- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •050103- Педагогика және психология
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 3
- •Барлығы – 75 сағат Орал 2014 ж.
- •06.09.2014 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •1.2 Пән туралы мәлімет
- •Сабақтардың мазмұны мен кестесі
- •1 Апта.
- •1 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сагат
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •9Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •18 Кредит сағат
- •19 Кредит сағат
- •20 Кредит сағат
- •21 Кредит сағат
- •22 Кредит сағат
- •23 Кредит сағат
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •10 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30Кредит сағат
- •32 Кредит сағат
- •33 Кредит сағат
- •34 Кредит сағат
- •35 Кредит сағат
- •36 Кредит сағат
- •13 Апта
- •37 Кредит сағат
- •38 Кредит сағат
- •39 Кредит сағат
- •40 Кредит сағат
- •41 Кредит сағат
- •42 Кредит сағат
- •43 Кредит сағат
- •44 Кредит сағат
- •Әдебиеттер:
- •43 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).
- •Топтық психотерапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының ара қатынасы
- •Психологиялық тренинг және оның негізгі парадигмалары
- •1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •2. Тренинг түрлері
- •9Кредит сағат
- •1. Топтық тренингтер
- •2. Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •3. Жағымды эмоционалды қалыптастыру тренингтері
- •1. Үндемей тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
- •3. Контр переносты талдау дағдысын қалыптастыру.
- •4. Еркін ассоциалар.
- •6. Трансфера
- •28 Дәріс тақырыбы: Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
- •Әдебиеттер:
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі. (қарастырылмаған)
- •11. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •12.Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.
- •13. Пән бойынша арнайы аудитория және кабинеттер тізімі.
- •1. 403,404,405,415,418,410 Аудитория
Топтық психотерапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының ара қатынасы
А.С.Путегейков мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушылық шеберлігі, педагогикалық қатынасыт реттеуші құрал екенін атап көрсеткен. Кез-келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатады, өзін дұрыс таныстыра білуі және тағы басқа жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекетке де байланысты әсер етеді.
Қазіргі уақытта психотерапия ретінде ішінді әртүрлі теориялық әдістемелік жолдардың көп болатын заманының ғылыми және практикалық әрекетінің кең саласы түсініледі. Психотерапияның педагогикалық, психологиялық әлеуметтік және философиялық моделдерінде айтуға болады. Тар мағынады психотерапия көптеген психикалық жүйкелік және психоматикалық аурулар кезіндегі адамның эмоциясына, көзқарасына, өзіндік санасына кешенді емдік вербальды және әсер ету ретінде түсіндіріледі.
Психотерапия терминінің мағынасы герк сөздері «жан» және «емдеу» сөздерінің аудармасына негізделетін оның екі түсіндемесімен байланысты. «Жан мен емделу» және «Жанды емдеу» психотерапия терминінің өзі Д.Тьюкпен «сананың денеге әсерінің көрнекіліктері» деген кітабында 1872 жылы енгізіліп, ХІХ ағынан бастап кең қолданыла бастады. Психотерапияны медициналық модель тұрғысынан қарағанның өзінде емдеудің басқа әдістерінен айырмашылығына назар аударған жөн. Мұнда оны жүргізу барысында психологиялық әдістер және амалдар қолданылады.
Психотерапия дәстүрлі түрде педагогикалық саласы ретінде қарастырушылықтан қазіргі күннің өзінде психотерапевтер психотерапиясымен тек қана дәрігерлер айналыса алады деп ойлайды. Бірақта жоғарыда айтылып кеткендей ғылымда психотерапияның психикалық моделі де орын алатындықтан оны практикалық психологиялық әрекетінің бағыты ретінде сау адамдарға әртүрлі психологиялық қиындықтар жағдайында, сонымен қатар өз өмірінің сапасын жақсарту қажеттілігінде психологиялық көмек көрсетуді түсіну керек
Психологиялық тренинг және оның негізгі парадигмалары
Коммуникативті тренингтердің мақсаты сізді алуан түрлі өмірлік жағдайларда адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді. Бұл жерде біз адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайтын алуан түрлі қиын міселелерді шешуді үйретеміз. Осыған байланысты өмірлік жағдайларға сәйкес келетін неше т.рлі жаттығулар орындалады, оларды орындай отырып, біз басқа адамдармен қарым-қатынас реттеуді, оларды түсінуді, жақсырақ білуді үйренеміз. Тұлғалық өсу тренингтері каммуникативті тренингтерге ұқсас келеді, алайда бұл жердегі басты мақсат тренингк қатысушылар өздерінің қорқыныштары мен кемшіліктерін ұғынып, оны жеңуді үйренеді. Тренингтте сіз алдыңыға қойған мақсаттарға етуге кедергі болатын өзіңіздің басыңыздағы күйзелістер мен кемшіліктерді анықтап олардан адам өзінің жағымды жақтарын тани біліп, соларды қолдануды үйретеді.
