Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать
  1. Тұлға құрылымындағы қабілеттер

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адам-ның бір іс-әрекетке үйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Адамнын, қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тә-лім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түрі-не қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

  1. Іс-әрекетті тез өзгерту.

  2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктін, сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Қабілеттер тұлғаның әлеуеті ретінде күрделі құрылымға ие:

  1. Қабілеттердің әлеуметтік қыры қоғамдық қатынастардың сипатында, іс-әрекеттің нақты түрінде, таңдалған мамандықта, өмір мен қызметтің жағдайларында көрініс береді.

  2. Қабілеттердің психологиялық қыры яғни психикалық танымдық, эмоциялы және ерік процестерінің жүру барысы, қасиеттер мен күйлердің көрініс беруі, психикалық құрылымдардың бар-жоғы және т.б.

  3. Қабілеттердің физиологиялық қыры бұл – ағза мен адамның жүйке жүйесінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері, тума ерекшеліктерге жататын нышандар.

Қабілеттер бұл – адамдардың білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі, сондай-ақ іс-әрекеттің әрқилы түрлерін орындаудың жетістігі байланысты жеке дара есеркшеліктері.

Адамдардың барлық қабілеттерін олардың ішкі құрылымына қарай топтастырады. Қабілеттердің бірінші тобы биологиялық негізге ие. Оларға алғашқы танымдық процестердің (түйсік, қабылдау, зейін, ес) жүру барысының ерекшеліктеріне байланысты қарапайым қабілеттер; ойлау, түсінік, қиял сияқты психикалық бейнелеу формаларының ерекшеліктеріне байланысты күрделі қабілеттер, мәселен, сын тұрғысынан ойлау алу, жағдайды тез ьалдау алу және жағымды шешімдерді қабылдау алу және т.с.с. адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты «демонистік» қабілеттер.

Екінші топ әлеуметтік негізге арқау етеді әрі барлық адамдарда байқалатын жалпы қаілеттерге бөлінеді. Бұл іс-әрекеттің адамзатқа ортақ түрлеріне қабілеттілік. Мұнда тұлғаның көптеген ерекшеліктері мен қасиеттерінің жағымды үйлесімі сөз етілуде, арнайы (кәсіби) қабілеттер - іс-әрекеттің нақты түрінде, таңдалған мамандықтажоғары нәтижеге жету мүмкіндігін беретін қабілеттер; жеке дара қабілеттер бұл – адамға негізгі болып табылмайтын іс-әрекет түрінде байқалатын қабілеттері.

Бірінші және екінші топтағы қабілеттерді олардың ерекші түрі шығармашылық қабілеттер байланыстырады. Шығармашылық – бұрын соңды болмаған жаңа нәрсені тудыратын іс-әрекет. Адамның шығармашылық қабілеттері кез келген ғылыми, көркем, өндірістік, қоғамдық, әскери іс-әрекетте көрініс береді.

Қабілеттер адамның іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрмен айналысуына мүмкіндік береді. Іс-әрекеттің қоғамдық маңызына қарай қабілеттерді дамудың үш түріне бөледі:

  1. Дарындылық – адамның іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысуына мүмкіндік беретін екі топтағы қабілеттер ерекшеліктерінің жағымды үйлесімі.

  2. Талант – іс-әрекеттің бірегейлігімен және жаңашылдығымен, жоғары дәрежеде жетілгендігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшелінетін өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы.

  3. Кемеңгерлік (данышпандылық) – адамның қоғамдық маңызды, төңкерісті әтижелерге етуіне мүмкіндік беретін дарындылықтың жоғары дәрежесі.