Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер

1. Менеджменттегі түйсіну процесінің психологиялық

ерекшеліктері.

2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің

ерекшеліктері

3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.

4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.

5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.

6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.

1. Менеджменттегі түйсіну процесінің психологиялық

ерекшеліктері.

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Тегі, дүние танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.

Түйсіктер, біздің сезім мүшелерімізге байланысты, көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, искеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнешеге бөлінеді. Қай жерде орналасуына, тітіркендіргішті қайдан алуына қарай, рецепторларды үш топқа бөлуге болады:

  1. экстерорецептор;

  2. проприорецептор;

  3. интерорцепторлар.

Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері экстерорцептор деп аталады. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді.

Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі.

Адам денесінің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелері интерорцептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ас қорыту, қан айналыс, тыныс алу басқа да ішкі мүшелерімізде нендей процестер болып жатқанын туралы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды.

Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігі үлкен орын алады. Зерттеулерге қарағанда, адам 180 түрлі түсті және олардың арасындағы 10 000-нан астам реңін айыра алады. Бұдан көру түйсігінің диапозонының орасан кеңдігін байқаймыз және көру түйсігі түйсініп отырған заттың сипаттарын бұлжытпастан дәлме-дәл бейнелеуге мүмкіншілік туғызады. Есту түйсігі. Көз секілді, есіту түйсігі де адам өмірінде үлкен роль атқарады. Есіту рецепторына тітіркендіргіш болатын- ауаның толқындары. Ауа толқыны деп оның белгілі ритммен бірде ауаның тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Бұл толқындар дыбыс шығаратын заттан әр тарапқа жайылып, тарай береді. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі болады.

Есту түйсігі дыбыс шығаратын заттың периодикалық тербелуінен де, периодикалық емес тербелуінен де тууы мүмкін. Тұрақты жилікпен периодикалық шайқалудан туатын дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Бұған, мысалы, ән айту, музыкалық аспаптардың, камертонның дыбыстары жатады. Тұрақсыз жилікпен, периодикалықсыз шайқалудан туған дыбыстарды шулы дыбыстар деп атайды, дыбыстың мұндай түріне түрлі сықырлар, сыбдырлар, тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады.

Тері түйсіктері. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Теріде тию мен басу түйсігі (тактильдік түйсіктер); суықтық түйсігі; жылылық түйсігі; ауру түйсігі болады. Терідегі афференттік нерв талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын әр түрлі арнайы аппараттар бар. Тию мен басу түйсігін теріде тудыратын рецепторларды паччини денешігі және мейснер денешігі деп атайды. Тактильдік анализатордың бірінші нейроны омыртқа арасындағы ганглийлерде, екінші нейроны жұлында, үшінші нейроны көру дөңесінде, төртінші нейроны артқы ми орталық қатпарларында орналасқан. Адам заттың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарын сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл-күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл рецепторлары да (кинестетикалық сезімдер) қатынасып отырады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасы арқылы іске асады. Қол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүние тану үшін де күшті роль атқарады. Көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы заттардың формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын ажырата аламыз.

Иіс түйсігі. Иіс түйсігі иіс рецепторлары арқылы іске асады. Ол рецепторлар-мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың ішінде болатын иіскеу клеткалары.

Ғылымда иісті түр-түрге бөлу аяқталған жоқ. Сондықтан иіс аттары иіс тұрған заттың атымен (жусан иісі, сасыр иісі, лимон иісі, алмұрт иісі, бензин иісі т.б.) аталады.

Дәм түйсіктері. Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителиймен арналған сопақ денелерді айтады.

Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері-тіл аймағы. Тілдің әсіресе ұшында, жиегінде, түбінде көп кездеседі, ал тілдің дәл ортасында бүршіктер жоқ.

Кинестетикалық түйсіктер. Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелерінің кеңістікте өз қалпын өзгерткенде туып жататын процестеріне байланысты. Бұл түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық қатпарына жетіп орналасқан.

Кинестетикалық анализатордың периферияда не болып жатқанын туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Мұның да мәні өте зор. Денесінде өтіп жатқан әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, тежеп, мүлдем жойып немесе күшейтіп отыруға мидың шамасы келеді. Егер адам көз жұмғанда, оң қолын сол қолының қалпына келтіре алмаса, мұндай ауруды атаксия деп атайды. Оны эксперемент арқылы да байқауға болады.

Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де үлкен орын алады, өйткені ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес.

И.П.Павловтың айтуынша, сөйлеу органдарының кинестетиклық тітіркенуі екінші сигналдық системаның негізгі компоненті болып есептеледі. Жазудың да негізі - кинестетикалық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса (ішінен болса да), жатқа жаза аламайды.

Органикалық түйсіктер. Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттерімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен осы секілді ішкі органдарда туатын түйсіктер жатады. Микроскоптық зерттеулерге қарағанда, интерорцепторлар ас қорыту органдарында, өкпеде, бауырда, қуықта ғана емес, вегетативтік нерв системасының түйнектерінен де табылған. Ми бағанасындағы гипоталамус бөлімі және органикалық сезімдерді өз ықпалында ұстайтын ми қабығындағы тиісті орталықтар органикалық түйсіктері басқарып отырады.

И.М.Сеченов органикалық түйсіктерді қараңғы түйсіктер деп атаған болатын. Тегі, ішкі органдардың жұмысы қалыпты түрде өтіп жатса, адам оны сезбейді де. Олардың жұмысы нормадан бұрыла бастаса ғана адам оны түйсінеді. Бұл арада біз адамға сезілетін түйсінуді айтып отырмыз. Органикалық түйсіктердің күші белгілі сатыға жетсе ғана, адамның зейінін өзіне аударып, санамызда белсенді күшке айналды. Өзінің ішінде болып жатқан процестерді түйсінгенін сөзбен айтып жеткізу адамның қолынан келеді. Сыртқы дүниенің де, организмдегі ішкі өмірдің де тоқтаусыз анализаторы ми сыңарлары деп болжаған болатын И.П.Павлов. Оның осы пікірінің дұрыс екендігін қазіргі ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр. Бұл идея И.П.Павловтың талантты шәкірті К.М.Быковтың еңбектерінде кеңінен зерттелді.

Органикалық рецепторларға тітіркендіргіш болатындар: қанның химиялық құрылысы, оның қысымы, тамақ құрылысы, оның физикалық құрылымы, еттің коллоидтық қалпы, атмосфералық қысымының өзгеруіне байланысты жалпы организмнің физикалық қалпы т.б.

Вибрациялық түйсіктер. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің барлық жерлерімен түйсіну сезімдерін айтады. Сау адамдарда бұл түйсік жоқтың қасы. Ауаның толқын тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде құлақ арқылы түйсіне алады. Ал адам құлағынан айрылса, вибрациялық түйсіктер адамның өмірінен үлкен орын ала бастайды.

Адаптация, сенсибилизация, синестезия. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемде-леді. Бұл қүбылысты адаптация дейді. «Адаптация» — латын сәзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде кез қарашығы 17 есе үл-гаяды. Бұл — қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті .әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік касиеті мол. Мәселен, 30—40 минуттан кейін қараңғыдағы көру ічзгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация қүбылысына иіеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркеңдіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқын-дығына дене аз уақыт ішінде тез төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады-

Адаптация иіс түйсіқтерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мәселен, камфараның исі 1—2 минуттан кейін сезілмей-тін болса, ал қыша мен наіиатр спиртінің иісіне бейім-делу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жұмысы-ның бүзылғандығын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация — үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние ті-тіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімде-ле алатындығын байқатады.

«Сенсибилизация» — латын сөзі, қазақша мағына-сы — сезгіш. Есер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көр-сеткіші болса, ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек ар-туын ғана көрсететін қүбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отыра-ды. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп түр-ған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге түскен жарық мөлщері оның көру қабіле-тімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түс-терді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Үшқыштардың түнгі үшуға даярлану кезінде көздеріне 20—30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыра-тындығы анықталған.

«Синестезия»—грек сөзі. Қазақша мәнісі қосарлаған түйсік дегенді білдіреді. Тітіркендіргіштер сезім мү-шелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай ж.а-сайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естіген-де, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүм-кін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен — жылы-лықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезіне-ді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синесте-зия дейді.. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кезде-се бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі. Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағаны-на қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да өз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2—3 секунт бойы көз алмай, шамға қарап отырып, содан кейін көзін жүмса, жарық-тың ізін айқын көре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер делінеді. Екі парақ ақ қағазды қолға алып, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің орта-сына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қой-ып, бүдан соң қызыл қағаздан 20—30 секунттай көз ал-май отырьш, көзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, оның бе-тінен көгілдір түсті көруге болады. Бүл — теріс бір ізді бейненің мысалы. Соңғы түс — алғашқы қызыл шаршы-ның теріс бір ізді бейнесі. Бір ізді бейнелер кебіне адам-ға байқала бермейді. Себебі, мүндайда тітіркендіргіш-тің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы — көздің тор қабығының ылғи қоз-ғалып тұруынан. Сондықтан адамның көзі талмайды-Орталық жүйке жүйесінің жоғарғы беліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиоло-гиялық негізі болып саналады.

