Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы

Басқару ғылымы дербес ғылым саласы ретінде ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары ғана қалыптасты. Қазіргі заманғы ресейлік сөз қорына «менеджмент» ұғымы ел экономикасының рыноктық өзгеруіне байланысты енді. Алайда бұл ресейлік мемлекеттің қалыптасуы мен қызмет етуі басқарудың қызметінсіз тіршілік етті деген ойға итермелемейді. Басқару ғылымының қалыптасуы елдегі кеңестік кезеңге байланысты болды. Жалпы ол экономиканың дамуындағы жетістіктерімен және ауыр салдарымен де ерекшелінді. Ол процесс елді басқарудың обьективті әрі ішкі субьектіивті факторларымен міндеттелген жоспарлы бір ізді сипатқа ие болмады. Бұл кезеңде ел халықтық шаруашылық үшін жойқын салдары бар екі соғысты баснан кешірді. Дәл сол кезеңде Кеңестік Ресей қуатты индустриялы елге айналды, ғарышты меңгерудегі зор жетітіктерге жетті, әлем деңгейіндегі жағдайлардың ағымын анықтайтын екінші держава бола алды.

20-30 жылдары жаңа экономикалық саясатқа өтумен, сондай-ақ өндірісті басқаруға деген ғылыми тұрғыны қалыптастыру жолдары жайындағы пікірталастарға байланысты басқару ғылымына деген аса үлкен қызығушылық туды. Басқару жөніндегі шет елдік және ресейлік мамандардың арасында А.К.Гастев және Л.М.Керженцев сияқты кеңестік ғалымдар орынды мойындалды. Гастевтің бастамасымен 1920 жылы құрылған Орталық еңбек институтында психологиялық лаборатория пайда болды. Гастев пен оның қызметтестерінің еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы үлесі зор болды. Олардың тұрғылары сол кезде өздерін жария еткен батыс беделділерінің (Ф.У.Тейлор, Г.Форд және т.б.) идеяларынан назарды еңбектің субьектісіне шоғырландыруларымен ерекшелінді. Соңғысын тұрақты кәсіби жетілдіріп отыру, жұмысшының жеке шығармашылық бастамашылдығын танытуға мүмкіндік беру, физикалық және психикалық қабілеттерін дамыту, психикалық денсаулығын нығайту жайында сөз қозғалды.

А.К.Гастев қазіргі кезге дейін маңызын жоғалтпаған он алты «ереже-өсиеттерді» құрастырды. Ондай тәжірибелі өсиеттер бойынша жұмысты бастамас бұрын болашақ құралдың үлгісі, әрекеттердің жоспары, еңбек тәсілдерінің реті және т.с.с. пайда болу үшін оны алдын ала ойластырып алу қажет.

Гастевтің басшылығымен Орталық еңбек институтының қызметкерлері бірқатар өзара байланысқан бағыттарды қамтыған еңбек ұстанымдарының тұжырымдамасын: өндірістік процестердегі еңбек қозғалыстарының және жұмыс орнын ұйымдастыру теориясы; орынды өндірістік оқытудың әдістемесі; басқару процестерініңс теориясы құрастырады. Гастев еңбек және басқару жөніндегі синтетикалық ғылымды ала отырып, «әлеуметтік инженерия» ұғымын енгізді.

М.К.Керженцев бір жағынан ұйымның қызмет ету сенімділігін қамтамасыз ететін, басқа бір жағынан, оның ыдырауына ықпал ететін факторларды талдайды. Ол адамның өз жұмысын қадағалау іскерлігіне баса назар аудара отырып, жеке адамға қатысты қолданылатын ұйымдастырушы қағидаларды құрастырды. М.К.Керженцев қадағалаудың жеке адм үшін әрі тұтастай ұйым үшін де маңызды екендігін ескертті. Басқарушы жұмысшы іс-әрекетінде: дәл не нәрсе және қандай мерзімге орындалуы тиіс, тапсырманың орындалуына кім жауапты сияқты негізгі үш мезетке бағдарлануы тиіс. Әрбір жұмысшы өз -өзіне сынмен бағалап, кәсіби жетілу сатысы бойынша алға жылжу үшін, өз қабілеттерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы білуі тиіс.

