- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылау дейді.
Тұтас, мағыналы түрде, затты бейнелеп қабылдау бірнеше түйсіну анализаторлары арқылы іске асады. Түйсінумен салыстырғанда, қабылдаудың айырмашылығы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды тұтастай сәулелендіруінде.
Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттері жекелеп бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осының өзінен қабылдау мен түйсіктің органикалық бірлікте екендігі көрінеді, себебі заттың сипаттары оның өзінен бөлек кездесуі мүмкін емес, заттың өзін оның сипаттарынан бөліп қарауға болмайды. Түйсіктер – қабылдаудың бір бөлігі, қабылдау - түйсіктердің жиынтығы. Бірақ бұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында (оған бірнеше түйсіктердің кіруінде) емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз. Адам дыбыстың биіктігін, күшін, тембрін түйсініп отырумен қатар, басқа біреудің дауысын, судың сарқырауын, балалардың айқай-шуын, трамвайдың салдарын айырып ұғына алады.
Сауатты адам, транскрипциясында әжептәуір айырмашылық болмағанымен, өзіне меншікті тұтастық ерекшеліктері сақталса болғаны, алфавиттің көрінген әріпін тани алады. Мысалы, А әріпінің танылатын ерекшелігі – ортасынан көлденең сызықпен қосылатын бір-біріне басы түйісіп тұрған екі сызық.
Бұл тоғыз түрлі жазылған әріптің бірінен-бірінің айырмашылығы әжептәуір, сөйте тұрса да оның А әріпі екенін біз қиналмай-ақ тани кетеміз, өйткені жеке элементтерінің бір-біріне қатынасы сақталған.
Әдетте адам қабылдаған объектілерін атап отырады, басқаша айтқанда, бұл процеске екінші сигналдық система да қатысады. Қабылдау процесі бейнелеп отырған затты түсінуді, аңғаруды, адамның өткен тәжірибесімен байланыстыруды тілейді. Бұл айтылғандардан қабылдау процесінің, түйсікпен салыстырғанда, анағұрлым күрделі екендігін көруге болады.
Қабылдау қай жағынан алсақ та, ол-адамның тәжірибесімен және қабылдайтын объектісімен бұрын таныс не таныс еместігімен байланысты болатынын аңғарамыз. Ол- адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен, психологиялық қалпымен тығыз байланысады.
Қабылдаудың адамның өткен тәжірибесіне, жалпы психикалық өмір мазмұнына тәуелділігін апперцепция деп атайды.
Апперцепция тұрақты немесе уақытша болып екіге бөлінеді. Апперцепцияның тұрақты түрі адамның дүниеге көзқарасы, профессиялық әрекетіне табандылық көрсетуіне, оның психика құрылымына байланысты; екінші түрі адамның қабылдау кезіндегі көңіл күйіне, психикалық қалпына тәуелді болады. Идеалистік психологияның өкілдері немістің педагог психолгы Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) пен психофизиологиялық пареллелизм теориясын жақтаушы неміс буржуазия психологы Вильгельм Макс Вундт (1832-1920) және казіргі буржуазия психологиясының метафизикалық бағытын ұстаушы гештальт-психология да апперцепцияны адам жанының метафизикалық белсенділігінен басқа ештеңе емес деп түсіндірді. Бұл- ғылыми психологияға мүлдем жанаспайтын пікірлер.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:
а) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды түтас түрінде қабылдаймыз.
ә) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән-жайы сезбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағыңасының қарапайым түрі — тану.
б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады. Қабылдаудың тандамалы болуындағы тағы бір ерекшелік —заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мәнінің болуы. Мүны контур деп атайды. Бұл — заттың кескіні (фигурасы) мен фонын қабылдау аралы-ғындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы, басшы қызметкерлерімен кеңеседі. Жақсы ұсынысты берген қызметкер фигура, ал қалғандары оның фоны болып есептеледі. Қабылдаудың таңдамалылық ерекшелігінде зейін сияқты сананың бір нәрсеге бағытталуы және адамның сол нәрсеге қызығып зер салуы, ынталанып, танып-білу-ге үмтылуы айрықша рөл атқарады-
в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы). Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттар сол күйінде, өз қалпында қабылданады. Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы түрақтылық адамның өмір тәжірибесіне байланысты болып отыра-ды. Әрбір зат сөзбен, өз атауларымен аталып, сана мен ойлау процестері байланысып жатады. Қабылдауда ес процесі де шешуші рөл атқарып, бүрынғы қабылданған нәрселердің бейнесі қайта жаңғырады. Тәжірибе мен кө-ріп білген нәрселер өзара ұштасып, әсерленген бейнелер туындайды.
Менеджменттің субьектісі әрі обьектісі болып табылатын адамдар қабылдауының даралық – стильдік айырмашылықтары басқару іс-әрекетінде белгілі бір орны бар. Ең алдымен төмендегі жағдайларды ескерген жөн:
қабылдау бірін-бірі заңды алмастырып отыратын фазалардан (немесе перцепциялардан) анықтаудан, ажыратудан, танудан тұрады. Бір сөзбен айтқанда қабылдау және оның даралық ерекшеліктері заңды болғандарына қарамастан, әрбір тұлға үшін қайталанбас әрі ерекше болады. Ондай деректі басқару тәжірибесінде ескерген жөн – барлық адамдар ақиқатты өз бетінше көріп, қабылдайды.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері бар, яғни оның заты, құрылымы бар, тұтас, мағыналы, тұрақты, апперцептивті. Бұл қасиеттер фазалылық сияқты әр адамның даралығын, қайталанбастығын анықтайды.
