін ғалымдар қиялдың механизмін жете зерттемеген. Бұл қасиет тек адамға ғана тән және организмнің іс-әрекетімен байланысты. Қиялдың негізінде адам өз іс-әрекетін саналы жоспарлап, басшылыққа алады.
Қиял ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Қиялдың ерікті түрі қайта жасау(заттың сипаттамасы арқылы оның бейнесін жасау), шығармашылық (ойға сәйкес мәліметтердің іріктелінуін талап ететін жаңа бейнелерді қалыптастыру) арман деп үшке бөлінеді. Арман қалаулы болашақты сезінумен байланысты. Егер де арман нақтыланған болса, оның мерзімі және жүзеге асу құралдары анықталған болса, ол мақсатқа айналады.
Шығармашылық қиял процесі бірнеше сатылардан тұрады:
шығармашылық идеяның пайда болуы;
ойды;
ойды жүзеге асыру.
Адамдардың санасы жұмыссыз көп болмайтындықтан олар көп армандайды. Адамның миына жаңа ақпарат түспесе де, ол ешқандай қиындықтарды шешпегеннің өзінде де қызмет етуін тоқтатпайды. Дәл осы кезде қиял жұмысына кіріседі. Адамның өз қалауымен ойларының ағымын тоқтата алмайтыны анықталған.
Адам өміріндегі қиял бірқатар ерекше қызметтерді орындайды. Оның біріншісі ақиқатты бейнелермен сипаттауда және міндеттерді шешуде оларды қолдану мүмкіншілігіне ие болуда. Қиялдың бұл қызметі ойлаумен байланысты және органикалық тұрғыда оған енеді. Қиялдың екінші қызметі, эмоциялы күйлерді реттеуде. Адам қиялының негізінде көптеген қажеттіліктерінің аздаған бөлігін болса да қанағаттандыра алады. Қысымды бәсеңдете алады. Қиялдың үшінші қызметі оның адамның танымдық процестері мен күйлерінің атап айтқанда қабылдауының, зейінінің, есінің, сөйлеу тілінің эмоцияларының ырықты реттелуіне қатысуында.
Адам шебер құрастырылған бейнелердің көмегімен зейінін тиіс оқиғаларға аудара алады. Бейнелер арқылы ол қабылдауын, естеліктерін, ойларын басқару мүмкіндігіне ие болады. Қиялдың қызметі әрекеттердің ішкі жоспарын оларды ойша орындау қабілетін қалыптастыруда. Қиялдың бесінші қызметі бұл – іс-әрекетті жоспарлау, бағдарламаларды құрастыру.
6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
Зейін - көптеген психлогтардың ойынша дербес қарастыруға негізі жоқ процес. Көптеген ғалымдар ерекшет тәуелсіз зейін деген процестің жоқ екенін, оның тек адамның іс әрекетінің немесе басқа бір психикалық процесінің бір қыры ретінде анықтайтынын айтады. Басқаларының ойынша зейін өзіндік ерекшеліктері бар, айрықша ішкі процес, адамның едәуір тәуелсіз психикалық күйі. Л.Я.Гальперин зейін өнімі бақылау болып табылатын психикалық процес деп есептеген.
Дегенмен, ғалымдардың көпшілігі зейінді психофизиологиялық процес, танымдық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын күй деп санайды. Бұл сезім ағзалары арқылы жететін ақпараттардың бірін санасыз түрде іріктеп, басқасын елемеу процесі.
Адамның зейінінің бес қасиеті бар:
Тұрақтылығы – ұзақ уақыт бойы зейін күйін қайсыбір объектіде сақтау қабілеті.
Шоғырлануы – зейінді басқа объектілерді елемей біріне ғана бағдарлау қабілеті.
Ауысуы – зейіннің бір объектіден келесісіне, іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне алмасуы.
Бөлінуі – іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналыса отырып, зейінді маңызды кеңістікке шоғырландыру қабілеті.
Көлемі – адамның зейінінің аумағында сақтай алатын ақпараттың көлемі.