Азаматтық соғыстан кейін (1918-1920 жж.) мемлекет жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшті. Ол өндірісте капиталистік қатынастардың жандануымен ерекшелінді. Мемлкеттік капитализмнің дамуымен қатар, жеке капиталға ұсақ өндірістер жалға беріле бастады, сондай-ақ ше ел капиталы тартылды. Шаруаларға ауыл шаруашылығы өндірісінен артық қалғандарды рынокта жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Бұл тауар-ақша қатынастарының дамуын білдіріп, сауданы шаруашылық байланыстың басым түріне айналдырды.

Дербес шаруа қожалығына деген бағдар 1925 жылға дейін жалғасты. Бұл жыл экономикалық саясаттағы едәуір күрделі өзгерістерге байланысты. Бір жағынан тауар-ақша қатынастары барынша дами берді, қалалар рыноктың көмегімен азық-түлікпен қамтамасыз етілді, ал келесі бір жағынан дәл осы жылы елдің индустрияландырылуы, яғни ірі машиналы өндіріске көшу жайлы тарихи шешім қабылданған болатын. Индустрияландырылудың жүргізілуі жеке өндірістен бастап, тұтастай халық шаруашылығына дейін бүкіл басқару жүйесіндегі өзгерістерді тудырды. Еңбек тәртібі қатаңдалды, өндірістегі бірауыздылық қағидасы күшее түсті. Көзделген міндеттерді шешу үшін адам қорына деген зор қажеттілік көп мөлшерде ауыл тұрғындарын тарту есебінен қанағаттандырылды. Жеке капиталистік тәртіп біртіндеп экономикадан ығыстырыла бастады. 1930 жылдың басында тауар биржалары мен жәрмеңкелері қысқартылады, жеке және аралас акционерлік қоғамдастықтардың іс-әрекеті біртіндеп тоқтатыла бастады, ал 1931 жылдың күзіне қарай бүкіл жеке кәсіпкерлік те жойылды.

Бұл процестер айқын көрінген салалы бағдармен ерекшелінген басқарудың орталықтануымен қосарлана жүрді. Шаруашылық өмірдің орталықтану бетбұрысының атуымен қатар әкімшіліктендіру және мәжбүрлеу әдістеріне жақын басқару аппараты қалыптаса бастады. Осылайша, 30-шы жылдардың басында-ақ елде басқарудың салалы орталықтандырылған жүйесі қалыптасты.

50-60 жылдардың белесінде негізінен академик А.И.Бергтің арқасында Ресейде ғалымдардың күрделі процестерді, атап айтқанда, адам еңбегінің тиімділігін арттыруға бағытталған оптималды басқару ғылымы ретінде түсіндірілген кибернетика ресми мойындалды. 60-шы жылдары басқару ғылымы да ресми мойындалады, аталмыш ғылымның пәні мен әдістемесі жайылы пікірталастар, арнайы зерттеулер жүргізіле бастайды. Басқару жүйесін экономикаымен жетілдіру жөнінде мәселе көтерілді. Алайда, экономиканы осындай тұрғылардың негізінде өңдеу әрекеттері бірізділігінен айырылып, көзделген міндеттердің шешімі қисынды қорытындысына жете қоймады.

90-шы жылдардың басында Ресей түбегейлі экономикалық өзгерістер фазасына қайтара енеді. Ол жоспарлы басқарудан рыноктык реттеуге көшуде анықталды.

Әрине, рыноктық қатынастардың шаруашылық тәжірибесіне енгізілуі оларды қамтамасыз ету жөнінде сәйкес тұрғылар мен білімдерге деген қажеттіліктерді міндеттеді. Қазіргі таңда, менеджмент бұл – Ресейдегі экономиканы басқарудағы жаңа ірі құбылыс болып табылады.