Қабылданушы материалды сезіну деңгейіне байланысты қабылдау ырықты – сезілетін және ырықсыз сезілмейтін болуы мүмкін.
Менеджмент іс-әрекетіндегі қабылдаудың даралық-стильдік айырмашылықтары, онда стильдердің жалпы бағдарында жүзеге асады.
Стильдердің төмендегідей түрлері болады.
анатиликалық – басшылар бүтінен бөлшектерді бөліп қарастыруға бейім келеді.
синтетикалық – қиқаттағы құбылыстарды жалпылай қабылдап, олардың жалпы негізгі мәнн анықтаумен, қарастырумен сипатталады.
аналитикалық-синтетикалық – стильдердің алғашқы екеуінің комбинациясымен сипатталады.
эмоциялы стиль – қабылдау көбінде жағдайды орынды, бара-бар бағалауға кедергі келтіретіндей аса жоғары сезімтал жауап беруімен сипатталады.
Басқару іс-әрекетінде қабылдаудың үшінші аналитикалық-синтетикалық стильдің ең қолайлысы екені сөзсіз.
Қабылдаудың ол түріне адам психикасының маңызды қасиеті бақылампаздық дамуының жоғары деңгейінде тиімді таным мен ақиқаттың саралануы едәуір үйлесімді түрде жүзеге асады.
Танымдық процестер менеджерлік іс-әрекеттің ерекшелігін екі ұстанымның тұрғысында анықтайды, олар: басшының персоналмен когнитивтік өзара әрекеттестігі және әлеуметтік перцепция.
Бірінші ұстаным бойынша басқару іс-әрекетіндегі таным кешенді сипатқа ие. Ол барлық танымдық психикалық процестедің синтетикалық қатысуын талап етеді.
Басқару іс-әрекетіндегі екіншісінің ерекшелігі – нақты өзара жеке дара қабылдау қажеттігінің ашылатыны жайлы айтылында. Ол кең құбылыстардың шеңберін, яғни: адамның адаммен қабылдауны; индивидтің топты қабылдауы; топтың өз өзн қабылдауын қамтиды.
Перцепцияның даралық ерекшеліктерінің басшы іс әрекетіндегі маңызы зор. Ол біріншіден, басқару обьектісін және субьектісін тиммді қабылдауды қамтамасы етеді. Екіншіден, әлеуметтік ақпараттың нақтылылығының басқару іс әрекеті.
Соңғысы басшының қоластындағыларды әлеуметтік қабылдау эффектісінде анықталады.
бағынушы жайлы жалпы әсерді оның іскер және жеке басының сипаттамаларының бағасына көшіру;
басшыны қолдайтын бағынушылардың бағасын көтеру;
басшының ойлары мен пікірлеріне ұқсас көзқарастарды ұстанатын бағынушылардың бағасын көтермелеу;
басшыны қолдамайтын және оның пікіріне қайшы келетін көзқарасты ұстанатын бағынушылардың бағасын төмендету;
басшының тарапынан адамдардан алынған ақпараттарды тежеуі;
Менеджмент аумағындағы маманды қабылдаудың ең жиі кездесетін кателіктері (қабылдаудың ең маңызды заңдылықтарына байланысты негізгі ерекшеліктерінен бастау алады):
«Ореол эффектісі» - тұлғалардың бір-бірін қабылдаудың ең танымал қатесі. Адам жайлы жалпы жағымды көзқарастың және қатынастың, оның белгісіз бітістерінің бағасына көшірілуі. Сол себептен ол бітістер де жағымды есебінде қабылданады. Бұл эффекті жалпы хабардарлық төмендегенде күшееді;
«Алғашқы әсер эффектісі» - адам жайлы алғашқы ақпараттың асыра сілтене бағалануы және қосымша ақпараттың түсуіне қарамастан оның тұрақты түрде сақталынуы. Оны психиканың сезілмеген механизмдерінің әрекеттерінен туындаған «таныстық эффектісі» деп атауға болады;
«Жаңалық эффектісі» - соңғы, яғни едәуір жаңа ақпарат субьектіивті түрде неғұрлым маңызды есебінде қабылданады. Сондықтан менеджмент тәжірибесінде «түйіндеуші эффектілі кезеңге» бағдарланған жөн. Әңгімелесуші серік оны қабылдап, едәуір мәнді ақпарат ретінде жадында сақтайды.
«Таптаурындау эффектісі» - қабылдау процесінің қарапайымдалуы. Ол жағдайда адам қарапаймдалу есебін қате қабылдау мүмкіндігімен өтеуі мүмкін. Таптарындау қабылданған бейненің ертеректе қалыптасқан сол тектес бейнемен жедел салыстырылуын болжайды. Бұл адамдардың технократиялық манипулятивті, бағдарлаушы қабылдау бейесінің үлгісін жасауы;
«Кешірімділік эффектісі». Басшының қоластындағыларды негізсіз жағымды қабылдауы және олардың жағымсыз бітістерінің жете бағаланбауында. Олардың жағымды бітістерінің күшеюі; яғни олардың әлі де түзелетініне үміттену бетбұрысы;
«Физиогномиялық рдукция эффектісі». Адамның сыртқы келбетінің негізінде негізсіз әрі асығыс қорытындының жасалуы.
«Топ ішіндегі сәттілік» феномені. Адамның өз тобының мүшелерін басқа топтардың мүшелеріне қарсы жағымды қабылдау және бағалау.
Осылайша менеджерлік іс әрекеттің перцептивті негізі оның тиімділігі мен әрекетшілдігін маңызды құаушысы болып табылады.