Бизнес тренингтер негізгі бизнес мақсаттарды шешуге үйретуге арналған. Бизнес тренингтерде біз бизнесті қалай жүргізу керек, сату деңгейін көтеру үшін қандай психологиялық тәсілдерді қолдану керектігін үйренеміз.
Парагдигма латын тілінен аударғанда үлгі немесе мысал, алгоритм дегенді білдіреді. Бұл білімнің коцептуалды модулі ретінде пайдаланылады. Білім парагдигмасының көп тараған түрелері аз емес. Әрбір парагдигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа даярлау керек, не үшін өмір сүреміз?» деген сұраққа жауап береді.
Парагдинма түрлері:
1.Экзотерикалық – құпия, жасырын, дін, қазір космос мәселесіне бай тұрғындарға арналған көрсеткіш жеке тұлға жоғалып, өзгеше этика қалыптасады.
2.Дәстүрлі-консервативті ол үш сатыдан тұрады. Базалық білім, оқу, жазу, санау, сауаттылық. Білім беру жүйесі базалық ғылым бөлімдерін негіздемек.
Гуманистика жолын адамзаттық құндылықтарға көңіл бөлу.
Технократиялық парагдигма – кез-келген нәтиже «иә» «жоқ» «меңгереді меңгермейді» «тәрбиелі тәрбиесіз» деп бағаланады. Қажетті білім тәртіп туралы ұғым мемлекеттік деңгейінде қарастырылады.
Бихевиоритикалық-радиоаналистік іс-әрекеттілік ішкі әлемге, көп көңіл бөлмей, сыртқы бейнесін көңіл бөледі. Гуманистикалық оқушыны интеллектуалдық қажеттіліктермен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту.
№8 Дәріс
Тақырыбы: Психокоррекциялық бағдарламалар және оның нәтижелерi
Психокоррекциялық бағдарламалар. Психокоррекция жұмысының негізгі мазмұны. Психокоррекция жұмысының негізгі бағыттары. Топпен жұмыс жасау ережелері
Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны жеткіншектердің мінез–құлық ауытқуларын, өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейi мен мазасыздану деңгейі сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция, — деп жеткіншектердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардын алдын алуын ұйымдастыру. Зерттеу мәселесінің шеңберіне байланысты жүргізілген түзету жұмысытарының эксперименталдық нәтиже-лерін ұсынамыз.
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншктер тобындағы психотерапия әдістерінің ішінен топ ішіндегі психотерапия жиірек қолданылады. 14-17 жастағы жасөспірімдермен атқарылатын жұмыс күрделі болғанымен, мұндай топтағы терапиялық потенциал жоғары болады, өйткені бұл жастағы жасөспірім өміріндегі құрдастарының алатын рөлі үлкен, ал олардың ерексектермен қарым-қатынасы, жыныстық дамуында кездесіретін қиыншы-лықтары айтарлықтай болады.
Сонымен қатар жасөспірімнің өзі үшін істейтіні де көп. Ол өз жанұясымен бөлісе алмайтын терең сезімдерді басынан кешеді. Оның есеңгіреу жағдайынан кейінгі қорқынышпен, жалғыздықпен, қауіптік сезіммен бөлісетін, оған көмек беретін адам керкк. Жеткіншекке өз өмірі үшін жауапкершілікті қалай мойындау керектігін көрсету қажет.
Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдер тобындағы психотерапияның ұсынылып отырған үлгісі «уақыты өтіп кеткен» ауытқулардың алдын алып, түзетуге мүмкіндік береді.
Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін, девиантты түрлері мінез-құлықтары бар жасөспірімдер тобындағы психотерапияның мақсаты — психикаға зақым келдіретін жағдайдың жауап қайтаруына қатысты психодинамикалық үрдістерді енгізу. Оның барысында травматикалық тәжірибелер толықтырылып, тұлғаның әлекметтік және жекелеген қызметтерінің үйлесімділігі орын алады. Бұл ішкі және сыртқы келіспеушіліктерді өнімді шешуге әкеледі.
Топ ішіндегі психотерапия барысында төмендегідей мәселелер шешімін табады:
Қабылдау мен қауіпсіздікке керек негізгі қажеттілікті мойындау, әлемге деген негізгі сенімді қалыптастыру, психофизикалық қалыптылық мен бой алдыруды меңгеру;
Өзіндік сезімдерге, ойларға, қажеттіліктерге ие болу, күшті сезімдер қорқынышынан құтылып, жақын қарым-қатынастарды айналып өту, ұят пен күмәнділік сезімін қалыптастыру. Өзіндік ойы мен сезіміне, мінез-құлқына жауапкершілік алу;
Өзінің бойындағы кекшілдік ызалықты мойындап, ызалықты көрсетудің қолданбалы және қолданылмайтын тәсілдерін бөлшектеп беру. Қолданбалы түрдегі ызалықты білдру амалдары әдетте жағымды нәтижелерге әкеліп соғатынын қабылдау. Агрессиялықты жоюдың жаңа амалдарына үйретіп, күнәні сезінуді қалыптастыру;
Бойлап алған толыққансыздық сезімінен айыру. өзіндік бағалауды жоғарлату, өзіндік құзырлық сезімін қалыптастыру;
Өзіндік ерекшелікті қабылдау (белгілі бір шектеулері бар өзіндік «Мен»-ді қалыптастыру). Құрдастары арасында мойындалғаны жайлы анықтама алу, яғни жанұядағы «біз» бен мектептік деңгейдегі «біз»-ден басқа тағы да бір «біз»-ге ие болу.
Қойылып отырған міндеттер Э.Эриксонның (1996) жас шамасының дамуын кезеңге бөлу теориясынан туады. Мұндағы әрбір кезеңде тәуелсіз, пісіп-жетілмеген тұлғаның қалыптасуында аяқталмаған эмоциялық реакциялар болады.
Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру
Топ ішіндегі жұмысүш кезеңге бөліп көрсетуге болатын өзара байланысқан бөліктерден тұрады.
Бірінші кезең: төмендегідей бөліктерден тұратын қосымша дайындық:
топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі;
топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау;
топтық жұмыстың «жобасын» даярлау.
Екінші кезең: топтық сабақтар өткізу.
Үшінші кезең: төмендегіден тұратын соңғы кезең:
топпен соңғы кездесуді өткізу;
нәтижелердің қорытынды бағасын анықтау.
Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
Таңдау үрдісін бірнеше түрлі тәсілмен ұйымдастыруға болады. Жекелеген сұхбат әңгімелерді өткізуге болады. Үміткерлердің жиналысында алдағы сабақтар жайлы айтып, содан соң олардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуге де болады. Клиникаларда қолданылатын тәсілдердің бірі болып емші дәрігермен талқылау арқылы үміткерлерді таңдау.
Біздің ойымызша, ең дұрыс әдіс — жекелеген әңгіме-сұхбаттар. Әңгімелесу барысында жасөспірім өз проблемалары жайлы айта алады, ал психолог-психотерапевт — оның бл топқа қаншалықты сай келетінін түсіне алады. Әрбір болашақ топ мүшесін терапевтік үрдістің мақсаттары мен міндеттері жайлы, не болып және оның не істейтіні жайлы хабардар ете отырып, психотерапевт келісімін алуы қажет. Жасөспірімнің топ жұмысына араласуына ата-аналары да келісім беруі қажет.
