- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша нерв байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырада, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысып кездестіргенде, бұрынғы болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды. Өз қасында жоқ кісінің образы еске түседі.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады: бұрын оқыған кітабымызды көрсек болды, оны танимыз. Оқыған кітабыңды көргенде оның мазмұны, образдары немесе конфликтісі еске келеді. Қабылдаған нәрсенің есте қалғаны -естің материялы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны-естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны-сөзбен айтылған материал. Адамның өзінің, басқа кісінің ойы, бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану-естің процестері.
Естің адам тіршілігінде, іс-әрекетінде алатын орны үлкен. Адам естің арқасында еп пен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, ақыл өрісін кеңітеді. Ой еңбегі де, дене еңбегі де білімге, еп дағдыға сүйеніп, естің көмегімен іске асады. Есте қалдырып отырған нәрсенің аты сөзбен аталғанда, уақытша нервтік байланыс тек нәрсенің образдарының арасында ғана жасалып қоймайды, сөздердің арасында да жасалады. Адамның барлық психика құбылыстары сияқты, ес те өмір тәжірибесінде еңбек әрекетінің жағдайында қалыптасқан адамның жеке басының өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Кісінің нені есте қалдырып, нені қайта жаңғыртатыны өзіне керекті өмір жағдайымен байланысты. Есте қанша ұстайтыны, қандай жеңілдікпен еске түсіріп, қалай танитыны адамның мақсат-мүддесін, игі-қызығына, бейімділігіне, әдетіне, нені қажетті, нені бағалы деп қадірлейтініне байланысты.
Ес әрекеті есте қалдырудан басталады. Адамның тіршілігінде қабылдағаны, ойлағаны, басынан кешіргені есінде қалады. Қабылдау процесінде тітіркендірген нәрсенің ми қабығында ізі қалады да, нәрсе мен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің өз құрамындағы бөлшек, элементтерінің арасында байланыстар жасалады. Адам тітіркендіргіштердің әсерін ырықты не ырықсыз түрде, механикалық және мағыналы түрде есінде сақтайды. Есте қалдырудың әдістері бар: алға мақсат қоймай, сәтті ететін тәсіл қолданбай есте қалдырсақ, ырықсыз есте қалдыру болады. Адамның өмір тәжірибесінде кездесетін нәрселер, құбылыстар, күнделікті уақиғалар, басқа кісілердің қылығы, олармен сөйлескен сөздің мазмұны, көрген кинофильмнің, театрда ойнаған пьесаның, үйренейін де мақсат етпей оқыған кітаптың мазмұны сияқтылар ырықсыз түрде есте қалады.
Алға мақсат қойып, арнаулы тәсілдер қолданып есте қалдырып, ырықты есте қалдыру болады. Ырықты есте қалдыру - ұғып алу мақсатына бағынатын ақыл әрекеті.
Мимикалық процестер басқарудағы (менеджменттегі) кәсіби маңызды ақпараттың есте сақталуын, өңделуін және қолданылуын қамтамасыз етеді. Олар естің ортақ ұғымымен біріктірілген.
Ес – психиканың қызмет етуінің біртұтас жүйесі, есте адам тәжірибесі бекиді, сақталынады, ұмытылады және қайта жаңғыртылады. Ес енжар психикалық қызмет емес сол тәжірибені меңгерудің, сұрыптаудың, адамның өмірінің басынан бастап түскен ақпарат ағымдарының мониторингі мен әрекеттелуінің белсенді процесі.
Көру, есту, қозғалыс, логикалық бейнелі эмоциялы түрлері бар.
Басшы естің жалпы жоғары деңгейдегі дамуына ғана ие болып қоймай, сонымен бірге естің басқару (менеджмент) іс-әрекетінің ұсынатын ерекше талаптарына сәйкес келетін қажет құрылымын меңгеруі тиіс.
Менеджмент (басқару) іс әрекетінің тиімділігін естің төмендегідей айрықша ерекшеліктері ажыратылады:
а) Әлеуметтік перцепциядағы бейнелі ес, яғни адамдарды ерекшеліктері мен айырмашылықтарына қатысты, заттар емес субъектілер жайлы ақпаратқа қатысты ес.
ә) Белгілердің ақпараттарына және қатынастардың қисынына қатысты ес көлемінің үлкен болуы.
б) ақпарат іздерін «тиіс уақытта» және тиіс жерде жаңғыртуға мүмкіндік беретін қатаң уақыт режимінде естің қызмет ету тиімділігі.
в) есте түрлі жедел бірліктермен және ситуациялармен әрекет етудің жоғары реттегі динамикалылығы.
г) естің қысыңқы іс-әрекетте қызмет етуінің сенімділігі, оның кедергілерге төзімді болуы.
Менеджмент (басқару) іс-әрекетіндегі есте таптаурындау мен инерцияның белгілі белгілі өлшемімен сипатталады:
1) Әдеттегі қарама-қайшылық феномені.
Бұрында жағымды нәтиже берген, сол себептен эмоциялы жағымды түрде басқару ситуациясынан шығудың кез келген әдісі, негізсіз түрде әрекеттердің басқа амалдарын қажет ететін жағдайларға да көшіріле бастайды. Бұл іс-әрекеттің таптаурынына дамуы басшы мінез-құлқының қарапайымдалуына әкеледі.
2) «Сүйікті себептер» феномені.
Алдыңғы ұқсас келетін феномен. Ол басшылық қоластындағыларының мінез-құлықтарының себептерін түсіндіру әрекеттерінде орын алады. Басшылардың көпшілігі үшін ондай себептердің тізімі әсіресе қоластындағылардың жағымсыз мінез-құлқына қатысты біршама шектеулі болады.
3) «Шектер және орталар» феномені.
Баяндаманың басындағы және соңындағы мәлімет жақсы есте сақталынады, оның орта тұсы есте нашар сақталынады. Ол түсіп қалатындай әсер туады. Басшылар мақсатты түрде бұл феноменді қолданып отырады. Олар кеңесті қызметтердің жоғары назарын талап ететін ең маңызды және өзекті ақпаратты хабарлаудан бастайды.
4) Фишхоф эффектісі. Адамдар субъективті түрде ретроспективті (өткен шақтағы) ақпаратты, өзекті (қазіргі таңдағы) ақпаратқа қарағанда неғұрлым сенімді және шындыққа сай деп есептейді. Бұл адамдардың өткен шақты нақ осы шақтың терминдерінде талқылау ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан Фишхоф эффектісі өткен шаққа қатысты екі түрлі қызмет атқарады. Ол жеке тәжірибенің субъективті маңызын ұлғайтудың психологиялық механизмі болып табылады. Ол өткен шақтағының осы шақтың талаптарына орай қайта құрылуын, тәжірибенің тұрақты түрде өзгеріп отыруын, сол себептен оның дамуында қамтамасыз етеді.
