- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
Басқару процесінің психологиясы
Басқарудың теориялық және қолданбалы жоспарда жетілдіру мәселесінің шешілуі басшы қызметтерін зерттеуден басталады. Асшының қызметтері – ұйымның қалыпты іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оны бір күйден екіншісіне ауыстыру үшін қайталанып отыратын бертекі міндеттердің жиынтығы.
Басшының арнайы және жалпы қызметтері ерекшелінеді. Арнайы қызметтер жопарлы-экономикалық, қаржылық, кадрлік және технологиялық-өнеркісіптік қызметтерді қамтиды.
Басқару субьектісінің жалпы қызметтерін әдетте басқару циклінің сатыларымен байланыстырады.
Мақсатты болжау (мақсаттардың анықталуы, оларға жету әдістерін іріктеу).
Ұйымдастыру (қызметтерді үлестіру, басқару жүйесін ұйымдастыру, кеңес беру, дара әрекеттерді реттеу); мотивация (ынталандыру, тәртіп, тәрбие. психопатия); бақылау (есеп, іс-әрекеттің орындалуын бақылау, қадағалау, тиімділігін бағалау, реттеу және түзету).
Сонымен бірге басқару циклінің әрбір сатысында қажетті: «аралық» қызметтер де бар; олар: ақпараттық қызмет, шешім қабылдау қызметі, коммуникативті қызмет.
Мақсатты болжау – басқару іс-әрекетінің бастауы мен негізі. Ол өткен шақтағы ситуацияның талдамасын және болашаққа қатысты шынайы мақсаттарды белгілеу (сурет-3).
М
әселе
Мақсат
Жоспар
(міндетер, құралдар, қорлар, әдістер, мүмкіншілітер)
Уақыт |
Өткен шақ |
Нақ осы шақ |
Болашақ |
Сұрақтар |
Неге? |
Не? |
Не үшін? |
Күйлер |
Қажеттілік (алғашқы күй) |
Белсенділік (өзекті күй) |
Ләззат (қалаулы күй) |
Мақсатты болжаудың құрылымы және негізгі өлшемдері
Іс-әрекеттің неғұрлым жалпыланған мақсаты міндетті іс (миссия) деп аталады. Ол адамның, топтың, ұйымның тіршілігін анықтайды. Міндетті іс ресми құрастырылып, ұйымның барлық мүшелеріне хабарлануы тиіс әрі адамдарды ынталандыруы тиіс.
Мақсаттар бұл – ақырғы нәтижелерді немесе міндетті істі жүзеге асыруда орындалуы тиіс күйлер. Мақсаттардың орындалуына белгілі уақыт беріледі (мәселен, бір немесе бес жыл).
Міндеттер бұл мақсатқа жетуде қажет әрекеттер міндеттедің анықталуы мен үлестірілуінде өлшеу құралдары (мәселен, көлем, пайыздар, мерзімдер, пропорциялар) қолданылады. Сонымен бірге, кім, не және қай жерде және қашан еңбек ететіні белгіленеді. Жоспарлаудың мәні осында.
Жоспарлау қойылған мақсатқа сүйенеді және міндеттердің орындалуына қажетті қорлар жайлы мәселені қарстырады.
Кез келген жоспардың:
экономикалық негіздемесі, ақылға қонымдылығы болуы тиіс (ақырғы нәтижеге уақытты, қаржыны және қорлардың аз мөлшерде жұмсай отырып жету);
шынайы мүмкіншіліктері болуы тиіс;
иілгіш болуы қажет (қойылған мақсатқа нұқсан келтірмей жету).
Жоспарлар шұғыл, ағымдағы бір айға, кварталға, жылға есептелген жоспарларда нақтыланады. Басшы мен ұйымның тиңмдңлңгң көбінде оның істерін қалайша жоспарлап, жұмыс уақытын қалайша қолданатынына байланысты.
Ұйымдастыру
Жоспар құрастырылғаннан кейін оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. ұйымдастыру қызметі: жұмысшы адам немесе адамдар тобы; экономикалық қатынастардың, техникалық құралдадың қисынды үйлесетін жүйесінің құрастырылуы сияқты үш компонентті болжайды. Сонымен бірге жоспарды жүзеге асыру процесінде кімнің не нәреге жауап беретінін және оны орындаудың әртүрлі сатыларында кімнің кіммен бірлесетінін анықтап алған жөн.
Мотивация
Мотивация мәселелерімен айналысатын психолог мамандардың көпшілігі оны әрекетке ынталандыратын психикалық құбылыстарға сәйкестендіреді. Олардың барлығы мотивтердің:
адам қажеттіліктерінің жүйесіне сүйенетінін;
белгілі бір ақыт мөлшерінде адамның белсенділігін қалыптастырып, арттыратынын;
оны таңдап, сақсаттарды анықтаға ынталадыратынын айтады.
Мотивация деп тұлғаның мақсатқа бағытталуын, оның құндылығын, бағдарын іс-әрекетін анықтайтын едәуір тұрақты мотивтердің жиынтығын айтады.
Адам өміріндегі қажеттіліктер оның белсенділігін алғашқы болып ынталандыратын құрал. Олар тұлғаның дамуында (әлеуметтенуінде) едәуір жоғары деңгейдегі қажеттіліктерге алмасады.
Мотивация мен ынталандыру адамдардың өнімді қызмет етуін анықтайды. Оның жүзеге асуы үшін мотивацияның негізгі механизмдерін ескеру қажет.
Қажеттілік – адамның бір нәрсеге мұқтаж болуымен байланысты психологиялық күй.
Мотив – адамның әрекетке іштей ынталануы.
Стимул – адамның негізгі қажеттіліктерін қозғап, оны іс-әрекетке ынталандыратын, яғни мотивке айналатын сыртқы жағдай.
Қажеттіліктер:
киімдерді, тамақты, үйді, кітаптарды және т.с.с.иеленуге мүмкіндік беретін кіріс есебінен;
тікелей еңбек үрдісінде қанағаттандырылуы мүмкін.
Ынталандыру жүйесі ақшалай марааттаудан басқа, тікелей материалды қажеттіліктердің қанағаттандырылуын; жетістіктердің бағалануын (моральды стимулдар) және іс-әрекеттің көркемделуін де қамтиды.
Қадағалау (контроль)
Бақылаушы-реттуші қызмет бақылаудың күнделікті өмірдегі тексеру ұғымынан едәуір кеңірек. Бақылау бұл - басқарудың кез келген жүйесінің қызмет етудегі тиімділігін қамтамасыз етудіәң қажетті құралы мен механизмі. Бақылауды ұйымдастырудың келесі қағидаларын ескерген жөн.
Қадағалаудың стратегиялық бағыттылығы ұйым қызмет етуінің негізгі өлшемдері мен мақсаттарына сәйкестікті талап етеді.
Қадалаудың жеделдігі бақыланған іс-әрекеттің мазмұнынан бастау алатын жиілітің қажет өлшемдерімен анықталады.
Бақылау күтпеген жерден жүргізілмеуі тиіс, орындаушылар оның мерзімі жайлы хабардар болуы қажет. Басшы қоластындағыларға сенімді болмаған жағдайда ғана ол ережеге сүенбеуіне болады.
Қадағалаудың нәтижеге бағдарлануы: оның ақрғы мақсаты қателерді анықтап, жазалауда емес, жалпы нәтижеге жетуде. Бақылаудың бұрыс ұйымдастырылған жүйесінің едәуір жағымыз салдары бұл – тек бақылауға бағдарланған мінез-құлық.
Іс-әрекет мазмұнына тепе-теңдігі: бақылаудың бір жүйесі ұйымның бір түріне жағымды ықпал етсе, басқасына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қадағалаудың қарапайымдылығы үнемдеуден басқа психологиялық үстемдікті де қамтамасыз етеді.
Қадағалаудың үнемділігі оны жүзеге асыруға жұмсалған шығынның одан түсетін қосымша нәтижелердің тиімділігіне қатынасы ретінде анықталады.
Қадағалаудың обьектівтілігі, яғни бақылау обьективті көрсеткіштерге сүйенуі тиіс.
