Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сурдопсих отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.88 Mб
Скачать

62. Адам эмоциялары туралы жалпы түсінік.

Эмоция (фр. emotionлат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерәсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.

Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынанпантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді

63. Есту бұзылыстары бар балаларға арналған рольдік-сюжеттік ойындардың ерекшеліктері. Сюжеттік–рөлдік ойын, саңырау балалардың мектепке дейінгі жасындағы жетекші әрекеті болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сюжеттік–рөлдік ойындарының дамуында, бірқатар ерекшеліктер бар. Мазмұны жағынан, бұл балалардың сюжеттік–рөлдік ойындары, еститін сау балалардың ойындарымен ұқсас (Г. Л. Выгодская). Саңырау балалардың ойындарында, ересек адамдардың тыныс-тіршілігі, қарым- 119 қатынасы мен іс-әрекеті көрініс береді. Себебі, саңырау балалар өздерін қоршаған ортадан алған әсерлерінің шеңберінен аспайды. Сау балаларға қарағанда, саңырау балалар заттық-әрекеттік ойындар деңгейінде тұрақтап қалады, ал олардың сюжеттік ойындары бірыңғай, тым қарапайым болып келеді. Саңырау балалар жасырын қарым-қатынастарды, өз беттерімен үнемі ұғына бермейді, есесіне, көрнекі-заттық әрекеттерді ойындарында барынша көрсете алады. Сюжет детальды түрде орындалатын әрекеттермен ығыстырылып қалады. Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларға педантизмге бейімділік тән, олар қоршаған ортаның шындығын, өз ойындарында толық көрсетеді. Балалар сол рөлдерді, сөздерді, әрекеттерді механикалық түрде қайталай береді. Әрі сол ойынды бұрын ойнағандай, дәл сондай жағдайлар жасауға тырысады. Саңырау балаларда сонымен бірге, өзге балаларға механикалық еліктеу элементі кездеседі. Олар өз жандарынан еш жаңалық енгізбестен, тек өзгелердің ойынын қайталай беруге жалықпайды. Саңырау балаларда ойын барысында, заттарды алмастыру қиындығы жиі кездеседі. Тіпті, қызметі жағынан жарайтын заттың өзін, қажет затты алмастырушы ретінде қабылдай алмайды (мысалы, машинаның орнына текшемен, қасықтың орнына таяқшамен ойнау сияқты, уақытша шартты әрекеттер болмайды). Саңырау балалар ойын әрекетін меңгерген сайын, біртіндеп детальды кеңейтулер енгізе бастайды. Айталық, қуыршақты тамақтандыруда, қасықты оның аузына жақындатумен шектелмейді. Ол алдымен, тамақты тәрелкеге салады, қасықпен араластырады, үрлеп суытады, содан кейін, «тамақтандыра бастайды» т.б.»

64. Есту бұзылыстары бар балалардың тұлға аралық қатынастарын қалыптастыруда жанұяның ролі. Эмоционалды-ерікті саланың қалыптасуы мен жеке тұлғалық дамуында отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Мұндағы тұлға дамуына ықпал ететін маңызды фактор – ол ата-ананың өздерінің есту қабілеттерінің бұзылуы немесе бұзылмауы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-анасы саңырау болса, олар өздерінің интеллектуалды эмоционалды күйлерін жеткізуде, сау балалардан кем емес, ал ата-анасы еститін саңырау балалардың мінез-құлқындағы эмоционалды көріністер өте жұпыны болып келеді. Саңырау ата-аналардың, бастауыш сынып жасындағы саңырау балалары, өз құрбыларымен анағұрлым белсенді қарым- қатынас жасайды, білуге құштар, өз достары арасында басшылыққа ұмтылады. Ал еститін, ата-аналардың саңырау балалары, керісінше, өте ұялшақ, белсенді қарым-қатынастан қашқақтайды, жалғыз болуға тырысады. Саңырау ата-аналардың саңырау балаларында, жасөспірімдік шаққа жеткенде, өздері туралы, өз мүмкіндіктері мен қабілеттері туралы нақты мағлұматтары болады, яғни, еститін ата-аналардың саңырау балаларына қарағанда, анағұрлым адекватты көзқарастары орнығады. Бұл ерекшелік былайша түсіндіріледі: алғашқы кезден-ақ, еститін ата-аналар өздерінің саңырау балаларымен эмоционалды қарым-қатынас орната алмайды, олардың қажеттіліктері мен тілектерін нашар түсінеді, шектен тыс қамқорлық жасап, балаға өз бетімен әрекет ету мүмкіндігі мен тәуелсіздік бермейді. Мұның барлығы, саңырау балаларды ересек адамдарға тәуелді ете түседі, ебедейсіздік (ригидтілік), импульсивтілік, иланғыштық пен эгоцентризм тәрізді, теріс жеке тұлғалық белгілерді қалыптастырады. Әрине, бұл аталған кемшіліктердің барлығы, тиісті коррекциялық оқыту-тәрбиелеу үдерісінде түзетіледі немесе анағұрлым жеңілдетіледі. Өзіндік бағалау деңгейі жоғарылайды, сыни көзқарас пайда болады, өз мүмкіндігіне сәйкес талап қалыптасады; басқа адамдардың жеке тұлғалық және эмоционалды ерекшеліктерін дұрыс, әрі нәзік түрде сезіну қабілеттері жетіледі.

65. Іс – әрекет нәтижесін талдау әдісі.

Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес. Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: -іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау. - баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді. - іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды. - тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.

Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойын әдісі - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

66. Әрекет шкалалары және вербальды емес тестер Тест ХІХғ. пайда болып, оның пайда болуына көрнекті ағылшын оқымыстысы Гальтонның есімімен тығыз байланысты. Оның психодиагностикаға ашқан жаңалығы – жеке адамның дара ерекшеліктерін зерттеу техникасын құрды, стастикалық әдісті еңгізді. Ес түйсігін зерттеу әдісін ойлап тапты. Қиялды зертеу үшін, ол арнайы сұрақтар құрып, қандай да бір объектіні көрсету ұсынылды, сонымен онда туған образдың ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауап алынды. Ақыл - ойды зерттеу үшін Гальтон анкета әдісін қолданып, оған эксперименттік зерттеуді қосты.