- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
Қазіргі заманғы менеджменттің кез келген мектебі адамдарға аса назар аударады. Адам қабілеттерінің қоры, оның интеллектісі, психикасы кез келген компьютерден ғарыш ракетасынан күрделірек. Сол себептен көне заманғы ойшылдар: «Өзіңді өзің таны!» деген қағиданы ұстанған. Басшы үнемі дәл адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр. Қазіргі кездегі психологияда тұлағаны зерттеуге арналған көптеген ықпалдар, теориялар бар. Әр ықпалдың өз теориясы, өз пікірі бар. Ондай теориялардың бірі – психоанализ. Оның негізін Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалаған. Фрейдтің пікірі бойынша тұлға дамуының қайнар көздері - туа бітен биологиялық факторлар (инстинктер), нақтырақ айтқанда жалпы биологиялық энергия – либидо (латынша либидо - құштарлық) болып табылады. Бұл энергия бірінгіден, текті жалғастыруға, жыныстық құштарлыққа және екіншіден, агрессивті құштрлыққа бағытталған. Тұлғаның құрылымында бейсаналылық басымдылық танытады. Фрейд тұлғаның ерік бостандығын меңгермейтінін айтқан болатын, адамның мінез-құлқы жыныстық және агрессивт түрткілер арқылы анықталады. Оларды Фрейд Ол (Оно) деп атады. Тұлғаның ішкі әлемін осы ықпал субьективті түрде қарастырған. Адам өзінің ішкі әлемінің тұтқыны.
Ид (Ол) – тұлғаның бейсаналы талаптардың жиынтығынан тұратын басты құрылымы. Ид қанағаттану ұстанымына сәйкес қызмет етеді.
Эго (Мен) – ақиқат дүние туралы білімімізді білдіретін психикалық танымның және орындаушы қызметтердің жиынтығы. Эго Идке қызмет ету үшін арналған. Ол ақиқаттылық қағидасына сәйкес қызмет етіп, Ид-пен Супер Эго-ның арасындағы өзара әрекеттестікті реттей отырып, олардың арасындағы үздіксіз күрестің алаңы ретінде жүреді.
Супер Эго (Жоғарғы Мен) – адам өмір сүретін ортадағы әлеуметтік нормалар, құндылықтар және адамгершіліктен тұратын құрылым.
Ид, Эго және Супер Эго либидо көлемінің шектеулі болуына байланысты психикалық энергия үшін үнемі күресте болады. Күрделенген шиеленістер басшының әрі бағынышты адамның да іс-әрекеттерін бұрмалауы мүмкін.
2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
Бұл теория классикалық психоанализ теориясына жақындау. Аталмыш бағыттың көптеген өкілдері Зигмунд Фрейдтің шәкірттері болып табылады. Алайда аналитикалық теория классикалық психоанализдың ең жақсы жетілген бір саласы болып саналады.
Оның негізін қалаған көрнекті психолог Карл Густав Юнг. Ол адамның мінез-құлқы тек оның тілектерімен ғана анықталып қоймай, оның өмірімнен қалыптасқан мақсаттардың жүцесімен де анықталады.
Юнг тұлғаның психологиялық типтері жайлы ұғымды, сондай-ақ экстраверттілік және интроверттілік ұғымдарын да енгізген. Юнг адамның тек экстраверсиямен және интраверсиямен бөлінетін сипаттамаларын келтіріп қоймай, қайсібір психикалық процестің басым дамуына орай адамдарды типтерге бөледі. Олар: түйсіктер, эмоциялар, ойлау және интуиция. Соған орай Юнг тұлғаның сегіз түрін көрсетеді. Мысал ретінде тұлға типінің екі түрін көрсетуге болады:
Ойшыл экстраверт – сыртқы әлемді зерттеуге бағытталған құнтты дәлелдерді алуда қызығушылығы көп, логикасы басым адам.
Ойшыл интроверт - өз ойларын түсінгісі келетін, ақылды, парасатты адам. Ол өз өмірінің мәнін іздеп, басқа адамдардан өзін алшақтау ұстайды.
Фрейдтің, Юнгтың және олардың ізбасарларының идеялары менеджмент салаларындағы мамандарға, өмірдің барлық жағдайларына лайық болатын дайын нұсқауларды бере қоймайды. Алайда олар басшының немесе қызметтестердін бір-бірінің тепе-тең келмейтін қисынсыз мінез-құлықтарын түсінуде көмектесуі мүмкін.
Үйрету теориясы
Павловтың, Уотсонның жне Скиннердің еңбектерінде мақұлдау және жазалау жүйесі қарастырылады. Орындаушылардың кейбіреулеріне сай іс-әрекеттің орынды аумағы анықталады, басшы мен оның қол астындағылардың арасындағы кері байланыстардың қажеттігі негізделеді. Теорияның негізінде рефлекс ұғымы, яғни организмнің сыртқы ортаға жауабы жатыр. Павлов адам мінез-құлқының негіздерін тума рефлекстермен шектескен мақсат рефлексі құрайды. Бұндай қуатты рефлекс ойлап тапқыштардың, коллеционерлердің таң қалаларлық табандылықтарын түсіндіреді. Мақсатқа деген табанды ұмтылыс өндірістегі ұжымның басшыларына, сонымен қатар шығармашылық туындыларға да тән. Қиыншылықтар белсенді іс-әрекетке ынталандырып, көздеген мақсатқа жетелейді.
Менеджмент тәжірибесі адамның ұжымға бейімделуі үшін үйрету теориясының әдістерін кеңінен қолданады, өйткені социумдағы адамдардың мінез-құлқынымен- оның нәтижесінің арасында тәуелділік бар.
