Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Еңбек мотивациясы.

1. Мотивация адамды іс-әрекетке итермелеуші жүйе ретінде.

2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.

3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.

1. Мотивация адамды іс-әрекетке итермелеуші жүйе ретінде.

Мотивация адамның қайсібір іс әрекетке динамикалық иерархияланған ниеттерінің жиынтығы ретінде сипатталатын күрделі психофизиологиялық күйі.

Мотивациялық кешенді дұрыс құрау үшін Б.В.Харазшвилидің көзқарасын қарастыралық. Ол адам мінез құлқының алғышарты, іс әрекетінің бастауы қажеттілік деп есептеген. Нақты жағдайлаға мұқтаж болған адам пайда болған жетіспеушілікті жоюға тырысады. Туындаған қажеттілік мотивациялық ынтаны қалыптастырады. Осының негізінде мақсатты іс әрекет пайда болады.

Осылайша мотивация – қажеттілікпен шартталған, ағзаның бағдарланған белсендігін тудыратын нақты жүйке құрылымдарының қозуы.

Адамның мотивациялық күйлеріне: бағдарлар, қалаулар, ұмтылыстар және әуестіктер жатады.

2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.

Адамдар мінез құлқын зерттейтін психологтардың көпшілігі олардың мінез құлықтары негіздемелі, мақсатты, ынталандырған деп сенімді. Басқаша айтқанда тұлғаны әрекет етуінің әрдайым себебі бар.

Еңбек мотивация кешенді түрде АҚШ та жиырмасыншы жылдары «Вестерн Электрик» атты қайсібір компанияның эксперименттерінің негізінде зерттелді. Оның нәтижесінде – жұмысшылардың еңбек процесіндегі өзінің маңызын сезінгенді ұнататындығы анықталды.

Осы кезеңде еңбек мотивациясын зерттеуде кеңестік экономистер: А.К.Гастев, Л.Жданов үлкен жұмыс жасайды.

Гастев 1920 жылы Москвада Еңбектің орталық институтын ашады. Өзінің еңбектерінде ол еңбекті ұйымдастыру мен басқару проблемаларын зерттейді.

Л.Жданов өндірісті ғылыми ұйымдастырудың Таганрогтық институтының қызметкері ретінде жұмысшылардың еңбегінің нәтижесінде материалды қызығушылықтарының айқын да тура жүйесін құрастыруға баса назар аударып, басқару әдіснамасын жасайды. Қазіргі таңда мотивациялар теориясы– мазмұнды және процесуалды деп екі топқа бөлінеді. Біріншісіне А.Маслоудың, К.Алдерфердің, Дэвид Мак Клеландтың, Фредерик Герцбергтің зерттеулерін жатқызуға болады. Аталмыш теориялардың негізі адамдарда нақты қалыптасқан және азды-көпті болжанған қажеттіліктерін қанағаттандыру мотиві бар деп тұжырымдауларында.

Тұлғаны мінез құлқы қажеттіліктермен ғана емес, сондай ақ жұмысшылардың мінез құлықтың таңдаған түрінің ықтималды салдарын, сенімдерін және қабылдауларын сипаттайтын поцессуалды теорияларға В.Врумның, Портер-Лоулердің, Дж.Стейси Адамстың теориялары жатады.

3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.

Басшы персоналдың мотивациялық кешенін қалыптастыруда мотивацияның түрлерін, типтерін және деңгейлерін икемділікпен үйлестіре алуы тиіс.

Мотивация ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді.

Ішкі мотивация бұл – қиындықтар мен сәтсіздіктерді жеңуде мойынсынуға жол бермейтін «құрал». Оған:

  • арман;

  • шығармашылыққа ұмтылыс;

  • адамның өзін өзі дәлелдеуі;

  • сенімділік;

  • любопытство

  • жеке дара жетілу;

  • қатынасу қажеттілігі жатады.

Ішкі мотивациямен қатар сыртқы мотивация да онымен тең болуы тиіс. Сыртқы мотивацияға:

  • ақша;

  • мансап;

  • мәртебе;

  • престижные затты;

  • саяхаттау мүмкіндігі жатады.

Персоналдың іс әрекетін ұйымдастыруда мотивация деңгейін де ескеру қажет. Этногенез теориясының негізін қалаушы Лев Гумилев бірнеше мыңдаған жылдар көлеміндегі сексенге жуық этностардың пайда болуы мен ыдырауының себептерін зерттеп барлығына ортақ заңдылықты анықтайды. Гумилев бойынша қайсібір этноста немесе халықта қуатты, теспераментті адамдардың пайда болуы заңды. Ол оларды пассионарлар (латынша passio-құмарлық) құаттылығымен, белсенділігімен тұтастай тарихи қозғалыстарды «іске қосады». Олар «өмір әлемін» «арман әлемінің» үлгісі бойынша өңдейді.

С.Полукеев Гумилевтің пассинарлық туралы түсініктерін талдап, мотивацияның тоғыз деңгейін ұсынады.

Бірінші деңгей – «Қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау». Бұл жоқшылық.

Екінші деңгей – «Қажеттіліктерді реттеу алмаушылық».

Мотивацияның үшінші деңгейі – «Сен тимесең мен тиме» қағидасы бойынша тіршілік ететін, «ортаға бейімделген қарапайым обывательдің өмірі».

Мотивацияның төртінші деңгейі – «Өмірді тәуекелсіз жайландыру ұмтылысы».Гумилев боынша бұл зонада енжар да өзімшіл, тұтыну қажеттілігін басшылыққа алатын адамдар тіршілік етеді.

Мотивацияның бесінші деңгейі – «Бақты тәуекелмен іздеу». Мотивацияның осы деңгейінен аяқ басқан коммерсанттар мен бизнесмендер бастау алады.

Мотивацияның алтыншы деңгейі – «Білім мен шығармашылықтың идеалына ұмтылыс». Көптеген адамдар үшін мамандығы бойынша қызмет ету – призвание және өзін өзі кемелдендіру болып табылады.

Жетінші деңгей – «Жетістіктің идеалына ұмтылыс». Бұл мақсатта жетуде зор қуат жұмсайтын победительдің зонасы.

Сегізінші деңгей – «Жеңу идеалына ұмтылыс». Мотивацияның осы деңгейіне бағдарланатын адамдар қандай жағдайлар болмасын жеңуге тырысады. Олар нағыз бойцы, чемпиондар.

Тоғызыншы деңгей – «Құрбандылық».

Адам мотивацияның бір деңгейінен екіншісіне көшерде оның жауапкершілігі артады. Басшының міндеті – адамның ең жағымды қырларын ашуда. Алайда оны жүзеге асыру үші басшы ең құрығана алтыншы деңгейде болуы тиіс.