- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •050103- Педагогика және психология
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 3
- •Барлығы – 75 сағат Орал 2014 ж.
- •06.09.2014 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •1.2 Пән туралы мәлімет
- •Сабақтардың мазмұны мен кестесі
- •1 Апта.
- •1 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сагат
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •9Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •18 Кредит сағат
- •19 Кредит сағат
- •20 Кредит сағат
- •21 Кредит сағат
- •22 Кредит сағат
- •23 Кредит сағат
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •10 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30Кредит сағат
- •32 Кредит сағат
- •33 Кредит сағат
- •34 Кредит сағат
- •35 Кредит сағат
- •36 Кредит сағат
- •13 Апта
- •37 Кредит сағат
- •38 Кредит сағат
- •39 Кредит сағат
- •40 Кредит сағат
- •41 Кредит сағат
- •42 Кредит сағат
- •43 Кредит сағат
- •44 Кредит сағат
- •Әдебиеттер:
- •43 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).
- •Топтық психотерапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының ара қатынасы
- •Психологиялық тренинг және оның негізгі парадигмалары
- •1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •2. Тренинг түрлері
- •9Кредит сағат
- •1. Топтық тренингтер
- •2. Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •3. Жағымды эмоционалды қалыптастыру тренингтері
- •1. Үндемей тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
- •3. Контр переносты талдау дағдысын қалыптастыру.
- •4. Еркін ассоциалар.
- •6. Трансфера
- •28 Дәріс тақырыбы: Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
- •Әдебиеттер:
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі. (қарастырылмаған)
- •11. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •12.Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.
- •13. Пән бойынша арнайы аудитория және кабинеттер тізімі.
- •1. 403,404,405,415,418,410 Аудитория
1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
2. Тренинг түрлері
Мақсаты: Топтық тренинг түрлерімен және оның бірбірінен айырмашылықтарымен таныстыру.
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызмет аса қажетті салалардың бірі. Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс атқарады: өзекті және болашақты.Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға бағытталған. Білім беру саласында балалардың жас ерекшелігіне сай ақыл – ойын дамытуда ұтымды әрі тиімді нәтиже алу негізінде сабақтарды тренинг түрінде жүргізу мектеп психологына, ұстаздарға тренинг қатысушаларын жан – жақты әрі терең зерттеуге, олардың жеке басының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуіне, өзара қалыптасқан қарым – қатынасына ықпал етуде, жалпы дүниетанымын анықтауға, оларды болашақта жеке басын дамытуға өз алдына әрекеттене білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы тренинг дегеніміздің өзі – іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен адамның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс – шаралар жиынтығы болып табылады.Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған іс – шаралар бағдарламасы өз кезегінде жеке адамға да, тұтас ұжымға да өз пайдасын тигізе алады. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу тәжірибесі тұлғааралық өзара әрекет барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек бере алады. Топ – бұл тұтас сыртқы әлемді бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым – қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады. Жанұяда, жұмыста немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті басқа адамдардың ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр – түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлар топтық психологиялық жұмыстарда анықталады да, соның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез – құлқына сәйкес ықпалын тигізеді. Нәтижесінде арнайы қабылдаған ортада жиналған тәжірибе, әдетте сыртқы әлемге алмастырылады.Топтың екінші артықшылығы – оның басқа мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Өзара топтық әрекеттер нәтижесінде туындайтын және орындалатын реакциялар топтан тыс уақыттағы тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмегі тиеді.Үшіншіден, топта тек оқиға қатысушысы ғана емес, көрермені де болуға мүмкіндік бар. Топтың өзара әрекеттерінің өту барысын бақылай отырып, өздерін белсенді қатысушылармен салыстырып, осы бақылаулар нәтижелерін өзіндік эмоциялар мен мінез – құлықтарын бағалау барысында қолдануға болады. Төртіншіден, топ жеке тұлғаның дамуына ықпал ете алады, Топта тұлғаның өзіндік зерттеуіне жағдай жасалады, Топтық психологиялық жұмыс – бұл топпен жүргізілетің бірнеше, түрлі психологиялық іс-шаралар формасының жалпылама атауы, Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:
Топтық психотерапия;
Топтық психологиялық оқыту;
Топтық, жеке тұлғалық тренинг.