Топ біркелкі — біркелкі емес ұстанымы бойынша қалыптастырылады. Біркелкі деп, алдымен, жасөспірімдер өміріндегі жағдайлардың ұқсастығын айтады. Мысалы, топ құрамына өмірге төніп тұрған қауіп салдарынан пайда болған бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдерді қосуға болады.
Біркелкі — біркелкі емес ұстанымынан басқа үміткерлерді таңдауда тағы да басқа бірнеше ережелерді сақтаған жөн.
Біздің тәжірибе көрсеткендей топқа төмендегілерді енгізуге болады:
бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакцияны жүйкелік симптомалар және мінез-құлқындағы ауытқулар арқылы білдіретін жасөспі-рімдерді;
интеллектуалдық және физикалық даму деңгейлері бір шамадағы жасөспі-рімдер;
бірлесіп жұмыс істеуге бейім жасөспірімдер;
ер және қыз жасөспірімдерді.
аса бір ерекше жағдайлардан басқа кезде топқа төмендегілерді енгізбеген жөн болады (алдын ала психологиялық түзету әрекетін жүзеге асырмастан):
өте агрессивті немесе өздеріне бірнеше рет қол жұмсағыш салғысы (суицидальды) келген жасөспірімдер;
тұрақты криминалдық «тәжірибесі» бар жасөспірімдер (олардың топ мүшелерімен «алмасу» әрекетін жасамас үшін).
Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
Кейде жасөспірім мінез-құлқы топтағы ережелерге сай келмей ақалады, осы жағдайды топ ішінде көрнекі мысал ретінде пайдалануға болады. Мәселен, егер топ мақсаттарының бірі - өзіндік агрессияны қолданбалы түрде көрсету болса, ал сабақ барысында жасөспірімдер арасында жанжал пайда болса, онда Сіз осыны мысал ете отырып, олардың бір-бірімен келіспей, ашуланып, өз сезімдерін ашық көрсетуді қолға алуыңызға болады. Бірақ сонымен қатар, өзіндік ашуды физикалық күш немесе бөлмеден қашып шығу арқылы көрсетуіне жол беруге болмайды.
Сондай-ақ, жасөспірімдердің топ ішіндегі өз мақсаттарын түсінуі белгілі бір қалыптылық пен қауіпсіздік сезімін береді, өзін «сәтсіз» деп сезінуіне жол бермейді.
Соңында, жасөспірімдердің өз мақсаттарын мойындап білуі оларға белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізуге болатынмақсаттарды қоюына көмектеседі, өз жетістіктерін бағалауға және топтық жұмыстан кейінгі де өз іс-әрекеті жоспарына жауапты болуына үйретеді.
Алдын ала өткізілетін сұхбат барысында жасөспірімнің топ ішінде неге үйренгісі келетіні жайлы анықтап алуға болады, мысалы:
мен салмақты болуды үйренгім келеді;
айналамдағылармен ұдайы ұрысысуды тоқтатқым келеді;
мен жаңа достар тапқым келеді, өйткені мені ешкім де жақсы көрмейді;
байсалдырақ болып, жұдырыққа ұмтылғым келмейді;
мен сәтсіздікке ұшыраудан шаршадым, мұғалімдер үнемі маған шағым айтады.
Алғашқы сабақтарда жасөспірімдер өздері нені күтетіндерін айтқан кезде, алдына ала болған сұхбат барысында айтылған мақсаттарын басқаша әңгімелеуі жиі кездеседі, өйткені олар өз мақсаттарын қайта қарап, анықтай түседі.
Топтық жұмыстың «жобасын» даярлау
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншктер тобындағы психотерапияның ұсынылып отырған үлгісі тұлға қызметінің үш түрлі деңгейіндегі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интегративтік көзқарасқа сүйенеді. Тұлға қызметінің үш түрлі деңгейі төмендегідей болады: гештальт терапиян, когнитивтік-бихевиоральдық көзқарас, Эриксон гипнозы, арт-терапия, денеге бағытталған терапия амалдарын қолданылатын саналы, санадан тыс және денелік.
Онтогенезге бағытталған психотерапияның мұндай үшөлшемділігі тұлғаны бекітуге, қажеттіліктерін қанағаттандырып, қалыпқа келтіруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынастары кеңейіп, үйлесімді болады, тұлғаны есею үрдісі мен өмір ұсынатын әлеуметтік-психологиялық өзгерістерге сәтті бейімделіп кетуіне даярлайды.
Топ ішінде өткізілетін сабақтар сценарийінің мысалы
Топ мөлшері: жасөспірмдермен жұмыс жасау үшін әдетте 6-8 (10) адамнан тұратын топты ұйымдастырады. Әрбір сабақ барысы 1,5-3 сағат болады.
Топ жұмысының негізгі шарты – құпиялылықты – сақтау үшін дыбыстық аппаратурамен жабыдықталған, еденіне жабын төселген (денеге бағытталған жаттығуларды орындауға қажетт), барлығы отыратын орындықтары бар, сурет салуға болатындай тегіс тақтасы бар оқаушаланған кең бөлме қажет.
Сабақ жоспары негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) кіріспе бөлімі (шынықтыру); 2) жұмыс уақыты; 3) талқылау (шеринг).
Кіріспе бөлімі мен талқылауға сабаққа бөлінген уақыттан әрқайсысына бір ширектен беріледі. Қалған уақыт, яғни сабаққа бөлінген уақыттың жартысы, белсенді түрдегі психотерапиялық жұмысқа арналады. Кіріспе бөлімі қатынасушылардың топ жұмысына кірісуіне мүмкіндік береді. Топ ішіндегі қалыптылық орнап, қатынасушылардың өзара әркеттестігі орнатылады, сондай-ақ барлық сабақтар арасындағы байланыс пайда болады. Кейінгі сабақтардың барлығын алдыңғы кездесулерге жасалынатын қысқаша шолудан бастап отыру қажет. Жасөспірімдерден соңғы сабақ жайлы не айтқылары келетіні жайлы сұрап отырған жөн. Тағы да бір маңызыд сәт — жасөспірмдердің сабақтар арасында нені істеуге (мәселен, жаңа мінез-құлық тәсілдері) тырысқанын талқылау.
Жұмыс уақыты сабақ көздейтін мақсатқа арналып, топ динамикасына тәуелді болады.
Талқылау үрдісі әрбір сабақтың маңызды бөлігі болып саналады, өйткені топ мүшелеріне сабақ барысында біліп-үйренгендеріне көңіл аударуына мүмкіндік береді. Талқылау үрдісі тұлғаның ішкі қарым-қатынастарын, жаңа сезімдерді, ойлары мен мінез-құлықтарын және жаңа білімді пайдалну мүмкіншіліктерін қарастырады. Тұлғаның ішкі қарым-қатынастары жасөспірімнің сабақ барысында басынан өткізгендерінен тұрады: оның ойлары, сезімдері, физикалық реакциялары және т.б.бұл деңгейге төмендегідей сауалдар жауап береді:
Бұл жайлы әңгімелегенде нені сезіндің?
Біреу өз проблемалары жайлы атқанда сенде қандай ойлар пайда болды?
Тұлғааралық байланыстар топ ішіндегілер арасында не болып жатқанын білдіреді. Бұл деңгейде төмендегі сауалдар қойылады:
Топ ішінде бүгін не болды деп ойлайсың?
Басқа топ мүшелері жайлы қандай жаңалық аштың?
Басқа қатынасушылардың қандай жаңа ойларына, сезімдеріне, мінез-құлықтарына назар аудардың?
Бүгін топ ішінде қандай жаңа ойларың пайда болды?
Сабақ басталар алдындағыдан өзгеше қандай жаңалықты сезіндің?
Сені не таңдандырды?
Жаңа білімнің қолданылатын саласын анықтаудың маңызы зор. Жасөспірімнің жаңа білімді қалай пайдаланғысы келетіні жайлы білу үшін төмендегідей сауалдарды қою қажет:
а) осы аптада қандай тақырыпта жұмыс істегелі отырсың? (мәселен, өзіме сенімдірек болуға).
б) Өз мінез-құлқыңды өзгерту үшін не істеуге тырысасың? (сезім, жаман ойлар).
