Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.

Түйсіктер, қабылдаулар мен елестер адамның түрлі анализаторларына бетпе-бет әсер еткен заттар мен құбылыстардың өзін, я жеке сипаттарын бейнелейтінін анықтадық. Бұл психикалық процестер біздің дүние тануымыздың сезімдік негізі болады. Бірақ адам баласы өзінің айналадағы шындықты бейнелеу әрекетінде танымның бұл сатысымен қанағат етіп отырмайды, оның таным өрісі де, өресі де бұл алғашқы сатыдан әлдеқайда кең және биік.

Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау - адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. Рас, адамға биология сатысында жақынырақ тұрған омыртқалы жануарларда да ойлаудың элементтері кездеседі. Мәселен, маймылдар өздерінің күнделікті өмірінде шешу тілейтін мәселе туса, белгілі түрде әрекет жасап оны шешуге тырысады, кейде шешеді де. Бірақ хайуандардың ойлауы - кездейсоқ ситуация да ғана оянатын ойлау. Мұндай әлдеқайда жағдайда ғана туатын ситуациялық ойлау олардың шындықты бейнелеу сатысын жоғары көтеру процесі емес. Негізінде, жануарлардың дүниені сәулелендіруі танымның қарапайым сатысы, яғни сезімдік таным дәрежесінде ғана өтіп жататын саты. Бұл процесс түйсік, қабылдау, елестер арқылы іске асады. Ал адамның дүние танымы, жануарлармен салыстырғанда, үздік ілгері кеткен, жоғары процесс.

Таным дегеніміз - көп жақты өзіндік айырмалшылығы бар бірнеше сатыларды қамтитын процесс.

Ойлау – ақиқаттың маңызды заңды байланыстарының жанамаланған және жалпыланған түрде бейнеленуі.

Ойлау басқаруда маңызды рөл ойнайтын едәуір күрделі танымдық психикалық процесс б.т. Ол сөйлеу және белгілер жүйесі арқылы сезімдік пен қисынды танымның элементтерін жинақтайды.

Ойлауды оның қаситеттері, операциялары, формалары, түрлері, сатылары сипаттайды.

1.Ойлаудың қасиеттері: қисындылығы, жалпылылығы, жанамаланғандығы, проблемалылығы;

2.Ойлау операциялары: анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, абстракциялау, салыстыру және т.б.

3.Ой түрлері: ұғым, пікір, ой қортындысы (дедуктивті және индуктивті).

Ұғым – ойдың шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейнелейтін формасы.

Ойлау процесінде кездесетін ұғымның екі түрі болады: біріншісі – заттық немесе нақтылы ұғым; екіншісі – абстракт-дерексіз ұғым. Нақтылы ұғым-нақтылы формасы, бейнесі бар объектіге қатынасы бар ұғым. Мәселен, адам, бор, стол, танк, ракета, бидай т.б. Бұларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Абстракт-дерексіз ұғым деп жаңағыдай тұтас заттарға емес, олардың жеке сипаттарына, сапаларына, қалыптарына, заттар мен құбылыстардың өз ара байланыстары мен қатынастарына арналған ұғымдарды айтамыз. Мәселен, шексіздік, теңсіздік, қозғалыс, баға, тұрмыс, ақтық, биіктік т.б. Психологиялық құбылысы жағынан алып қарағанда, ұғым -жалпылаған ойлау образы. Ұғымның ішіне кірген объектілердің санына қарай оның аумағын, көлемін анықтауға болады. Көлемі жағынан ұғым дара және жалпы болып екіге бөлінеді.

Ұғымдардың мазмүны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашылып көрсетіледі. Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінәра, дара болып бөлінеді. Пікірлер екі түрлі жолмен құралады: тікелей және жанама.

Ой қорытындалары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын шығарамыз. Ой қорытындыларының мынандай үш түрін ажыратамыз: дедукция, индукция, традукция. Дедукция – ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбейді.

Индукция - ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі.

Традукция – оған аналогия арқылы жасалалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке - дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі – силлогизм.

4.Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекетшіл; көрнекі-бейнелі; логикалық.

Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның орамдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет – дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі.