- •7. Құймалы бетонды және темірбетонды құрылымдардың құрылғылары
- •7.1. Қалыптау жұмыстар
- •7.1 Сурет. Іргетасқа арналған қалып
- •7.2. Сурет. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы
- •7.3 Сурет. Құрастырудағы аражабын қалыбы:
- •7.4 Сурет. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
- •7.2. Шегендеу жұмыстары
- •7.5 Сурет. Аражабындардағы бетонның қорғаушы қабатын қамтамасыз ететін «лягушка» және «козелок»:
- •7.6 Сурет. Шегеннің қорғауыш қабатын қамтамасыз ету тәсілдері:
- •7.3. Бетонды жұмыстар
- •7.3.1. Бетон қоспасын дайындау
- •7.7 Сурет. Тауарлы бетон мен ерітіндіні өндірудің бірсатылы сұлбасы:
- •7.8 Сурет. Тауарлы бетон және ерітінді өндірудің екісатылы сұлбасы:
- •7.9 Сурет. Құраушылары еркін құлайтын бетонараластырғыштар (гравитациялық)
- •7.10 Сурет. Еріксіз араласатын бетонараластырғыштар:
- •7.3.2. Бетон қоспасын тасымалдау
- •7.3.3 Бетон қоспасын төсу
- •7.11 Сурет. Жұмысшы жіктердің орналасу ыңғайлылығы:
- •7.12 Сурет. Бетон қоспасын тығыздатушы тербеушілер:
- •7.3.4. Бетонды күту
- •7.3.5. Бетон жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
- •7.14 Сурет. Дайындамалар мен едендерді бетондау:
- •7.16 Сурет. Үлкен аралықты күмбездер мен аркалы көпірлер құрылысынын бетондау:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
7.11 Сурет. Жұмысшы жіктердің орналасу ыңғайлылығы:
а – вертикалды конструкцияларда, б – горизонталды конструкцияларда.
Өзінің әмбебаптылығы, тәсілінің аппаратуралық безендіру қарапайымдылығының арқасында вибротығыздатушылар кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл бетон қоспасының вибрация әсерінен тиксотропты сұйылту мүмкіндігіне негізделген.
Тербеуіштер батырмалы (тереңдікті), сыртқы (аспалы), беткі (7.12 сурет) болады.
7.12 Сурет. Бетон қоспасын тығыздатушы тербеушілер:
а – батырмалы (тереңдікті), б – аспалы, в – беткі
7.3.4. Бетонды күту
Төселген бетон белгіленген уақытта қажетті беріктілігіне ие болу үшін, оны дұрыстап күту қажет. Жаңа төселген бетонды ылғалды күйде ұстау қажет және оның сілкулерден, қандай да болмасын зақымдалудан, соққылардан, сонымен қатар температураның күрт өзгеруінен және тез кеуіп кетуінен қорғау керек. Бетонның күтілуі жасалмаса, төмен сапалы, дефектті және жарамсыз бетон алуға алып келеді, қоллданылған материалдардың сапасына, бетонның дұрыс таңдалған құрамына және дұрыстап бетондалуына қарамастан кей жағдайда конструкцияның бұзылуына алып келеді. Әсіпесе бетонды күту жатқызудың алғашқы күндерінде аса маңзды.
Жаңатөселген бетонды периодты суару арқылы ылғал күйінде ұстайды және жаз мезгілінде күн сәулелерінен, ал қыс мезгілінде аяздан қорғаушы жабындармен қорғайды. Жаңатөселген бетонның ашық жерлерін жауып және суаруды бетондау аяқталғаннан кейін 10-12 сағаттан кем емес уақыттан кейін бастайды, ал ыстық және желді ауа-райында – 2-3 сағаттан кейін бастайды. Бетонды жақсы ылғалдандырылған желкендік матамен, кенеп матамен, полимерлі пленкамен және басқа материалдармен жабады. Құрғақ ауа райында портландцементтегі бетондарды 7 тәулік бойы, сазбалшықты цементте – 3 тәуліктен кем емес, ал пластификалық цементтегі немесе пластификалық қоспалары бар бетондарды – 14 тәуліктен кем емес суарады.
Әсіресе түнде жақсы суару қажет. Температурасы 15 градиан және одан да көп кезінде алғашқы үш тәулігінде әр үш сағат және түнде бір реттен кем емес етіп суарады, ал қалған уақытта – тәулігіне су рет суарады. Егер бетонды жабуға материал жеткіліксіз болған жағдайда, бір тәуліктен кейін қалыңдығы 30-50 мм етіп құм немесе үгінділермен ауыстыруға болады. Жұмысшы жіктер бетіне үгінді жатқызу жіберілмейді. Бетонды құммен немесе үгіндімен жабу кезінде, бұл материалдар ылғалды жақсы ұстайтындықтан, суару арасындағы үзіліс 1,5 ретке дейін көбейтуге болады. Бетондарды ағысты шашырататын ұштары бар брандспойттар көмегімен суарады. Бетон су ағысымен шайылып кетпес үгін оның суаруын жатқызудан кейін 5-10 сағат өткен соң бастайды. Суару үшін қолданылатын су бетон қоспасының қатуы үшін судың талаптарына сай болуы керек.
Бетонның ашық горизонталды және еңкіш беттерін суарудан басқа ыстық ауа райында қалыпты да суарады. Қалыпты бағаналардан, қабырғалардан, арқалықтардан және тағы да басқа конструкциялардан шешу кезінде қалыбы ашылған бетон конструкцияларының вертикал беттерін суару мезгілі аяқталғанға дейін суарады. Вертикалды және шұғыл еңкіш беттерін суару кезінде уақ тесіктері бар құбырлар жүйесі бойынша үздіксіз су ағынын қолдану жақсы әсер береді. Ыстық құрғақ климатта бұл әдісті қолдану міндетті болады. Аққыш жер асты суларымен (әсіресе агрессивті) қатынаста болатын жаңатөселген бетон, олардың әсерінен уақытша суды шығару, оқшаулау құрылғысы және тағы да басқа құрылғылармен глиноземді цементте өндірген кезде үш тәулік ішінде және өзге цементте өндірген кезде 12 тәулік ішінде қорғалуы керек.
Бетонды жабу және суару біршама еңбек шығынын қажет етеді, сондықтан үлкен беттерді (алаңдарды, жолдарды, аэродромды жабындарды, едендерді, аражабындарды және т.б.), сонымен қатар торкретті қабаттарды жабу мен суарудың орнына арнайы бояғыш құрамдармен және қорғаушы пленкалармен ( «Этиноль» лагымен, қара майлы және битумды эмульсиялармен, сұйылтылған битуммен) жабу жіберіледі.
Бетондалған конструкция үстінде адамдардың қозғалысы, сонымен қатар олардың үстіне ағаштарды және қалыптарды орнату бетон беріктігі 1,5 МПа жетпей жіберілмейді. Автокөліктің және бетонтөсегіш көліктердің бетондалған конструкциялардың бетінде жүруі жұмыс өндірісінің жобасында қарастырылған бетон беріктігіне жеткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