Талқылауды әрбір жаттығу сайын және әрбір сабақтың соңында жасап отырған жөн. Егер талқылауға тиісті уақыт бөлінбесе, психотерапиялық жұмыстың алдыңғы кезеңдері өз күшін жоғалтып алады. Талқылау үрдісі сабақ барысындағы қол жеткізген жетістіктерді құрылымдауға көмектеседі. Бұл не болғанын айқын түсінуге, алынған тәжірибені меңгеруге себебін тигізеді. Жасөспірімдер есіктен шығып бара жатып, мынаны айта алуы қажет: «Мен... білдім. Мен... істеймін. (нақтылы)».
Талқылау үрдісі үй тапсырмасының жоспарын жасауға да ықпалын тигізеді. Топ ішіндегі жұмыс жасөспірімдердің есеңгіреу салдарынан пайда болған ауытқуларын жойып қана қоймай, сонымен қатар позитивті өмірлік жоспарды қалыптастыруына көмектесуі қажет. Бұл тұрғыдан қарағанда, топ ішіндегі сабақ мазмұнының ғана емес, сондай-ақ олардан тыс болып жатқанның нәрсенің де мағынасы зор болады. Сабақтар арасындағы жұмыс сабақ барысында алынған жасөспірімдердің біліктілігін шынайы өмірде бекітуіне мүмкіндік береді. Жасөспірімдер үй тапсырмасын сабақ арасындағы үзілісте орындап, ал топ ішіндегі кездесулерде жұмыс нәтижелері жайлы айтады делік. Үй тапсырамсының мазмұны жайлы топ жетекшісі мен топқа қатынасушылар біргіп келіседі. Әдетте, мұндай жұмыс бірқатар когнитивтік, мінез-құлықтық немесе эмоциялық тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады.
Үй тапсырмасының нақтылы мақсаттары төмендегілерден құралады:
жасөспірімді өз мінез-құлқын қадағалауға және өзімен жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарауға үйретеді;
топ ішіндегі психотерапия жетістіктерін үдету;
өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру (яғни олардың өз проблемаларымен сабақ барысындағыдай өздері жұмыс істей алатынын сезіндіру).
Жасөспірімге үй тапсырмасын орындаудың өте қажет әрі пайдалы екенін түсіндру қажет. Үй тапсырмасы міндетті түрде сабақ мазмұнымен үйлесімді болуы керек. Тапсырмалар түсінікті және топқа қатынасушылардың мүмкіншіліктеріне сай болуы қажет.
Үй тапсырмасының нәтижелерін топ ішіндегі келесі сабақта талқылауды ұмытпау керек.
Түзете дамыту бағдарламасы
Мақсаттары:
Басқа адамдармен әрекеттесу арқылы өзідегі күшті және әлсіз жақтарды мойындау.
Өзіңді тұлға ретінде түсіну және тұлғалық дамуы амалдарын табу, тұлға ішіндегі күштеулерді ысырту, өзіңні топ үшін маңыздылығынды түсіну.
Қарым-қатынастағы вербальдық емес техникаларды білу біліктілігін дамыту.
Қажетті уақыт: 1 сағат 40 минут.
Ынталандырушы материал: қағаз, қалам, ватман, фламастер, әрбір қатынасушының алдын ала келіп қойған заттары.
Тәртібі:
Жұмысқа үнемі қатынасу. Топтың әрбір мүшесі жұмысқа берілген уақыт бойы үзіліссіз қатынасады.
Топ тұйықтылығы. Топ ішінде болып жатқан нәрсенің барлығы, сыртқа шығарылмай, іште қалуы қажет.
Ашықтық пен ізгілік. Топ мүшелері барлық рөлдерді тастап, өз өзімен қалуы керек, ойлағынын айтуы, сезінгенін көрсетуі қажет.
«Тоқта!» ережесі. Ашық айтқысы келмегендіктен белгілі бір сауалға жауап бергісі келмесе, кейбір ойынға қатынасқысы келмей, немесе дайын болмаса, «Тоқта!» деп айтуына болады, бірақ бұл мүмкіншілік сабақ бойы бірақ рет беріледі.
Тексеру үрдісі:
Қатысушыларға берілген тренинг мақсаты аздап айтылады. Ары қарай мынадай сауалға ойланып жауап беру ұйғарылады: «сіздер біздің сабақтан не алғыларыңыз келіп еді?». Содан соң әрбір қатынасушы өз пікірін айтып шығады. Ережелер айтылып, онымен қатынасушылар келіскен соң, жүргізуші жаттығуларды бастайды.
Танысу.
Жүргізуші қатынасушыларға өз мінездеріндегі ең маңызды жерлері жайлы ойлануды ұсынады. Осыған орайлы қысқаша сипаттаманы ойластырыңыздар, өлең түрін де болады. Бір-бірлеп айтып шығамыз. Алдымен есімдеріңізді атап, содан соң пікілеріңізді айтасыздар. Содан кейін әрбіреуіңіз кезекпен ұсынылған жайлы жағымды бір қасиетті атайсыз. Аяқтайық. Рахмет. (қатынасқысы келмейтіндерге көбірек назар аударып, қарым-қатынас қиындыққа соғып отырғандарға демеу берген дұрыс). Енді біз бір-бірімізбен таныстық, жақындастық.
Өзіндік сын.
Жүргізуші: әрбір адамны өзін басқалардан ерекшелейтін қасиеттері жайлы, өзі жайлы пікірі болады. Қазір әрбіреуіңіз қағаз бен қалам алыңыз. Қағаз бетіне есімдеріңізді жазып, оны тік сызықтар арқылы тең үш бөлікке бөліңіз. Ал енді тапсырма: бірінші бағанға «Мен кіммін?»-деген сауалға жауап жазыңыз. 10 эпитет-сөз. Кім жылдам аяқтар екен. Өте жақсы. Екінші бағанға да сол сұраққа ата-аналарыңыздың беретін жауаптарын жазыңыздар. Жылдамырақ. Ал үшінші бағанға топ ішінен біреу жауап береді. Оған қағазды беріңіз. Бастадық. Қағаз бетін қайтарып алыңыздар. Енді осы үш жиынтықты салыстырыңыздар: сіз жайлы достарыңыз не жазғанын мұқият қараңыздар. Бұл жиынтықтарда қанша ұқсастық бар (сәйкессіздік болса, оған да назар аударыңыздар), сәйкестіктер санын санап шығыңыздар, соған сай келетін санды саусақпен көрсетіңіздер. Ал енді алынған нәтижелерге талдау жасайық. Сәйкестік саны көп неғұрлым көп болса, соғұрлым Сіз өзіңізді жақсы білесіз, басқаларға қарсылық көрсетпей, өзіңізді бар болмысыңызбен қабылдайсыз. Бұл өте маңызды: өзін бар болмысымен қабылдау.
№9 дәріс
Дәрістің тақырыбы:Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.
Дәрістің мазмұны:
1. Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.
2. Тұлғалық өсу тернингін жүргізу ережелері.
3. Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
Мақсаты: Тұлғалық өсу тренингінің ерекшелігімен оны жүргізу әдістерімен таныстыру. Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орнату. Психологиялық тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс нәтижесі бірдей көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видиотренинг, қарым-қатынас тренингі және тағы басқа тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзіндік тұрғыда дамытуға тұлағаның әлеуметтік ортада өзіндік реттеуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Адам табиғатының қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. «Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» деп Ф.Искандер тұжырымдағандай әлеуметтік – психологиялық тренингтің білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әрбір бастаған іс –әрекеттерінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктеріне сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне және достарына да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдарыңның адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігі және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1Тұлғалық өсу тренингі дегенді қалай түсінесің?
2.Тұлғалық өсу тренингінің түрлерін ата?
3. Тұлғалық өсу тренингінің принциптерін ата?
4. Тұлғалық өсу тернингін қандай жаттығулардан бастаған жөн деп ойлайсың
Падаланылған әдебиеттер:
1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.
2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.
3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000
4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж
5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .
6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.
7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.
№10дәріс
Дәрістің тақырыбы: Психотренинг- топтық психологиялық түзету жұмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде
Дәрістің мазмұны:
