Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Рационалды басқару теориясы

Жапон зерттеушісі Т.Коно менеджмент саласындағы амеикандық мамандардың экспериментті жұмыстарына сүйене отырып, рационалды басқару тұжырымдамасын ұсынады. Ол өзінің «Жапон өндірістерінің стратегиясы мен құрылымы» атты еңбегінде басқарудың төрті типін көрсетіп, сипаттайды:

  • жаңашыл – аналитикалық;

  • жаңашыл – интуитвті;

  • кертартпа – аналитикалық;

  • кертартпа – интуитивті.

Т.Кононың ойынша басқарудың дәл жаңашыл – аналитикалық типі едәуір тиімді болып табылады, өйткені ол ұшқыр нарықтық бәсеке жағдайында ұйымдастырумен тіршілікті қамтамасыз етуге қабілеті.

Ол менеджерлік мінез-құлықтың төмендегідей элементтерін қатиды:

  • ұйымға (фирмаға) адалық;

  • қуаттылық және жаңашылдық;

  • жаңа ақпаратқа және идеяларға сезімталдық;

  • көп идеялар мен бастамаларды тудыру;

  • тез шешім қабылдау;

  • ұжымдық әрекеттердің жақсы жиынтықталуын қамтамасыз ету, мақсаттар мен ұстанымдарды құрастырудың нақтылығы;

  • басқалардың қөзқарастарын ескеруге дайын болу;

  • сәтсіздіктерге шыдамдылық.

Т.Кононың өзі басқарудың осы типін біріге қатыса басқарудың бір түрі деп есептесе де, көптеген зерттеушілер басқарудың рационалды типінің айтылғанына сенімді. Жоғарыда аталған элементтерді қолданатын менеджерді не демократ не автократ деп есептеуге болмайды. Дұрысы бұл мінез-құлқында технократизмнің элементтері жағдайды кең көрегендікпен қабылдаумен және адмдармне жұмыс жасай алу іскерлігімен үйлесетін адам. Осылайша, Т.КононыОсылайша, Т.Кононың ойынша тиімді басқару бұл – рационалды басқару, ал басқарудың жаңашыл – аналитикалық типі едәуір тиімдірек.

Рационалды басқару мен оның тиімділігінің арасындағы қатаң тәуелділік бар ма? Тәжірибеде көпшілігі жағдайға басшының қызметкерлерді өз жағцына тарта білу іскерлігіне байланысты болады.

Біріге басқару теориясы.

Жалпы біріге басқарудың ортақ теориясы жоқ, Осы тұрғының барлық жақтастары келісетін сипаттамалардың жиынтығы ғана бар, яғни қызметкерлерді басқару міндеттерін қойып, шешуге тартқанда басқару едәуір тиімдіре болады. Біріге басқару менеджменттің бір түрі болып табылады. Оның негізгі бітістері:

  1. басшының қоластындағыларымен жүйелі түрде кеңесуі;

  2. басшы мен оның қоластындағылардың арасындағы қатынастардың ашықтығы;

  3. қоластындағылардың ұйымдастырушы шешімдерді құрастыру мен қабылдауға қатысулары;

  4. қызметкерлердің басшы міндеттерінің бірқатарын бөлісуі;

  5. қатардағы жұмысшылардың ұйымдастырушы іс-шараларды жоспарлауда және жүзеге асыруда қатысулары;

  6. қиындықтарды шешу үлгілерін өз бетінше ойластырып, ұсыну хұқығымен топшаларды қалыптастыру.

Біріге басқарудың сыртқы келбетіндегі көріктігіне қарамастан, оның кез келген жағдайда кез келген басшы қолдана алмайды.

Осы тұжырымдама жақтастарының ойнша оны жүзеге асырудың нақты шарттары бар. Сол шарттар үш фактордың ескерілуін болжайды, олар:

  • басшының сипаттамалары;

  • бағынушылардың сипаттамалары;

  • топтардың алдындағы міндеттердің си паттамалары.

Біріге басқару теориясын жүзеге асыруға қабілетті басшы төмендегі қасиеттерге ие болуы тиіс:

а) өз-өзіне деген сенімділікке;

ә) білімнің жоғары деңгейіне;

б) қызметкерлердің ұсыныстарын бағалай алу қабілетіне;

в) қызметкерлердің креативті қасиеттерінің дамуына бағдарлана алу қабілетіне ие болуы тиіс.

Біріге басқару жеке-даралық ерекшеліктеріне қарай қызметкерлердің нақты типтеріне едәуір тиімді. Бұл стиль:

  1. білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың жоғары деңгейі;

  2. тәуелсіздікке деген айқын қажеттілігі бар;

  3. шығармашылыққа жеке-дара жетілуге деген қуатты құмарлығы;

  4. стратиегиялық мақсаттарға бағдарланған;

  5. қатынастардағы теңдікке деген ұмтылысы бар адамдарға қолайлы; Біріге басқару міндеттердің нақты түріне сәйкес келеді. Ондай міндеттер:

  • көп шешімдерді болжайтын;

  • теориялық талдаманы және жоғарыкәсібилікпен жүзеге асыруды телеп ететін;

  • орташа қысымдағы күшпен жүзеге асырылатын міндеттер.

Сонымен бірге басқарудың шегі тар әрі нақты жағдайларында ғана қолданылады.

Тиімді басқарудың ықтималды үлгісі

Бұл теория төмендегідей алғышарттардан бастау алады.

  1. Басқару стилі әрқашан басшының қол астындағы ұжымның тиімді қызмет етумен байланысты.

  2. Басқару стилі мен оның тиімділігінің арасындағы байланыс оған ықтималды сипатты таңып қоятын көрсеткіштердің (ұжымның және ондағы адамдардың ерекшеліктері және т.б.) тұтастай қатарымен міндеттелген.

Әлеуметтік және басқару психологиясындағы танымал американдық маман Ф.Филлердің құрастырған тиімді басқарудың ықтималды үлгісінің мәні мынада:

  1. Басқарудың тиімділігі (оның стиліне не типіне қарамастан) басшының әрекет еткен жағдайды бақылау дәрежесімен анықталады.

  2. Кез келген жағдай неізгі үш өлшемнің жиынтығы ретінде ұсынылуы мүмкін, олар:

    • Басшының қоластындағылармен қатынастарының жағымдылығының дәрежесі;

    • Басшының топтағы билігінің (ықпалының) көлемі;

    • Топтық міндеттің құрылымы (көзделген мақсаттың нақтылығы, оны шешу жолдары мен тәсілдерін көре білу және т.б.).

  1. Осы өлшемдердің жинақталған сандық бағасы басшының ситуацияны бақылау дәрежесін білдіреді.