Тренинг топтарының дамуына ең алғашқы рет 30 жылдары әлеуметтік психологияның көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау болды. Оның пікірінше, жеке тұлға өзінің көзқарастары мен пікірлерін тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және де адам өзін басқалардың көзімен көре алған жағдайда ғана, өзінің қате пікірлерін анықтап, түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренинг топтарында көптеген терапевтік топтарға қарағанда, өзара әрекет мазмұны өзара әрекет процесін түсіну құралы болып табылады. Топтық процесс пен даму заңдылығын зерттеу тұлғааралық қатынастар мен табиғи жағдайдағы топ мүшелерінің мінез-құлық стильдері жайлы ақпарат береді. Тұлғааралық дағдылар мен әлеуметтік-психологиялық жете білушіліктің дамуы индивидтердің өз-өзін қабылдауға түрткі болатын топтық процесстерді түсінуді болжайды. Тренинг тобы-бұл ең алдымен «оқытушы зертхана». Әрине бұл әдеттегі үйреншікті зертхана емес, бұл оның қатысушыларын қажетті оқытумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған уақытша аймақтық бірлестік болып табылады. Мұндағы әрбір қатысушы өз мінез-құлқындағы өзгерістерді зерттеп, сонымен қатар осы өзгерістердің нәтижесін реттеп отыратын бақылаушы да бола алады. Топ мүшелері топ мақсатын анықтауға, мінез-құлық өзгерісін бақылауға, әрекетті жоспарлау және нәтижені талдауға қатысады. Топта шынайы өмірде кездесетін мәселелер мен қақтығыстар қарастырылады. Бір ерекшелігі, тренинг топтары шынайы өмірде әрдайым шешіле бермейтін мәселелерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда психология ғылымының бізге мәлім әр түрлі тұрғыда бағытталған мектептері мен орталарында қолданылатын тренинг түрлері кездеседі. Оларды төмендегідей сипатта жіктеп беруге болады:
1.Тұлғааралық кеңістікте жеке тұлғаны дамыту тренигі. Тренингтің бұл түріне жоғарыда аталып өткен Курт Левиннің ұсынған «лабораториялық тренингтерін» мысалға келтіруге болады.
2.Бихевиористік бағыттағы топтар. Оларға өмірлік іскерліктер тренингі жатады. Бұл бағыттың мәні-егер адам өз тәжірибесін үйрену арқылы жинаса, онда оны тиімсіз мінез-құлық реакцияларынан арылтып, неғұрлым бейімді реакцияларды орындауға үйрету қажеттілігінде жатыр. Яғни, олардың міндеті-қатысушыларды қандай да бір мәселелерді шеше білуге үйрету және белгілі бір өмір жағдайларына бейімделе білу іскерлігін дамыту болып табылады.
3.Жеке тұлға мәселелерін шешуге арналған психодрамалық бағыттағы тренингтер. Психодраманың пайда болуы Джекоб Леви Мореноның атымен тығыз байланысты. Ол өзі ұсынған әдісін «терең эмоционалды хирургия» деп атады. Психодрамаға қатысушылардың сахнада эмоционалды әсер алуына жағдай жасалып, қобалжудан, мазасызданудан арылуға, мінез-құлықтың тиімсіз формаларын жеңуге, өзіндік шығармашылық және адамзаттық ахуалын көркейтуге мүмкіндік жасалады. Рольдік ойындар барысында қатысушылар тек өз тәжірибесін қайта «сезінуге» ғана емес, сонымен қатар жауап беру сезімдерін және реакцияларды талдай білуге, мінез-құлықтын жаңа үлгілерін қолданып көруге мүмкіндік алады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топтық жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қандай?
2. Топтық тренинг түрлерін ата?
3. Ролдік тренинг дегеніміз не?
4.Топтық психологиялық жұмыстың неше формасы бар?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.К. Рудестам «Групповая психотерапия» Санкт-Петербург, 2000 г.
2.А.Г.Лидерс «Психологический тренинг с подростками» Москва, Академия, 2001 г.
3.А.С.Прутченков «Социально-психологический тренинг в школе» Москва, Изд-во ЭКСМО- пресс, 2001 г.
4.Р.В.Овчарова «Справочная книга школьного психолога» Москва, Просвещение Учебная литература, 1996 г.
№11 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Тренингті ұйымдастыру жолдары
Дәрістің мазмұны:
1. Тренинг заңдары
2. Тренинг заңдарының мақсат міндеттері
3. Тренинг заңдары арқылы жұмысты белсендендіру
Мақсаты: Студенттерді тренинг заңдарымен таныстыра отырып, ол заңдадың қажеттілігін меңгерту.
«00» заңы.
Микрофон заңы.
Белсенділік заңы.
«Мен - айтамын» заңы.
Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы.
Есім заңы.
Сыпайылық заңы.
«Қазір және осында» заңы.
Құпиялылық заңы.
Тек өзінің қатысуын ұсыну заңы.
1. «УК» заңы. Тренингтің барлық қатысушылары тренинг басталуына және үзілістен кейін белгіленген уақытта жиналады. «Балық басынан шіриді» деген орыс мақалын басшылыққа ала отырып, тренингтің жүргізушісі бұл қатынаста үлгі болатынын есте сақтау керек. Егер тренер кешігетін болса, онда топ мүшелері де міндетті түрде ұзақ уақытқа кешігетін болады. Тренингтің жүргізушісі талдауда топпен бірге оқытып, басқарып немесе қатысып қана қоймай, сонымен қатар зінің жеке үлгісімен мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалаулы стилін көрсетеді.
2. Микрофон заңы. Қолында микрофоны бар адам сөйлейді. Мұндағы микрофон сіз жаттығуды талдауда немесе жүргізу барысында шеңбер бойынша жіберетін ойыншық немесе қарапайым түрлі түсті маркер болуы мүмкін. Тренердің жұмысқа дайындалуға жеткілікті уақыты болмағанда микрофон ретінде қарапайым қаламды қолдануға болады.
Микрофонның рөлінде ең тиімді құралдар кішкентай жұмсақ ойыншгықтар болып табылады. Ең бастысы – кез келген тренингте қолданылатын құрал топтың эмоционалды ынтасына әсер етеді. Сондықтан да қолданылатын ойыншық пен «келбеті» немесе оның түрі агрессивті сипатта болмауы керек (мысалы, тістері бар қасқыр ойыншығын қолдануға болмайды).
Сонымен қатар микрофон ретінде кішкене допты қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір ерекшелік бар: топта, әсіресе жасөспірімдік топта үздіксіз доппен ойнағысы келетін қозғалғыш қатысуыш әрдайым табылады. Сондықтан да тренингтің тең жартысын доппен ойын ретінде өтпес үшін микрофон ретінде басқа да материалды немесе объектілерді қолданған жөн.
Егер микрофон ретінде маркер қолданса, оның ашық және өзіне назар аудартатындай болуын қадағалаңыз.
3. Белсенділік заңы. Белсенділік заңы бойынша «сіз қандай да бір жаттығуға қатыспауыңызға құқығыңыз бар. Бұл тапсырманы орындағысы келмейді деген емес, жай ғана сыртынан адам сыртынан бақылағысы келеді дегенді білдіреді. Өз ниетіңізді топқа алдын ала ескертіңіз. Егер топтың жұмысынан бір қатысушы шығып қалса, бұл барлық топтың жұмысына әсер ететінін ескеруіңіз керек».
4. «Мен - айтамын» заңы. Бұл заң өз көзқарасын тек бірінші жақтан айтуды талап етеді: «Мен ойлаймын, мен сеземін, менің ойымша...». Бұл ереже әрбір қатысушы топтағы әрбір қатысушының ойын білмейді, барлық топ үшін жауап бермейді дегенге негізделген. Сондықтан да «Біз...» деп басталатын ойларға жол берілмейді.
5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы келесідей түрде беріледі. «Біздің барлығымызда жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бар. Тренинг барысында басқалардың ерекшелігіне шыдамдылықпен қарау керек. Егер сізді бір нәрсе қанағаттандырмаса, бұл туралы тренинг жүргізушісіне басқаны ренжітпейтіндей және басқа қатысушыға әсер етпейтіндей корректілі формада айтыңыз». Бұл заң жасөспірімдік топпен жұмыста ерекше маңызды. Тренингте жиі бір-бірін фамилия немесе лақап аты бойынша айтуға болмайтынын алдын ала ескерткен жөн. Тренингке қатысушының өзінің жеке қалауымен фамилиясы немесе лақап аты айтылса бұл жағдайда рұқсат етіледі.
6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушы тренерге бейтаныс немесе топ бір-бірін аз танитын адамдар қатарынан жинақталған болса, келесі үлгіде құрылған заң қолданылады: әр ой айтылар алдында өзінің есімін айту.
7. Сыпайылық заңы. Топта атысушыларды тренинг барысында әр қатысушы өз қалауы бойынша атаған есімімен атау ұсынылады.
8. Сол уақытта және сол жерде айтылған және болған жағдайлар, сезімдер, эмоция мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тек тренинг шеңберінде ғана қарастырылып, сыртқы ортаға шығарылмауы тиіс.
Бұл заң бір жағынан жүргізуші үшін маңызды болып табылады, өйткені кейбір қатысушылардың өткені ол жөнінде әңгімесімен басқа қатысушыларды елікетіруіне жол бермейді.
Мұндай мінез-құлық негізінен сол адамның тренинг барысындағы болып жатқан процеске деген ішкі қарсылығын өткен жағдайға ауыстыруының дәлелі болып табылады.
Ал екінші жағынан бұл заң топтың әрбір қатысушысына сол сәттегі жағдайды сезініп, ұғынуға, өмірдің әр сәтінің құндылығын анықтауға мүмкіндік береді.
9. Құпиялылық заңы келесідей үлгіде құрылады: «Тренинг барысында болған жағдайдың барлығы осында қалып, тренингке қатыспаған өзге адамдармен талқыланбайды».
Бұл заң топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бере отырып, әр қайсысының толықтай ашылуына жағдай жасайды.
10. Көбіне кейбір қатысушылар қандай да бір жаттығуға өзі қатысуға жүрексініп, өзге біреуді ұсынады, ал ол бас тарта бастайды. Бұл тізбек бойы жалғаса береді де, қатысушылардың соңына дейін жетеді. Нәтижесінде ешқайсысы да бұл жаттығуға қатысқысы келмейтіні анықталады, ал бұндай жағдай тренингте болмаған жөн. Сондықтан да ең басынан-ақ барлық қатысушыларды ескертіп, жағдайда қалыптасатын заңдылықты ескере отырып, алдын алған жөн.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психологиялық тренинг заңдарын ата?
2. Құпиялылық заңы дегенді қалай түсінісің?
3. Сол уақытты және сол жерде заңы қалай орындалу керек?
4.Сыпайлылық заңына сипаттама бер?
Падаланылған әдебиеттер:
1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.
2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.
3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000
4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж
5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .
6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.
7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.
