Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат әуе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек - шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық,Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көлі); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты.

Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.

  • Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында).

    • 1923 ж. “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.

  • 1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.

  • 1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.

  • 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.

I. ӘУЕ КӨЛІГІ

Әуе көлігі - әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы - жылдамдығында.

Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүние жүз соғыстан кейін пайда болды. Франция менГерманияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу - Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.

Әуе көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге әуежайлар, әуе айлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу - қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.

Жалпы осы ҚР-ның Үкіметінің әуе тасымалын дамыту және кеңейтуге байланысты қабылдаған бағдарламасында авиация нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясат сапалы авиациялық қызметтерге халық сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілетті қазақстандық бәсекеге қабілетті авиа компанияларды қалыптастыруға бағытталатын болады. Біртұтас саясатты, оның ішінде нормативтік - техникалық саясатты іске асыру арқылы авиа тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамыту және жекелеген тасымалдаушылардың мүдделеріне қолдау көрсетуге жол бермеу қамтамасыз етіледі.

Азаматтық авиацияның нарық жағдайларында перспективалы дамуын назарға ала отырып, оның шығынсыз деңгейге жетуіне қарай барлық бағыттарда жолаушылардың авиатасымалдарын субсидиялау кезең - кезеңімен қысқартылатын болады.

Тұрақты емес авиатасымалдарды, чартерлік рейстерді тиімдірек пайдалану керек. Сондықтанда, осы әуе көлігі жеріне де баса назар аударылуы қажет.

Қазақстанға бүкіләлемдік әуе көлігінің бағыты

II. Халықаралық әуе тасымалы

Әуе тасымалдауы - жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол - «Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.

1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы конвенцияға Қазақстан Республикасы да косылған.

Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Қазақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа кол қойған.

Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүк құжатты қодданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүкқұжатында жүк женелтушімен тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.

Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады.

Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уакытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі. Әуе тасымалдауында чартерлік тасмалдау қолданылады. Бұл шартта фрахтователь - тасымалдаушы, фрахтовщик - жүк жіберуші.

Көп уақыт бойы темір жол тасымалдауы аясында ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны темір жол тасымалдауы туралы» Берн конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн конвенциясын қайта қарау конференциясыңда жаңа халықаралық темір жол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.

КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы үш есе етіп қайтарылады.

Біздің Қазақстан Республикасында 2001 жылы 8 желтоқсанда «Теміржол көлігі туралы» Заң қабылданды.

Осы Заңның 65-бабына сәйкес: «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес поезда орын беріп, оны баратын жеріне жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті». Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады. Жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 кыркүйектегі Жол жүру белгілері және сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар, халықаралық жүкті тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады (1975 жыл).

Еуропалық елдер арасындағы жүкті халықаралық автокөлік пен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру шарты туралы Конвенция мен реттеледі.

Автокөлік тасымалдауында авто көлік пен үшінші тұлғаға зиян келтіруде кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келісімдер бойынша, яғни екі жақты, автокөлік тасымалдауында, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде қарастырылуы қажет.

Бұндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындау кезінде үлкен ролге ие болып табылады.

III. СУ, ӘУЕ КӨЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰБЫР ЖЕЛІСІ

Өзен көлігі – ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар. Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі орналасқан. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады, ол республиканың ең қуатты су күретамыры.

Қазақстанның батыс жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде, Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ. Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 5635 км; оның ішінде жоғары Ертіс телімі бойынша – 1715 км, Орал бойынша – 1164 км, Іле пайдалану телімі бойынша – 880 км, Балқаш бойынша – 978 км, Сырдария бойынша – 840 км, Есіл бойынша – 55 км. Қазақстан өзендерінің суы аз болуына байланысты оларды кеме қатынайтын жағдайда ұстау үшін жыл сайын бірнеше млн. теңге шығын жұмсалады. Өщен көлігі-ішкі су жолдры арқылы жүк тасымалдайтын көлік түрі.

Әуе көлігінің республиканың жалпы жүк айналымдағы үлесі-0,8%. Республиканың өзен көлігі арқылы тасымалданатын жүктің басым көпшілігі минералдық-құрылыс жүктері құрғақ жүктің 70%.1964 ж. Мақат – Бейнеу – Маңғыстау темір жолының салынуына және онымен Маңғыстау мұнайының Атырауға тасымалдана бастауына байланысты теңіз жолымен Баку мен Орта Азия мұнайын Атырау айлағына әкелу едәуір азайды. Каспий теңізімен жүк тасымалдау соңғы жылдары Маңғыстау түбегінің байлығын игеруге байланысты қайта жанданды. Транзиттік тасымалдың көбеюіне орай Каспий теңізі халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады.

Теңіз көлігі – теңіз су жолында қатынайтын көлік құралы. 1960 жылға дейін теңіз тасымалы Каспийдің солтүстік бөлігінде шоғырланған. 1998 жылы қаңтарда 51 әуе компаниясы тіркеліп, олардың ішінде “Эйр Қазақстан” және 12 аймақтық әуе компаниясы мемлекеттік меншік нысанын сақтады. Қазақстан әуе компаниялары ішкі және халықар. жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман ш., энергетика, газ және мұнай өнеркәсібі салаларының тапсырмаларын орындайды. Әуе тасымалы, әсіресе, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Германия елдерімен арада жақсы жолға қойылған. “Эйр Қазақстан” әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады.

Қазақстандағы ішкі және халықар. әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999). Қазіргі кезде 21 Республикасы әуежай, 10 облысы және облыс ішіндегі әуежайлар жұмыс істейді (1998). Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент әуежайлары еліміздегі ең үлкен әуе айлақтары болып саналады. Қазақстан әуе жолдарында Ту-134, Ту-154, Як-40, Ил-86, Боинг-737, Аэробус — А-310 шапшаң ұшақтары пайдаланылады.