- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері. Адам мінезінің қүрылымы әрқилы қасиеттер жиын-тығынан тұрады. Дегенмен-, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мі-не, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртүтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі езара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге белініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.
1. Мінездін, еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен үқыпсыздығы т. б.
Мінездің құрылымында адамның өз-өзіне деген қатынасы маңызды рөл ойнайды. Әр адам өзін белгілі бір үлгіде қабылдайды. Ол қатынас адамның өзінің ұжымдағы, қоғамдағы орнын және оның алдындағы міндетттерін қамтиды. Адамның өз тұлғасының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің маңызын асыра бағалауы, эгоистік мінездегі адамдарға тән. Эгоист өзін, жеке басының қызығушылықтарын ұжымның қызығушылықтарынан жоғары бағалайды, сондықтан оған арқау етуге болмайды. Ондай мінезді адамдар қызметінің барысында қызметтестерімен өзара қатынастарында үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Альтруистік мінездегі адамдар барлығынан да ұжымның мүддесін, басқа адамдарды жоғары бағалайды. Альтруизм мінездің шынайы ұжым тіршілік ете алмайтын бітісі.
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін керсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерек-шеліктері. Ал мінез құрылымыньң қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, үжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Адамнық жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет—мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып белінеді.
3. Мінездің тұрақтылығыньң, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мүндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінін, күшін аңғартады.
Мінез қасиеттерінің арасында жалпы және жеке дара түрлерін ажыратуға болады. Мінездің жалпы қасиеттері мінез құлық көріністерінің кең ауқымына ықпал етеді. Мінездің жалпы бітістерінің бес түрін көрсетуге болады (А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов, У.Норман және т.б.):
өзімшілдік – сенімсіздік;
келісім, достық – қастық;
саналылық – импульсивтілік;
эмоциялы тұрақтылық – мазасыздық;
интеллектілі икемділік – ригидтілік.
Экстраверсия – интроверсия сияқты бітістер мінездің сенімділік –сенімсіздік сияқты жалпы бітістеріне сәйкестендіріледі. Мәселен, көпшілдік пен экстраверттілікті өз-өзіне сенімді адамдар таныта алады, ал өз-өзіне сенімсіздері тұық, интресертті келеді.
