Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

5.Ойлаудың сатылары:

  1. проблемды жағдайды сезіну;

  2. міндеттің талдамасына, ойластырылуына және шешілуіне бағытталғай ой ізденісі;

  3. шешімнің табылуына ықпал ететін болжамдардың, жорамалдардың, идеялардың туындауы;

  4. жалпы шешімнің нақтылануы және бөлшектене қарастырылуы, оның мінез-құлықта және іс-әрекетте жүзеге асуы.

Басшы ойлауының ерекшелігі оның практикалық бағыттылығында.

Практикалық ойлау басқару тәжірибесімен байланысты. Ол іс-әрекетпен байланысты. Ол тікелей және ажырамайтын байланыс. Ал ойлау процесі басқарудың практикалық міндеттерін шешу үшін жүзеге асады. Ол басшының басқа қызметтерді орындауымен қатар нақты сипатта орындалады.

Басшының практикалық ойлауының психологиялық ерекшеліктері:

1) Басшы шешуі тиіс проблеманы өзі құрап, анықтап, оны ағымдағы істер мен жағдайларда айыра білуі тиіс;

2) Оның проблемаларының жалғыз дұрыс шешімі болмайды. Басқару іс-әрекетіндегі міндеттерді шешудің өлшемі «дұрыс-бұрыс» тұрғысы емес «азды-көпті қолайлы» деген тұрғы.

3) Басшы шешіліп жатқан және шешілген мәселелерге ерекше жауапты. Іс - әрекеттің басқа мүшелеріне қарағанда оның міндеттің ақырғы нәтижесі үшін жауапкершілігі едәуір жоғары болады.

4) Басшының ойлау процесінің жалпы бағдары «жекеден жалпыға», «жалпыдан жекеге» емес қарай жүруі тиіс.

5) Теориялық ойлауға қарағанда туындаған қиындықтарға деген қатынастардың басқа жүйесі. Бұл бағдар алғашынан өңдеуші әрекетшіл келеді. Ол алынған шешімнің жағдайдың қажет бағытта өзгеруіне байланысты әркеттерді ұйымдастыру құралы ретінде жүзеге асуын талап етеді.

6) Ойлау едәуір жалпы негізгі маңызды бітістердің айналасында шоғырланып, кейіннен «маңызды» және «маңызы жоқ» бітістердің арасындағы айырмашылықтың мәні жоғалады. Басқару тәжірибесінде бөлшектердің, жеке жағдайлардың маңыздылығы жақсы белгілі. Олар міндетті шешудің жолдарын болжауы мүмкін. Ал тәжірибедегі қайсыбір «ұсақ-түйектің» көзге ілінбеуінің себебінен күрделі жағдайлар туындауы мүмкін.

Басқару іс әрекетіндегі басшының ойлауының тұрақсыздыққа деген тұрақтылығының жоғары деңгейі байқалады. Ойлау субъектісі – басшы өзінен ұйымдастыру күрделі және даралық ерекшеліктері бойынша басым келетін өзі сияқты субъектілерді, ойлаудың объектісі деп таниды, ол сол ерекшеліктерді, қызметкерлердің дербес ойын, саналарының толымсыз (біршама) бағыныңқылығын; манипуляциялауға қарсыласу мүмкіндіктерін есепке алуы қажет.

Сондықтан мұндай «әлеуметтік объектілердің» ойлауы күрделілігімен белгілермен, өлшемдермен (жеке сапаларымен), тұйықтығымен сипатталады. Оның барлығы басшының қабылдауы мен ойлануын қиындатады.

Сондықтан басшының ақпаратты қайта өңдеуі, жағдайдағы көріністен кеңірек көруі, іс-әрекет жағдайларының тұрақсыздығын компенсациялауы ойлауының ең маңызды сапасы болып табылады.

Ақпараттың жоғары дәрежедегі күрделілігі, оның таусылуы ойлау тұрақсыздығының себебі болып табылады. Тұрақсыздықтың семантикалық және прагматикалық деген екі түрі болады. Тұрақсыздықтың бірінші түрі қайсыбір мәліметтердің, хабарлардың, тұтастай ақпараттың түсініксіздігімен, басқару ақпаратының күрделілігінен туындайды. Бұл жағдайда ақпараттың шынайы мағынасын көре білген қажет. Тұрақсыздықтың екінші түрі ақпараттың тым көп болуынан жағдайды реттеудің құралдары мен жолдарының тұрақсыздығымен міндеттеледі.

Басшының шешімдері менеджменттегі басқару іс-әрекетінің қалған субъектілері үшін нақты, әрі түсінікті болуы тиіс. Теориялық ойлау барысында қиындықтарды жалпы маңызды шешімі қалыптасады. Олардың сипаты неғұрлым жалпылама келсе, соғұрлым олардың маңыздылығы артады. Басшының практикалық ойлауының нәтижесі ретінде белгілі бір мақсаттағы әрекеттерді орындаудың негізі болар шешім қабылдануы тиіс. Сондықтан практикалау үшін шешім іс-әрекетті ұйымдастыру құралы болып табылады. Шешім неғұрлым нақты болса, оны бұрмалау әрекеттері соғұрлым төмен болып, оның орындалуын нақты бақылаудың мүмкіндітері көп болады.

Көрегендік басшының негізгі қасиеті болуы тиіс. Басшы ақылды болуы тиіс деген әдеттегі көзқарасқа қарамастан, оның интеллектілі көрсеткіштері мен басқару іс-әрекетінің сәттілігі арасында маңызды байланыстар анықталған жоқ.