- •1. Баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтары
- •2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының спецификалық заңдылықтары
- •3. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер
- •4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы
- •5. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы
- •Қр білім беру жүйесінде мшб, мүгедек балалардың құқықтары
- •7. Есту қабілеті зақымдалған балалардың тері арқылы түйсіну және сипап сезіп қабылдаулары
- •8. Есту қабілеті зақымдалған балаларда зейіннің даму шарттары
- •9. Ойлау түрлері және оның естімейтін балаларда даму ерекшеліктері
- •В.В.Лебединский бойынша психикалық дамудың ауытқушылығының типтері
- •10. Ойлау операциялары және олардың өзіндік ерекшеліктері
- •11. Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсініктің қалыптасу ерекшеліктері
- •13. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері және оның бұзылыстары
- •14. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің психологиялық сипаттамасы 50бет
- •15. Естуінде ауытқушылығы бар баланың тұлға ретінде даму ерекшеліктері және онық өзіндік қалыптасуына әсер ететін факторлар 67 бет
- •16. Инклюзивті білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде психологиялық қолдау:
- •17. Естуінде ауытқушылығы бар баланың отбасында тұлға болып қалыптасуы:
- •18. Қр инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы:
- •19. Актуальды даму, дамудың жақын аймағы:
- •20 Есту қабілеті зақымдалаған балаларда ой әрекетінің қалыптасу этаптары
- •21 Дамудың сензитивті кезеңдері
- •22 Ой дамуын сипаттайтын теориялар мен концепциялар
- •23 Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ес қабілетінің ерекшеліктері
- •24 Сурдопсихологияның ақш–да дамуына тарихи шолу
- •25 Жүйке жүйесінің құрылымы
- •26 Психопрофилактикалық жұмыс кезеңдері
- •27 Естімейтін балалардың дактильдік және мимикалық қол-қимыл (жестік) сөйлеу тілі
- •43 Сөздік ес, сөздік есті дамыту кезеңдері
- •44 Ес және оның түрлері
- •45 Арнайы психологиялық көмектің үлгісі
- •62. Адам эмоциялары туралы жалпы түсінік.
- •67. Хискей Небрас тесті.
- •68. Мектепке дейінгі жастағы, бастауыш сыныптарда, жеткіншек жастағы естімейтін балалардың сөздерді сөйлеу барысында қолдану ерекшеліктерін атаңыз
- •69. Естімейтін баланың меңгеретін сөйлеу тілінің түрлерін атаңыз «Полиглоссия», «екі тілділікті» түсіндіріңіз.
- •80. Бине-симон тесті
- •81. Векслер шкаласы
- •82. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
- •83. Галпериннің зейін гипотезасы
- •84. Адаптация
- •85. Эмоция туралы түсініктің дамуының негізгі бағыттары
- •86. Н.Е. Баланың сөзді қолданудағы жиі кездесетін алмастырулар 53бет
- •88. Оқуға қабілеттілік (Тигранова л.И.)
- •89. Психологиялық көмек көрсет у әдістері
7. Есту қабілеті зақымдалған балалардың тері арқылы түйсіну және сипап сезіп қабылдаулары
Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. Тері арқылы түйсіну, заттың теріге жанасуынан пайда болады. Тері арқылы түйсінулердің ішінде, вибрациялық сезіну – есту бұзылуының орнын толтыруда өте маңызды сезім. Вибрация ауада, қатты немесе сұйық денеде беріледі. Адамның өзі вибрация шығаратын затқа жанаспаған жағдайда, оны қоршаған ортадағы басқа заттардың жеткізуі арқылы қабылдай алады, вибрациялық сезімдер, адамнан алыс тұрған заттар мен құбылыстар туралы білуге мүмкіндік береді. Есту кемістігінде бұл өте маңызды. Себебі, саңырау адам, ең маңызды қабылдаушы аппарат – есту қабілетінен айрылған. Вибрациялық түйсік, әсіресе, естудің қалдық мүмкіндігі бар адамдарға көп көмек береді: мұндайда зақымданған есту мүмкіндігі үшін, қажетті интенсивтіліктің сәл ғана көлемі жетеді. Вибрациялық сезімді танымдық құрал ретінде пайдалану үшін, арнайы жаттығулар керек. Мысалы, кішкентай балалар үшін, жалпы сезім кешеніндегі вибрациялық сезімді бөліп алу қиын. Сондықтан, балаларды әртүрлі вибрация жасайтын және вибрация жасамайтын заттармен таныстыру, вибрацияның кеңістікте ауа толқыны арқылы берілетіндігін сезіндіру қажет. Нәтижесінде, саңырау балаларда, вибрациялық сезіну қабілеті өте жоғары екендігі анықталады. Мысалы, саңырау балалар сау балаларға қарағанда, вибрацияның шығу көзін 2 есе анық ажырата алады. Осылайша, есту анализаторының толық тоқталуымен вибрациялық сезіну күшейе түседі, ал есту қабілеті күшейгенде - керісінше, төмендейді. Вибрациялық сезінулерді күшейту үшін, арнайы жаттығулар кешені орындалады. Вибрациялық сезімнің дамуы, сөйлеуді меңгеруде, қабылдауда және дыбыстауда маңызды орын алады. Сөйлеген кезде шығатын вибрацияны, саңырау балалар сөйлеушінің тамағына саусағын немесе алақанын қойып «тыңдау» арқылы, оның не айтқанын ұғына алады. Сондай-ақ, сөйлеудің қарқынын, ырғағын, екпінін естімейтін балалар, осы жолман айқын қабылдайды. Вибрациялық түйсіктер, саңырау балалардың өз дыбыстауын, сөйлеуін бақылауға мүмкіндік береді.
Сипап-сезу арқылы қабылдау. Сипап-сезудің көмегімен танымдық үдеріс жүзеге асады, сонымен бірге, оған тері және қимыл түйсіктері қатысады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сипап сезу қабілеттерінің дамуында, кәдімгі еститін балалардағыдай түрдіс байқалады, бірақ сипап сезудің күрделі түрлерінде, анағұрлым кейіндеу болатыны байқалады» 1 . Осылайша, саңырау балалардың түйсік пен қабылдау үрдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасау, келесіге көз жеткізеді, бұл категориядағы балаларда, жоғарыда аталған үрдістердің дамуында дефицитарлық дизонтогенияға тән даму заңдылықтары байқалады. Қабылдаудың бір жүйесінің кемістігі, басқа сезімдер дамуының бұзылуына әкеп соғады. Бұл дефицитарлық дизонтогенез сипаттарының бірі.
8. Есту қабілеті зақымдалған балаларда зейіннің даму шарттары
Мектеп жасына дейінгі естімейтін балаларда, олардың қалыпты құрбылары сияқты, зейіннің негізгі түрі – ырықсыз зейін жақсы дамиды. Бұл балалардың зейінін әртүрлі құбылыстар мен қызықты заттар арқылы аударуға болады. Зейіннің тұрақтылығы баланың жасына сай өзгереді. Естімейтін бала жыл басында 3 минуттан артық бір іспен айналыса алмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа көбейеді. Тапсырманың түрі өзгерсе, тұрақты зейін уақыты 30-40 минутқа дейін ұлғаяды. Мектеп жасындағы балаларда, ырықты зейін түрі біртіндеп қалыптаса бастайды. Ол саналы бақылауға көнетін бола бастайды, тұрақтылық, ауысу және таралу сапалары қалыптасады. Естімейтін баланың зейінінің ауысуы қиындықпен жүзеге асады. Ал зейін тұрақтылығы мен ауыспалылығы, қабылданатын материалдың көрнекілігіне байланысты болады. Материал қаншалықты айқын, көрнекі болса, бала ақпаратты соншалықты жақсы қабылдайды. Бұл балаларды оқытуда, көрнекі құралдар кеңінен қолданылуы қажет. Мысалы, суреттер немесе айқын нәрселер, ырықсыз зейінді аударса, кестелер мен сызбалар ырықты зейінді аударады. Ырықты зейіннің қалыптасуы, қалыпты құрбыларына қарағанда, 3-4 жыл кейін қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балалар үшін, көру тітіркендіргіштері қалыпты балалардағыдай емес, маңызды болып есептеледі, демек, түсетін ақпаратты қорытуда, көру анализаторына негізгі күш түседі. Мысалы, сөйлеуді қабылдау, сөйлеуші адамның бетіне мұқият қарап, оның ерін қимылын ұғынумен жүзеге асады. Бет мимикасының секунд сайын өзгеруі, зейіннің шоғырлануын қажет етеді, бұл өз кезегінде тыңдаушыны шаршатады, оның зейіні ыдырайды. Ал, зейіннің жоғарғы түрлері, олардың тіл дамуының кемістіктеріне байланысты, кеш дамиды. Алғашқы кезде, ырықты зейін, ересек адамдардың ықпалымен қалыптасады. Ересек адамның сілтеу белгісі мен сөйлеумен берілетін нұсқауы, қоршаған ортадағы заттардың ішінен қажеттісіне баланың назарын аударады. Бала біртіндеп, өзіндік нұсқаулар негізінде, өз әрекетін басқара бастайды.
