- •7. Құймалы бетонды және темірбетонды құрылымдардың құрылғылары
- •7.1. Қалыптау жұмыстар
- •7.1 Сурет. Іргетасқа арналған қалып
- •7.2. Сурет. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы
- •7.3 Сурет. Құрастырудағы аражабын қалыбы:
- •7.4 Сурет. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
- •7.2. Шегендеу жұмыстары
- •7.5 Сурет. Аражабындардағы бетонның қорғаушы қабатын қамтамасыз ететін «лягушка» және «козелок»:
- •7.6 Сурет. Шегеннің қорғауыш қабатын қамтамасыз ету тәсілдері:
- •7.3. Бетонды жұмыстар
- •7.3.1. Бетон қоспасын дайындау
- •7.7 Сурет. Тауарлы бетон мен ерітіндіні өндірудің бірсатылы сұлбасы:
- •7.8 Сурет. Тауарлы бетон және ерітінді өндірудің екісатылы сұлбасы:
- •7.9 Сурет. Құраушылары еркін құлайтын бетонараластырғыштар (гравитациялық)
- •7.10 Сурет. Еріксіз араласатын бетонараластырғыштар:
- •7.3.2. Бетон қоспасын тасымалдау
- •7.3.3 Бетон қоспасын төсу
- •7.11 Сурет. Жұмысшы жіктердің орналасу ыңғайлылығы:
- •7.12 Сурет. Бетон қоспасын тығыздатушы тербеушілер:
- •7.3.4. Бетонды күту
- •7.3.5. Бетон жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
- •7.14 Сурет. Дайындамалар мен едендерді бетондау:
- •7.16 Сурет. Үлкен аралықты күмбездер мен аркалы көпірлер құрылысынын бетондау:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
7.4 Сурет. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
1 – жақтық қалқалар; 2 – домкраты бар орталық тіреуіш; 3 – бойланған ойыс;
4 – горизонталды қалқалар; 5 – арба; 6 – рамаларды байланыстыратын бұрыш; 7 – каткалар; 8 – сыртқы қалыптың рамасы; 9 – накладка; 10- нұсқаушы тақтай
Сырғанайтын қалып қозғала алады, оны бетондауда үздіксіз жоғары көтереді және монолитті тік қабырғалары бар биік темірбетон имараттарын тұрғызу кезінде, соңғы уақытта ауыспалы қималарда да қолданады.
Мұндай қалыптарды қолдану қабырғаларында ойықтар мүлдем жоқ немесе кішкене мөлшерде ғана (силостар, түтін құбырлары, градирнялар, биік ғимараттардың қаттылық ядролары, резервуарлар, радио және теле мұнаралар) болатын имараттарды тұрғызу кезінде аса тиімді болады. Қалып екі бірдей биіктіктегі ішкі және сыртқы қалқаларынан тұрады.
Қалып арнайы букстар көмегімен домкратты біліктерге тірелетін, кеуекті бұрандалары бар домкрат көмегімен орын ауыстырады. Домкратты біліктер көмекші шеген ретінде бетонда қалдырылуы мүмкін, және арнайы құбыр көмегімен шығарылуы мүмкін. Домкратты біліктердің арақашықтығы 1,2 - 2,0 м болады. Қалыптың жоғарыға қозғалуына байланысты бетондау минутына 1 - 4 см жылдамдықпен, немесе қабат бойынша қалып қалақтарының циклдік көтерілуімен 70 - 80 см орындалуы мүмкін.
Құрылыста монолитті темірбетон мен құрамалы конструкцияларды бірге қолдану тиімді болып табылады. Қабырғалар, цокольдер, іргетастар және тағы да басқа конструкциялық элементтердің құрамалы және монолитті қоршауыш конструкцияларын араластырып қолдану да тиімді болып болады.
Монолитті бетонды төсеп және одан кейінгі үрдістерді орындағаннан кейін алынбайтын қалып конструкцияда қалады және онымен бірге жұмыс істейді. Қалып имараттың тек формасы мен сәулеттік көркемділігін ғана түзбейді, сонымен қатар беткі бөлігін атмосфералық әсерлерден қорғайды, конструкцияның беріктік мінездемесін арттырады, бетонның қатаю режимін жақсартады. Қалыптың ішкі бетіндегі шегеннің шығып тұруы және түзу емес, кедір-бұдырлылығы оның жатқызылатын монолитті бетонмен жақсы байланысуына көмектеседі. Алынбайтын қалыпты қолдану жұмыс өнімділігінің артуына көмек береді.
Функционалдық тағайындалуына байланысты қалыпты пішім түзуші конструкция ретінде, қалып-қаптама және қалып-изоляция ретінде, әдетте осы функциялардың барлығын бірге немесе оның кейбір бөліктерін қолданады. Кез-келген жағдайда бұл элементтер тұрғызылатын конструкцияның сыртқы беті болып табылады, сондықтан да олардың түрлі фактурасы да, зауыттық талаптарда жағылатын түрлі тақтайшалармен және басқа материалдармен өңделе алады.
Қалыптың зауыттық немес полигонды өндірілуі, оның өлшемдері, пішіні, конфигурациясы жобаның талабына байланысты түрлі болуы мүмкін.
Алынбайтын қалыптың материалы ретінде профирленген болат төсемді, керамикалық және әйнек жақтар, тіпті метал торларды да қолдануға болады. Сонымен бірге қалыпты темірбетоннан, бетоннан, шегенді цементтен, әйнекцементтен, фиброцементтен жасалатын қалыпты жазық, қабырғалы және табақша тәріздес профильді тақташалардан жасауға болады.
7.2. Шегендеу жұмыстары
Бетон конструкция материалы ретінде конструкцияларда жиі пайда болатын созылушы кернеулерге шамалы қарсы тұратыны белгілі.Созылушы кернеулерді қабылдау үшін созылуға жақсы қарсы тұра алатын материалдардан тұратын шеген қолданылады.
Мұндай материалдар ретінде ең алдымен болатты және шектелген өлшемдерде метал емес шегенді қолданады. Осымен қатар ауыр жүктемелі констркуцияларда, әсіресе олардың қималарының өлшемдерін үлкейтуге болмайтын жағдайда, шеген қысатын күштерді де өзіне алатынын ескеру қажет.
Метал емес шеген материалы ретінде біліктік шегендеу үшін әйнекпластикалық сым және дисперсті шегендеу кезінде кесілген синтетикалық немесе асбестті талшықтар қолданылады. Бұл материалдар берік, коррозияға берілмейді, бірақ олардың кейбір қасиеттері бетон шегендеу үшін олардың массалық қолдануында қиыншылық туғызады.
Болат шегендер мынадай мақсатта қолданылуы мүмкін:
Желілік шегендеу – бөлек сымдармен, шегенді есілген арқандармен, сым арқандармен, бөлек сымдармен и сымды шоқ тұтамдармен;
Жазықтық шегендеу – жазық шегенді қаңқалармен немесе торлармен;
Көлемді шегендеу – көлемді шегенді қаңқалармен;
Дисперсті шегендеу – диаметрі 2,5 мм дейінгі кесілген сыммен.
Темірбетон конструкцияларын өндіру кезінде бөлек шегенді бұйымдар – салу бөлшектерді және монтажды элементтерді қолданады.
Темірбетон конструкцияларын шегендеу үшін келесі нормативтердің біріне - ҚЕжН (СНиП) 2.03.01-84* жауап беретін шеген қолданылады. Бетон және темірбетон конструкциялары (ескі НТД) немесе ГОСТ 10884-94 (жаңа НТД).
ҚЕжН-на (СНиП) сәйкес мыналар қолданылады:
- А-І класты тегіс ыссыдомалатылған білікті шегенді болат;
- A-I, A-II, A-III, A-IV, A-V и А-VI класты периодты профилді ыссыдомалатылған білікті шегенді болат;
- Aт-IIIС, Aт-IV, Aт-IVС, Aт-IVК, Aт-V Aт-V Aт-VК Aт-VСК Aт-VС, Ат-VIК, Aт-VII класты периодты профилді термиялық және термомеханикалық беріктетілген ыссыдомалатылған білікті шегенді болат;
- Вр-I класты әдеттегі периодты профилді салқынтартылған шегенді сым;
- В-II класты жоғарыберіктікті тегіс салқын тартылған шегенді сым;
- Вр-II жоғарыберіктікті периодты профилді салқынтартылған шегенді сым;
- К-7 класты жетісымды спиральді шегенді сым арқандар;
- К-19 класты он тоғыз сымды спиральді шегенді сым арқандар.
Шегеннің басқа түрлерін қолдану да мүмкін, соның ішінде А-ІІІв класты құрылыс индустриясы мекемелерінде ауа сорғышпен беріктетілгеннен кейінгі түрі.
Коррозиялық жарықшақтануға тұрақтылығы бар термиялық және термомеханикалық беріктетілген білікті шегенде кернеу әсерінде «К» әрпі, пісірілетін – «С» әрпі қосылады.
Ыссы домалатылған білікті шегенді белгілеу кезіндегі «к» әрпі ауа сорғышпен беріктетілген шеген үшін, ал «с» әрпі – арнайы тағайындалған шеген үшін қолданылады.
Термохимиялық беріктетілген, мемлекетаралық стандартқа сай өндірілген шегенді болатты механикалық қасиеттеріне және эксплуатациялық сипаттайтын сәйкес класстарға ажыратады. Шегенді болатты Ат400С, Ат500С, Ат600, Ат600С, Ат600К, Ат800, Ат800К, Ат1000, Ат100К, и Ат1200 класты өндіреді.
ГОСТ 10884-94-ке бойынша шегенді болатты кластарына келесі белгілеулер сәйкес келеді СНиП 2.03.01-84: Ат400С – А-I, Ат500С – А-II, Ат600 – Ат-IV, Ат600С – Ат-IVС, Ат600К – Ат-IVК, Ат800 – Ат-V, Ат800К – Ат-VК, Ат1000 – Ат-VI , Ат1000К – Ат-VIК, Ат1200 – Ат-VI .
Шегенді болатты периодтық кескінмен мемлекеттік стандартқа сәйкес өндіреді. Ол екі бойлық қабырғалармен немесе оларсыз дөңгелек біліктен және профиль жақтарында түрлі бағыттары бар, көпкірісті бұрандалы сызықтар бойымен жүретін, біліктің бойлық осіне көлденең орақ тәріздес қабырғамен бұрышпен орналасқан түрде болады. Шегенді кескіндеу оның конструкцияда бетонмен ұстасуын жоғарылату мақсатында орындалады.
Салқын тартылған шеген – тойтару алу есебінен фильер арқылы созу процесінде беріктетілетін сым, мұндай шегеннің беріктік шегі оның диаметріне байланысты болады – диаметрі кіші болған сайын, беріктік шегі жоғары болады.
Салу бөлшектері үшін тақта, жаймаланған профиль қолданылады.
Зауыттармен орамды және маталы торлар өндіріледі.
ГОСТ талаптарына сәйкес диаметрі 10 мм және одан да үлкен шегенді болатты сұраныста көрсетілген ұзындық бойынша білік түрінде өндіреді.
Диаметрі 6 және 8 мм шегенді болатты шығанақтарда жеткізеді, бұл диаметрі 10 мм Ат400С, Ат500С және Ат600С класты болат үшін де жіберіледі.
Біліктерді 5,3 м-ден 13,5 м-ге дейін өлшеп өндіреді. Тұтынушы талабы бойынша ұзындығы 26 м-ге дейінгі біліктердің өндірілуі де жіберіледі. Массасы 10 т-ға дейінгі біліктерді сыммен байланған, тұтынушы талабы бойынша – 3т-ға дейін байламдарға орайды. Диаметрі 5-8 мм болаттарды шығанақтарда жеткізу кезінде, әр шығанақ шегенді болаттың бір кесігінен тұру керек, шығанақ массасы – 3 т-ға дейін.
Барлық шегендеу жұмыстарын екі топқа біріктіруге болады: шегендеу элементтерінің алдын-ала дайындалуы және олардың жобалық жағдайда орнатылуы. Шегенді элементтердің өндірілуі, ереже бойынша, зауыттық талаптарда орталықтандырылып жүргізіледі және дайындық, құрастыру жұмыстарын орындайды.
Дайындық жұмыстарының құрамына тазалау, түзету, кесу, майыстыру жатады.
Шығанақтарда жеткізілетін шегеннің қажетті өлшемдерге тазалау, түзету және кесулері дұрыс-кескіш станоктарда орындалады. Түрлі конструкциялы қораптағы шегендер шегенді қайшылармен кесіледі. Шегенді дайындамалардың майыстыруы түрлі конструкциялы, қолмен орындалатыннан бастап және компьютерлік басқарылатын станоктардан аяқтап, майыстыру станоктарымен орындалады.
Шегенді құрастыруға дайындық кезінде қалдықсыз технологияларды қолданған жөн – жапсар пісіргіш машинада бөлек сымдардан орам дәнекерленеді, кейін одан қажетті өлшемді дайындамалар кесіледі.
Құрастыру жұмыстары – жазық торлар мен қаңқалардың құрастырылуы және салу бөлшектерінің дәнекерленуі. Торлар мен қаңқалар бірқайрағыш және көпқайрағыш дәнекерлеу станоктарында байланыстырғыш дәнекермен дәнекерленеді. Жапсар бөлшектері – доғалы дәнекерленген немесе флюс қабаты астында байланыстырғыш дәнекерленген.
Құрылыс алаңында шеген элементтерінің ірілендіріп құрастыру және дайындау, жеке стерженьдерді монтажадау жүргізіліп, шеген блоктары, кеңістік қаңқалары, торлары, біліктерді орнатылып, монтаждау бөлшектерін біртұтас шеген конструкцияға біріктіреді.
Шегенді қалыпқа орнату кезінде шегеннің қорғаушы қабатының жобалық қалыңдығын қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінеді, бұл үшін бетонды немесе сымды астарлар (лягушка), метал немесе пластмассалы фиксаторлар (7.5, 7.6 сурет) қолданылады. Ұзартылған біліктер және тұтқа тәріздес болат фиксаторлар бетонның бетіне шығып, оны таттандырады. Пластмасалылар тез ескіреді, жүктеме астында деформацияланады, бұл жарықшақтардың пайда болуына алып келеді.
