- •26. Фагтардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері
- •27. Вирулентті және әлсіз фагтар
- •28. Фагтың бактерия клеткасымен әрекеттесу сатылары
- •29. Лизогения және оның маңызы
- •30. Профаг. Келісті фагтар. Фагтық конверсия
- •31. Фагтардың табигатта таралуы
- •32. Фагтарды өсіру әдістері
- •33. Индикациялау және титрлеу
- •34. Микробиология фундаментальдық ғылым ретінде. Зерттеу объектілері
- •35. Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы және қызметі
- •36. Бактериологиялық зертханаларды жұмыс істеу ережелері
- •37. Микроорганизмдер систематикасы
- •39. Бактериялар морфологиясы
- •40. Прокариоттар, эукариоттар айырмашылығы, мысал келтір
- •41. Бактерия клеткасының құрылымы: капсула, клетка қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, рибосома
- •42. Микроскопиялық зерттеу әдістері
26. Фагтардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері
Бактериофагтар (фагтар) –бактерияларға еніп, оларда өсіп - өніп көбейіп, бактерияларды лизистейтін вирустар. 1917ж. Эррель ашқан.Құрылымы:
Пішіні сперматозоид тәрізді, мөлшері-20-800нм, басы, өсіндісі, мойны бар
Басы алты бұрышты, сыртынан капсидпен қоршалған, ішінде нуклейн қышқылы, яғни ДНҚ немесе РНҚ-ы бар.
Басына жиырылу қабілеттілігі бар түтікше тәріздес сырты белокты қапшықпен қоршалған құйрықша шығады.
Құйрықшаның басқа жабысар жерін мойыны деп атайды.
Құйрықшаның ең шетінде базальды пластинка бар, одан 6 тікенекшелер шығады. Осылардың көмегімен фаг бактерияға жабысады, ол базальды пластинкада болатын лизоцим ферментімен бактерияның сыртқы қабатын теседі де мойыны және құйрықшасы жиырылып басының ішіндегі ДНҚ-ы бактерия ішіне енеді.
Бактериофагтарды 6 морфологиялық типтерге бөледі:
- таяқша немесе жіпше тәріздестер
- тек қана басы бар, құйрықшасы жоқ
- басы бар, және одан шығатын шамалы бұдырлары бар
- басы және қысқаша құйрықшасы бар
- басы және ұзынша жиырылмайтын құйрықшасы бар
- басы және ұзын жиырылатын құйрықшасы бар.
Басқа вирустарға қарағанда фагтар физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімділеу келеді. Олар 6000 атм.қысымға төзе алады, мұздатқанда, төменгі температуралық жағдайда, құрғатқанда тіршілік қабілеттілігін сақтай алады. Бірақ фагтар ультракүлгін сәуленің, радиацияның, химиялық дезинфекциялық ерітінділердің, қыздырудың (65-70°C)әсеріне сезімтал, тез өледі.
27. Вирулентті және әлсіз фагтар
Фагтар мен бактерияның өзара әсер ету механизмі бойынша оларды вирулентті және әлсіз топтарға бөледі.
Бактериофагтық құбылыс бактериялардың лизистенуі негізінде вирулентті фагтардың әсерінен болады.Олар бактериямен өнімді түрде әрекеттеседі. Бактерияға енгенне кейін 200-300 жаңа фагтық бөлшектерге дейін репродукцияланып, бактерияны лизистейді.
Әлсіз фагтар сезімтал бактериялармен өнімді жолмен әрекеттеседі. Әлсіз фагтың өнімді айналымы вирулентті фагтың әрекетін қайталап, бактерия лизисімен аяқталады. Әрекеттесудің интегративті түрінде әлсіз фагтың ДНҚ-ды бактерия хормосомасына еніп, көбейіп жатқан бактерияның геномымен синхорнды репликацияланып, лизис тудырмайды.Бактерия хромосомасына енген фаг ДНҚ-лы профаг, ал бактерия ақылы лизогенді д.а.Бактерия мен фагтың бірлесіп тіршілік етуін лизогения дейді. Профаг бактерия көбейгенде тұқым қуалап, ұрпақтарға берліеді
28. Фагтың бактерия клеткасымен әрекеттесу сатылары
1) Арнайы рецепторлар көмегімен бактерия жасушасының беткейіне фагтардың адсорбциялануы.
2) Жасуша қабырғасы және цитоплазматикалық мембрана арқылы фагты геномның жасуша ішіне енуі және қабықшадан шығуы.
3) Геномдағы хабарды тасымалдау үшін белогы көмегімен фагты геномның тұрақталуы.
4) Фагты геномды ДНҚ-не болмаса РНҚ-ң репликациясы.
5) Синтезделген вириондардың қайта жиналуы-ақуызды қабықшаға геномды РНҚ-ң тұрақталуы, фагтардың морфогенезі.
6) Жасуша ішінде лизиске ұшырауы не болмаса бүршіктену жолы арқылы синтезделген фагтардың жасушадан шығуы.