Зейінні төменгі және жоғарғы формалары бар. Біріншісі, ырықсыз зейін мен екіншісі ырықты зейінмен анықталады. Психолог Н.Ф.Добрынин зейіннің үйреншікті түрін анықтайды.
Зейінді шоғырландырудың негізгі принциптері:
1) зейінді маңыздылығына қарай дамыту. Зейінді зерттелінген затқа бағыттап, оның жаңа қырларынан, белгілерін, бітістерін, қасиеттерін, байланыстарын анықтап көру қажет. Зейіннің басқа заттарға ауыспай тек зерттелінген затқа ғана бағытталғанын қадағалау қажет.
2) маңызы жоқ ақпараттың бекітілуіне, нығаюына жол бермеу керек. Қабылданған, алайда зерттелінген затты тануда маңызы жоқ ақпаратты бекітуге болмайды, яғни ол ақпарат есте сақталынбауы тиіс.
3) маңызсыз ақпаратты елемеу керек. Алынған маңызсыз ақпаратты, жаңа ақпаратты қабылдау арқылы ығыстырып отыру қажет. Бекітілген ақпаратты ығыстыру үшін жеті немесе одан көп жаңа ақпараттың қабылданғаны жеткілікті.
Зейін қабылдаумен тығыз байланысты. Сондықтан ақпаратты есте сақтаудың негізгі принциптерін білген жөн:
1) ақпараттың есте сақталынуын «мен мұны есімде сақтай аламын» деген көзқарастан бастау қажет.
2) танымдық байланыстарды дұрыс таңдай білген жөн. Танымдық байланыстардың есте сақталынуы тиіс ақпараттың ерекшелігіне сәйкес келетін түрін таңдау керек. Ақпараттың мәні мен мағынасы мағыналы байланыстар арқылы оның ассоциациялары ассоциотивті байланыстары арқылы, құрылымы құрылымды байланыстар арқылы есте сақталынуы қажет.
3) Ақпараттың ұзақ мерзімде есте сақталынуы үшін әр қилы танымдық байланыстарды жасау қажет. Ақпараттың қысқа мерзімге және тез есте сақталынуы үшін құрылымды немесе ассоциотивті байланыстардың негізінде жүзеге асуы тиіс. Ал ақпараттың ұзақ мерзімде есте сақталуы үшін мағыналы байланыстарды қолдану қажет.
4) Сәйкес танымдық байланыстарды қолданған жөн, яғни есте сақталынатын ақпарат пен сол ақпаратпен байланысты білімдердің қатынасын жасау.
Менеджер зейіні тәрбиелік мәні бар зор қуат. Егерде бағынушы басшының оны зейін аудара бақылағанын байқаса, яғни бастық оның көңіл-күйін, денсаулығын сезінсе, шаршағанын ескерсе, ол едәуір жақсы қызмет етуге тырысады.Зейін іс әрекетте анықталады. Кез – келген іс - әрекеттің жүзеге ауысуы азды – көпті ерік күшін талап ереді. Демек, М.И. Станкин ерікті тәрбие міндетті түрде зейіннің тәрбиесіне әкеледі. Алайда ерік күшінің көлемімен ұзақтылығын үнемі ұлғайтып отыруы қажет. Мәселен, қызыметкерге тапсырманы бермес бұрын жұмыстың жүзеге асыру жоспарын талап ету қажет. Кейін алынған нәтижелердің дербес түрде тексерілуін, орындалған жұмыстың егжей-тегжейлі есебін құрастыруды талап еткен орынды.
Кез келген аса ауыр жұмыстың орындалуында зейін бөлінбеу қажет. Қызмет орнын барлығының ыңғайлы жерде орналастырылуын қадағалап ұйымдастыру қажет.
Осылайша, адамдардың таным процестерінің даралық ерекшеліктері, олардың кәсіби іс-әрекетінің сәтті орындалуына әр қилы ықпал етеді, алайда әрбір нақты жағдайдың өзінде заңдылықтардың элементтерін байқап, ақпаратты қабылдау мен өңдеу процесін басшылыққа алуға болады.
