Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mirush_rubezh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.74 Кб
Скачать

33. Индикациялау және титрлеу

34. Микробиология фундаментальдық ғылым ретінде. Зерттеу объектілері

35. Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы және қызметі

  Микробиологиялық зертхана вирустық, таз аурулары, бактериалық инфекцияларды диагностикалау және зерттеудің жоғары сапалы қызметтерін атқарады. Микробиологиялық зерттеулер заманауи жаңашыл қатысулар арқылы атқарылады.  Микробиологиялық зертхана зерттелуші объектінің құрамындағы микроэлементтерді және микроағзаларды анықтауға мүмкіндік беретін арнайы зерттеулер жүргізеді. Зерттеу және таңдаулар арнайы зертханалық жағдайда құзырлы, дипломдары бар мамандармен сәйкесті жаңа заманауи технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.   Зертханада URIN SYSTEM PLUS (бактериялардың жалпы санын анықтау, несеп сынақнамасы арқылы тікелей зәрдегі жеке микроағзаларды және сезімталдықтарын анықтау) әдісі бойынша бактерияның деңгейін анықтау.    Нәтиже 18 -24 сағаттан кейін алынады.

                                                                        Қызмет көрсету аясы:

Антибиотиктерге сезімталдығын және қоздырғыш ұқсастықтарын және морфологиялық ерекшеліктері арқылы қанды зарарсыздыққа тексеру;

Антибиотиктерге сезімталдығын және қоздырғыш ұқсастықтарын және морфологиялық ерекшеліктері арқылы кандида тұқымдас саңырауқұлақтарды тексеру;

Қанды зарарсыздыққа анализаторда тексеру;

Биологиялық материалдарды (несеп, запыран, қақырық, көзден, мұрыннан, құлақтан, жарақаттан және т.б. бөлінетін материалдар) морфологиялық, тинкториалды, мәдени биохимиялық ерекшеліктеріне қатысты зерттеу;

Сальмонеллдерді (нәжіс, несеп, запыран, қан) морфологиялық, тинкториалды, мәдени биохимиялық антигендеріне қатысты зерттеу;

Энтеропатогендіэшерихияны морфологиялық, тинкториалды, мәдени биохимиялық ерекшеліктеріне және антигендеріне қатысты зерттеу;

Нәжісті байламды – патогендік флорасына морфологиялық, тинкториалды, мәдени биохимиялық ерекшеліктеріне және антигендеріне қатысты зерттеу;

Шек дисбактериозына зерттеу;

Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығына анализ;

Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығына анализ;

Стафилокок алғашқы себіні;

Хеддельсон реакциясы;

Райт реакциясы;

Несепті UrinSystemPlus әдісімен зерттеу;

Жыныс мүшелерінен бөлінетін жұғындыларды AF GenetalSystem әдісімен зерттеу;

Шайындыларды бактериологиялық ІТТБ (ішек таяқшалары тобының бактериялары, шартты – патогендік флора, патогендік стафилококк) ;

Шайындыларды бактериологиялық ІТТБ зерттеу; Ғимаратты бактериологиялық зерттеу (ОМЧ, стафилококк, саңырауқұлақтар);

Тігу, байлап таңу материалдарына, аспаптардың зарарсыздығына бактериологиялық зерттеулер;

Дәрі – дәрмек формаларын зарарсыздыққа бактериологиялық зерттеу;

Тігу, байлап таңу материалдарына, аспаптардың зарарсыздығына бактериологиялық зерттеулер;

Сүзек/ іш сүзегі және басқаларға гемомәденитеттер;

Патологиялық биоматериалдарға және азық – түлік инфекцияларына микробиологиялық зерттеулер;

Аутопсия кезінде алынған биоматериалдарға микробиологиялық зерттеулер;

Кеуде сүтінің микробиологиялық зерттеулері;

Дифтерияны қоздырғыштарды морфологиялық, тинкториалды, мәдени биохимиялық ерекшеліктеріне және токсиндік негіздерге зерттеу;

Мұрын жұтқыншақ қуысының сілекейін морфологиялық, мәдени, биохимиялық және серологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жасау;

Ликворды менингококкқа морфологиялық, мәдени, биохимиялық және серологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жасау;

Иерсинийдің алғашқы себіні.

Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.

Микробиологиялық зертханада жұқпалы материалмен жұмыс істеуге тура келеді, сондықтан жұмыс барсында қауісіздік, сақтық ережелерін және ұқыптылықты мұқият сақтау керек:

1. Жұмыс орнында бөтен заттар болмау керек;

2. Зертхана бөлмесінде қатаң тиым салынады: темекі тартуға, тамақтануға, бос артық әңгіме айту, асығуға;

3. Жұмыс міндетті түрде арнайы медициналық халат пен бас киім, мақталы-дәкелі маскамен жүргізу керек;

4. Зертханада әр студентке арнайы орын бекітіледі;

5. Кезекші студент оқытушы қадағалаумен әр студентке жұмыс істеу құралын таратады және сабақ соңында жинап алады;

6. Тірі микроорганиздермен жұмыс істеу барысында қолданылған заттарды залалсыздандыру қажет: бактериалді ілмекті жанып тұрған оттықта күйдіру қажет, пипетка мен шыныны залалсыздандыру ерітіндісіне салу керек;

7. Егер байқаусызда пробирка немесе басқа ыдыс сынып қалса және де жұқпалы улы сұйықтық төгіліп қалса, студент тез арада оқытушыға хабарлау керек және сол жерде залалсыздандыру жұмысын жүргізу керек;

8. Сабақ соңында әр жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек, әр студент кезекшіге қолданған заттарын өткізеді, салған альбомын және толтырылған хаттамасын оқытушыға көрсетеді.

Микробиологиялық зертханада дәрігерлер мен зертханашылардың күнделікті орындайтын жұмысындағы микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясын зерттеу әдістемелік құралда нақты сипатталған. Жоғарыда келтірілген материалдар мамандар мен студенттерге ұсыныла отырып, бактериофагтың құрылысы мен қасиеттері, оны бөліп алу, бактерияларды түр ішілік жіктеу әдістері, іріңді – қабыну үрдісімен ішек инфекциясын емдеуге арналған жаңа емдеу – профилактикалық фагтық препараттарды қолдану, микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиялық қасиеттерін талдау барысында қоректену типтері де қарастырылған, бактерияның энергетикалық алмасуы, патогенділіктің қалыптасуы мен метоболизм үрдісіндегі ферменттердің маңызы, микроорганизмдердің туысы мен түрін анықтауда дифференциальді – диагностикалық тесттерді қою әдістері, микроорганизмдердің токсигенділігі, вируленттілігі, әртүрлі агрессия факторлары, сонымен қатар микроорганизмдердің қорғаныштық қасиеті және бактериялардың патогенді факторларын қарастыру барысында микроорганизмдердің конститутивті және индуцибельді қорғаныш механизмдері, иммунитет туралы материал және жұқпалы ауруларды диагностикалауда және науқастың иммунологиялық статусын сипаттау кезінде зерттеу әдістерін бағалауда маңызды роль атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]