- •7. Құймалы бетонды және темірбетонды құрылымдардың құрылғылары
- •7.1. Қалыптау жұмыстар
- •7.1 Сурет. Іргетасқа арналған қалып
- •7.2. Сурет. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы
- •7.3 Сурет. Құрастырудағы аражабын қалыбы:
- •7.4 Сурет. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
- •7.2. Шегендеу жұмыстары
- •7.5 Сурет. Аражабындардағы бетонның қорғаушы қабатын қамтамасыз ететін «лягушка» және «козелок»:
- •7.6 Сурет. Шегеннің қорғауыш қабатын қамтамасыз ету тәсілдері:
- •7.3. Бетонды жұмыстар
- •7.3.1. Бетон қоспасын дайындау
- •7.7 Сурет. Тауарлы бетон мен ерітіндіні өндірудің бірсатылы сұлбасы:
- •7.8 Сурет. Тауарлы бетон және ерітінді өндірудің екісатылы сұлбасы:
- •7.9 Сурет. Құраушылары еркін құлайтын бетонараластырғыштар (гравитациялық)
- •7.10 Сурет. Еріксіз араласатын бетонараластырғыштар:
- •7.3.2. Бетон қоспасын тасымалдау
- •7.3.3 Бетон қоспасын төсу
- •7.11 Сурет. Жұмысшы жіктердің орналасу ыңғайлылығы:
- •7.12 Сурет. Бетон қоспасын тығыздатушы тербеушілер:
- •7.3.4. Бетонды күту
- •7.3.5. Бетон жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
- •7.14 Сурет. Дайындамалар мен едендерді бетондау:
- •7.16 Сурет. Үлкен аралықты күмбездер мен аркалы көпірлер құрылысынын бетондау:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
7. Құймалы бетонды және темірбетонды құрылымдардың құрылғылары
Бетон және темірбетонды конструкциялар Ресейдегі құрылыстың барлық түрінде негізгі болмаса да, үлкен орын алады. Конструкциялар құрамалы, құрама-монолитті және монолитті болуы мүмкін. Берілген нұсқалардың өзіндік артықшылықтары, сонымен қатар кемшіліктері де бар. Монолитті бетонды қолдану, конструктивті шешімдердің оптимизациясы, кесілмеген кеңістік жүйесіне ауысу, элементтердің бірлесіп жұмыс істеуін ескеру арқасында болаттың шығынын 7-12%, бетон шығынын – 12% төмендетуге мүмкіндік береді. Монолитті конструкцияларда жапсар қиыншылықтары оңай шешіліп, оқшаулағыш конструкциялардың жылуқорғағыш қасиеттері жақсарады, эксплуатациялық шығындар азаяды. Алайда, осы кезде құрылыс алаңында энергетикалық және еңбек шығындары өседі, себебі монолитті темірбетоннан құрылыс кезінде жұмыстың негізгі көлемі құрылыс алаңына тиесілі болады.
Курстың берілген бөлімінде біздер бетондалған конструкциялардың беріктік жинауы үшін ұстауға қажетті, спецификасы «сулы процестерге» негізделген, монолитті бетон және темірбетон конструкцияларының тұрғызу технологиясын қарастырамыз..
Монолитті конструкциялар тұрғызу жұмыстарының кешеніне қалыпты өндіру және орнату процестері, шегенді өндіру мен орнату, бетон қоспасын дайындау, транспорттау және жатқызу, қалыпты бұзу жұмыстары кіреді. Алайда, қалып орнату және шегендеуді дайындық жұмыстарына жатқызады. Қалыптарды, шеген қаңқаларын, шегендіқалып блоктарын өндіру, тауарлық бетон қоспасын дайындау – бұл негізінен зауыттық өндіріс процестері, қалып пен шегенді орнату, бетон қоспасын орнату мен жатқызу, бетонды ұстау, қалыптың демонтажы – бұл құрылыстық процестер.
7.1. Қалыптау жұмыстар
Қалыптау жүйесі – қалып және оның қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін элементтер – конструкцияны ұстап тұратын бекіткіш, құрылыс алаңындағы сатылардан тұратын жүйе. Қалып – бұл, бетон және темірбетон конструкцияларын тұрғызу кезінде, тұрғызылатын ғимарат немесе имараттың орнында бетон қоспасын жатқызатын қалып. Қалыптың конструкциясы бетонды конструкцияның жобаланған өлшемдерін нақты кепілдік беруі керек. Бетонмен қатынаста болатын қалыптың ішкі беті бетонды конструкцияның шартты беттіктер сапасын қамтамасыз етуі керек.
Бұл үшін қалып мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
Жобалық өлшемдерге дәл сәйкес келуі;
Өз салмағының әсерінде, шеген мен бетон қоспасының салмағы, желдік жүктемелер, жұмыс өндірісі процесінде туындайтын жүктемелер (вибрация, орнатушылар салмағы, механизмдер, термобелсенді қалып қолданған кезде температуралық жүктемелер) әсерінде осы өлшемдері мен пішінін сақтап қалуы;
Жаңа төселген бетонға минималды адгезиямен ішкі беттерінің тегіс болуы;
Технологиялық және үнемді, яғна құрастыру және бұзу кезінде қарапайым, еңбекті көп қажет етпейтін және арзан болуы керек.
Қалыптың беріктігі мен қаттылығы оның жобалау кезінде есептеу арқылы қамтамасыз етіледі. Бетінің сапасы, сонымен қатар бетондалған конструкцияға адгезияның төмендетілуі майлау арқылы іске асады. Майлаулар ең қарапайымдылардан (өңделген мотор майы) экзотикалықтарға дейін, қалып материалына және құрылыс мекемесінің мүмкіндіктеріне байланысты бір немесе бірнеше рет қолданылатын болып келеді.
Қалыпты орнату үшін қолданылатын материал ретінде ағаш, болат алюминді қорытпалар, ылғалға тұрақты жұқа тақтай және ағаш тақтайлар, темірбетон, шегенделген цемент, әйнекпластик, жоғары беріктікті толтырғыштармен полипропилен, тілмектелген маталар қолданылады.
Қалыпты орнату кезінде материалдарды комбинирлеу олардың әрқайсысының спецификалық қасиеттерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қалыптың ұстап тұрушы элементтері әдетте олардың жоғары айналымдылығына жетуге мүмкін беретін болаттан және алюминий құймаларынан орындалады. Жұқа тақтай және пластик қолдану кезінде қалыптың айналымдылығы 50 реттен астамға жетеді, бұл кезде материалдың бетонға төмен адгезиясы арқасында бетінің сапасы әлдеқайда жоғарылайды. Болатты қалыпта қалыңдығы 2-6 мм тақталарды қолданады, бұл мұндай қалыпты жеткіліктей ауырлатады. Ағаш материалдан жасалған қалыптарды синтетикалық жабындармен қорғайды. Қалып бетіне пленкаларды ағаштың сіңіруі үшін бакелиттті сұйық шайырды, эпоксидті-фенолды лактарды, фенолформальдегидпен сіңірілген әйнекматаны қолданумен ыссы престеу әдісі арқылы жағады. Қазіргі таңда Чудов қаласында өндірілетін қалыңдығы 18-22 мм ылғалға тұрақты жұқа тақтайлар кеңінен қолданылады. Жабын қабаты үшін әйнекпластиктерді, қабатталған пластиктерді, винипласттарды қолданады.
Пластмассалық қалыптарда қолданылады, әсіресе әйнекталшықтармен шегенделгендер. Оларда статикалық жүктемелер кезінде жоғарғы беріктігі бар, бетонмен химиялық сәйкес болып келеді. Полимерді материалдардан жасалған қалыптар кішкене массасымен, пішінінің тұрақтылығымен және коррозияға қарсы тұруымен ерекшеленеді. Мүмкін болатын зақымдар жаңа жабынның жағылуы арқылы оңай шешіледі. Пластмассалық қалыптардың кемшілігі – температураны 60 0С дейін жоғарылатумен термоөңдеу кезінде күш көтеру қабілеті лезде төмендейді.
Комбинирленген қалыптар да пайда болды, бұл кезде метал палубаға қабатты пропилен жағылады. Тоқөткізгіш толтырғышпен композиттерді қолдану бетонға реттелетін жылулық әсері бар жылытылатын жабындар алуға мүмкіндік береді.
Қайта қолдануна қарай қалыптарды инвентарлы деп бөледі, яғни көпретті қолданылатын және тек бір имаратта қолданылатын стационарлы болады.
Конструктивті қатынаста қалып болуы мүмкін: сұрыптап-ауысатын майдақалқанды және іріқалқанды, көлемді-ауысатын (блокты), сырғанайтын; домалайтын; шешілмейтін және жекеше.
Сұрыптап-ауысатын қалыпты іргетастарды, аражабындарды, бағаналарды, арқалықтарды, қабырға режелерін және басқа конструкцияларды бетондау кезінде қолданады. Бұл қалыптың универсалды түрі десек те болады. Мұндай қалып үшін көбіне материал ретінде пиломатериалдар, металлжаймалау және олардың үйлесімдерін қолданады. Құрастырмалы-ауысатын қалыптар жиналатын элементтер – қалқандар, короба, кружала, тағандар, сонымен қатар бөлек қырлы кеспелек ағаштар және тағандар. Ағаш қалыптың элеметтері тақтайлар мен қырлы кеспелек ағаштардан жиналып шегелермен тігіледі. Жиектері кесілген қалыңдығы 25 мм-ден кем емес ауалық-құрғақ тақталар алынады. Бетонның беті түзу және тегіс болуы үшін қалыптың бетонға тиесілі бетін сүргілейді. Осы беті бетондау алдында олифамен, әкпен майланады немесе бояулармен (лактармен) боялады.
Осындай қалыпты конструкцияның көрінісі 7.1 және 7.2 суретте көрсетілген.