Ағылшын неврологы Х.Хед түйсіктердің генетикалық тұрғыда топтастырылуын ұсынады. Ол сезімталдықтың екі түрін көрсетеді:

1) протопатиялық (неғұрлым қарапайым аффективті) – оған органикалық сезімдер (аштық, шөп) жатады;

2) эпикритикалық (неғұрлым нәзік, дифференциалданған, объективтелген және рационалды) – оған адамның негізгі сезім органдарын жатқызады.

Эпикритикалық генетикалық тұрғыда сезімталдықтың едәуір жаңа түрі. Ол протопатиялық сезімталдықты бақылауға алады.

Түйсіну психикалық құбылыстардың ең қарапайымдысы. Ол адамның мінез-құлқына әсер етіп, сезілетін немесе сезілмейтін құбылыс. Түйсіктер объективті әрі субъективті. Бір жағынан түйсіктерге сыртқы қоздырғыш бейнеленеді. Екінші бір жағынан бейнелеудің шынайылығы жеке тұлғаның даралық ерекшеліктеріне, оның жүйке жүйесінің күйіне, әртүрлі модальдылықтардағы түйсіктердің өзара әрекеттеріне байланысты.

Түйсіктерге ие болу қажеттілігі тұлғаның ақыл-ой және эстетикалық дамуының негізі. Олар болмаған жағдайда, яғни сенсорлы депривация жағдайында ұйқының қанбауына, жұмысқа, адамдарға деген қызығушылықтың жоғалуына, ызалылыққа, ашушаңдыққа, енжарлыққа, көңіл-күйдің болмауына, кейінірек ұйқының бұзылуы мен неврозға әкеледі. Жапонияның ірі өнеркәсіптерінде жұмыстан шығудың аур жаза ретінде есептелінетіні кездейсоқ емес. Жазаланған адамды шеттетілген бөлмеге енгізеді. Оның ішіндегі адам бүкіл жұмыс уақытында ештеңе істемей отыруға міндетті. Ғарышкерлер ондай жағдайдың өте ауыр екенін айтады.

Жүйке жүйесінің сезімталдығы жаттығулардың негізінде өзгеруі мүмкін. Ол әсерлер психологиялық немес физиологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық ықпалдар көру анализаторының сезімталдығын арттыру үшін бетті суық сумен жуу.

Сезім ағзаларының бірінің қызметі басқасының қызметін арттыруы немесе нашарлатуы мүмкін. Мәселен айқын жағымсыз иістер көру сезімталдығын нашарлатады. Әлсіз жарықта есту түйсіктері күшейеді. Ал қарқынды жарықта керісінше нашарлайды.

Әуен түйсіктердің барлық түрлерін белсендендіреді. Жапонияның, Францияның, Данияның фирмаларындағы жұмыс күні таңертеңгілік жаттығудан басталады. Жаттығудан кейін жұмысшылар қызметке тезірек кіріседі, ұсақ, нақты қозғалыстарды жеңілірек орындай алады. (мысалы қазіргі заманғы техникамен жұмыс жасайтындар, сағат жасаушылар, тігіншілер).

М.И.Станкин ішімдіктің ағзалардың сезімталдығын бірмашама арттыратынын айтады. (12-15 минут қана). Содан кейін сезімталдық күрт төмендеп алғашқы деңгейінен 60% жоғалтады.

Түйсіктерді дамытуға болады. Мәселен маталарды бояйтын тәжірибелі маман қара түстің 200-ге дейін реңктерін айыра алады. Алайда ол жұмысты алғаш бастағанда әрбір адам сияқты қара түстің 4-5 реңкін ғана ажыратқан.

Түйсіктің «әрекеттен кейінгі» деп аталатын заңдылығы кездеседі. Ол үлкен жылдамдықпен жүрумен байланысты мамандықтарда зор роль ойнайды. Сезім органдарына ұзақ мерзімді ықпал етуде заттардың көріністері ол ықпалды тоқтатқанның өзінде де жоғалмайды. Психиканың бұл заңдылығын ерекшелеудің әсерінен көптеген жол көлік апаттары (авариялар) орын алады, әсіресе тауларда жол айырықтарында.

Даниялық психологтар жол апаттарының 61% қою түсті көліктердің арасында, 32,6% - қою мен ашық түсті көліктердің арасында, 6,1% ашық түсті көліктердің арасында болатынын анықтаған.

Әр адамның сезімталдығы дара келеді. Әрі ол жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Олар жастық шақта ең жоғары деңгейіне жетіп, кейіннен төмендей бастайды.