Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Басқару стильдерінің теориясы

Ұлы неміс-американдық психолог Левин тұлға теориясын жасаумен айналысып, басқару стильдерінің тұжырымдамасын құрастырып, негіздеген. Ол экспериментті нәтижелердің негізінде басқарудың негізгі үш стилін сипаттайды:

  • авторитарлы (бұйрықшыл);

  • демократиялық (қызметестік);

  • бейтарап (өз бетіне жіберу).

Басшылардың шешім қабылдау тәсілі басқарудың бір стилін екіншісінен ерекшелендіретін белгі болып табылады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың демократиялық (қызметтестік) және авторитарлы (бұйрықшыл) іспеттес екі тәсілі бар. Олардың қайсысы тиімді? Ейбір зерттеушілер демократиялық стильді қолайлы деп тұжырымдайды. Олар көзқарастарының дәлеліне көптеген деректерді келтіреді, яғни демократиялық стильді ұстанғанда: қате шешімді қабылдау тәуекелі азаяды, бірлесе талдаудың барысында жеке-дара қарастырғанда анықталмайтын қарама-қарсы ойлар немесе шешімдердің жаңа түрлері пайда болады. Һһһһһһһһһһһ Сонымен бірге кейінгі зерттеушілер Левин тұжырымдарының анықтығына, қарапайымдылығы мен сенімділігіне қарамастан бірқатар кемшіліктерге ие. Олар:

  1. Басқарудың демократиялық стилінің авторитарлы стиліне қарағанда әрқашан тиімді бола бермейтіні дәлелденген. Курт Левин екі стильдің өнімділіктерінің обьективті көрсеткіштері бірдей екенін анықтаған.

  2. Кейбір жағдайларда авторитарлы стильдің демократиялық стильге қарағанда едәуір тиімді екені анық. Онда жағдайлар төмендегідей жағдаяттарда қалыптасады:

а) бірден шешім қабылдау қажет болғанда;

ә) қызметкерлердің біліктілігі және оларың жалпы мәдениеттерінің деңгейі төмен болғанда;

б) тұлғаның ерекшеліктері қажет етсе (кейбір адамдар психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өздерін авторитарлы басқарғанды қалайды);

  1. Басқарудың екі стилі таза күйінде кездеспейді. Әр басшы жағдайға қарай және адамдардың жеке-дара қасиеттеріне қарай демократ әрі диктатор да болады. Кейде басшылардың шын мәнінде басқарудың қай стилін ұстанатындарын анықтау қиын.

Кей жағдайларда басқару стильдерінің формасы мен мазмұны сәйкес келмей жатады. Негізінен авторитарлы басшы сырттай өзін демократ ретінде көрсетеді (жымияды, сыпайылық танытады, пікір-таласқа қатысқаны үшін адамдарға алғыс айтады. Алайда әңгіме аяқталғанға дейін жалғыз өзі шешім қабылдайды). Сондай-ақ көп нәрсе жағдайға байланысты болады: басшы кейде авторитарлы әрекет етсе, басқасында демократ болуы мүмкін.

Осылайша басқарудың тиімділігі басшы әрекеттерінің стиліне байланысты болмайды. Һһһһһһһһһһһһһһһһһһ

Блейк пен Мутонның басқару теориясы

Американдық зерттеушілер Блейк пен Мутон кез келген басқару іс-әрекетін өндіріске деген назар және адамдарға қамқорлық сияқты екі өлшеммен қарастырады.

Өндіріске бағытталған назар бұл – басшының қабылданған шешімдерінің тиімділігіне, кадрларды іріктеуге адамдарды және өндірістік процесті ұйымдастыруға байланысты мәселелердің қарастырылуы.

Адамдарға қамқорлық – жұмысшылардың мақсатқа жету процесіне жеке-дара қатысуларын қамтамасыз ету, жауапкершіліктің артуын, еңбектің жағымды жағдайлармен тұлғааралық жағымды қатынастарды қалыптастырады, болжайды.

Екі өлшем бойынша жоғарғы көрсеткіштер тиімді басқарудың белгілері болып табылады.

Бұл тұжырымдаманың Левиннің теориясынан туындағаны анық болғанымен онда екі өлшем бойынша жоғары көрсеткіштердің үйлесуі сияқты тиімді басқарудыңжаңа белгісі қолданылады. Алайда бұл теория сол теория түрінде қала бермек. Шынайы басқару іс-әрекетінде адамдарға барынша назар аудара отырып, өндіріске де сондай дәрежеде қатар назар аударған қиын.

Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер басқарудағы тиімділіктің едәуір мүлтіксіз және нақты белгілерін анықтау әрееттерін қамтиды.