- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері. Адам мінезінің қүрылымы әрқилы қасиеттер жиын-тығынан тұрады. Дегенмен-, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мі-не, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртүтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі езара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге белініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.
1. Мінездін, еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен үқыпсыздығы т. б.
Мінездің құрылымында адамның өз-өзіне деген қатынасы маңызды рөл ойнайды. Әр адам өзін белгілі бір үлгіде қабылдайды. Ол қатынас адамның өзінің ұжымдағы, қоғамдағы орнын және оның алдындағы міндетттерін қамтиды. Адамның өз тұлғасының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің маңызын асыра бағалауы, эгоистік мінездегі адамдарға тән. Эгоист өзін, жеке басының қызығушылықтарын ұжымның қызығушылықтарынан жоғары бағалайды, сондықтан оған арқау етуге болмайды. Ондай мінезді адамдар қызметінің барысында қызметтестерімен өзара қатынастарында үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Альтруистік мінездегі адамдар барлығынан да ұжымның мүддесін, басқа адамдарды жоғары бағалайды. Альтруизм мінездің шынайы ұжым тіршілік ете алмайтын бітісі.
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін керсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерек-шеліктері. Ал мінез құрылымыньң қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, үжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Адамнық жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет—мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып белінеді.
3. Мінездің тұрақтылығыньң, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мүндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінін, күшін аңғартады.
Мінез қасиеттерінің арасында жалпы және жеке дара түрлерін ажыратуға болады. Мінездің жалпы қасиеттері мінез құлық көріністерінің кең ауқымына ықпал етеді. Мінездің жалпы бітістерінің бес түрін көрсетуге болады (А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов, У.Норман және т.б.):
өзімшілдік – сенімсіздік;
келісім, достық – қастық;
саналылық – импульсивтілік;
эмоциялы тұрақтылық – мазасыздық;
интеллектілі икемділік – ригидтілік.
Экстраверсия – интроверсия сияқты бітістер мінездің сенімділік –сенімсіздік сияқты жалпы бітістеріне сәйкестендіріледі. Мәселен, көпшілдік пен экстраверттілікті өз-өзіне сенімді адамдар таныта алады, ал өз-өзіне сенімсіздері тұық, интресертті келеді.
Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бүл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сейтіп, ол өзінін, еңбек әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қағанаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне де-ген сенімі артады. Мысалы, сабаққа үқыпты студент ем-тихандарды ойдағыдай тапсырады. Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қа-лыптасады да, оның қайрат-жігерін шыңдайды.
Мінездің жеке, шағын ситуацияларға ықпал ететін локальды, жеке қасиеттерінің ішінде төмендегідей бітістерді атап кетуге болады:
көпшілдік – тұйықтық;
доминанттылық (лидерлілік) – бағынушылық;
оптимизм – жабырқау;
ұяңдық – ұятсыздық;
батылдық – сақтық;
әсершілдік – қатыгездік;
сенімділік – күдікшіл;
арманшылдық – практицизм;
мазасыз ренжігіштік – байсалды тыныштылық;
биязылық – дөрекілік;
дербестілік – конформдылық (топқа тәуелділік);
өзіндік қадағалау – импульсивтілік;
құмарлы әуестік – апатиялы баяулылық;
мейірімділік – агрессивтілік;
әрекетшіл белсенділік – енжарлық;
икемділік – ригидтілік;
қыр көрсеткіш – қарапайым;
атаққұмарлық – талапшылдықсыздық;
бірегейлік – таптаурындылық.
Мінез қатып қалған құрылым емес, ол адамның бүкіл өмір жолында қалыптасады. Адам өз мінезін басқара, өзгерте алады, сондықтан мінез құлықты болжау жайында сөз қозғағанда оның нақты ықтималдылығы жайында ұмытпаған жөн
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар
Мінез акцентуациясының типтері бойынша мінез-құлықтың сипаттамалары;
Темперамент типтері және басшының мінез-құлқы;
Мінездің локальды, жеке қасиеттері.
