- •1. Баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтары
- •2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының спецификалық заңдылықтары
- •3. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер
- •4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы
- •5. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы
- •Қр білім беру жүйесінде мшб, мүгедек балалардың құқықтары
- •7. Есту қабілеті зақымдалған балалардың тері арқылы түйсіну және сипап сезіп қабылдаулары
- •8. Есту қабілеті зақымдалған балаларда зейіннің даму шарттары
- •9. Ойлау түрлері және оның естімейтін балаларда даму ерекшеліктері
- •В.В.Лебединский бойынша психикалық дамудың ауытқушылығының типтері
- •10. Ойлау операциялары және олардың өзіндік ерекшеліктері
- •11. Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсініктің қалыптасу ерекшеліктері
- •13. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері және оның бұзылыстары
- •14. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің психологиялық сипаттамасы 50бет
- •15. Естуінде ауытқушылығы бар баланың тұлға ретінде даму ерекшеліктері және онық өзіндік қалыптасуына әсер ететін факторлар 67 бет
- •16. Инклюзивті білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде психологиялық қолдау:
- •17. Естуінде ауытқушылығы бар баланың отбасында тұлға болып қалыптасуы:
- •18. Қр инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы:
- •19. Актуальды даму, дамудың жақын аймағы:
- •20 Есту қабілеті зақымдалаған балаларда ой әрекетінің қалыптасу этаптары
- •21 Дамудың сензитивті кезеңдері
- •22 Ой дамуын сипаттайтын теориялар мен концепциялар
- •23 Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ес қабілетінің ерекшеліктері
- •24 Сурдопсихологияның ақш–да дамуына тарихи шолу
- •25 Жүйке жүйесінің құрылымы
- •26 Психопрофилактикалық жұмыс кезеңдері
- •27 Естімейтін балалардың дактильдік және мимикалық қол-қимыл (жестік) сөйлеу тілі
- •43 Сөздік ес, сөздік есті дамыту кезеңдері
- •44 Ес және оның түрлері
- •45 Арнайы психологиялық көмектің үлгісі
- •62. Адам эмоциялары туралы жалпы түсінік.
- •67. Хискей Небрас тесті.
- •68. Мектепке дейінгі жастағы, бастауыш сыныптарда, жеткіншек жастағы естімейтін балалардың сөздерді сөйлеу барысында қолдану ерекшеліктерін атаңыз
- •69. Естімейтін баланың меңгеретін сөйлеу тілінің түрлерін атаңыз «Полиглоссия», «екі тілділікті» түсіндіріңіз.
- •80. Бине-симон тесті
- •81. Векслер шкаласы
- •82. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
- •83. Галпериннің зейін гипотезасы
- •84. Адаптация
- •85. Эмоция туралы түсініктің дамуының негізгі бағыттары
- •86. Н.Е. Баланың сөзді қолданудағы жиі кездесетін алмастырулар 53бет
- •88. Оқуға қабілеттілік (Тигранова л.И.)
- •89. Психологиялық көмек көрсет у әдістері
22 Ой дамуын сипаттайтын теориялар мен концепциялар
Ой дамуын сипаттама берген ғалымдар:
1. К.Д.Ушинский-«Логикалық ойлау-логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны-логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс»
2. С.П.Рубинштейн-«ойлау дегеніз-ақиқат дүниені өзарабарлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс.
23 Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ес қабілетінің ерекшеліктері
24 Сурдопсихологияның ақш–да дамуына тарихи шолу
Сурдопсихологияның даму тарихы АҚШ-тада басқа елдер сияқты ХХ ғасырдан бастап жеке ғылым ретінде қарастырыла бастады. ЕҚЗБ психикалық даму ерекшеліктеріне және оқу әдістерінің мәселеріне қарамастан АҚШ-та сурдопсихологияның даму жолдары әртүрлі. Бұл ерешеліктер келесі себептерге байланысты: тарихи, әлеуметтік-экономикалық, және ұлттық шарттарға, сонымен қатар психологияның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты. АҚШ-та ең брінші мемлекеттік ЕҚЗБ үшін мектеп ашылғаннан бастап, осы балаларды зерттеу ХІХ ғасырдан бастау алады. Алғашында ЕҚЗБ тәртібіне байланысты мұғалімдерде көптеген мәселелер туындады, сондықтан мұғалімдер ЕҚЗБ психикасын зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы ғылым саласы бойынша ең алғашқы еңбекті 1889 жылы Д.Гринберг ұсынды, ол ЕҚЗБ интеллектуалды мүмкіндіктерін зерттеу бойынша әдістеме ұсынды. Кейіннен Н.Тейлор 1894 жылы ЕҚЗБ арналған мектепте жұмыс жасап жүріп, «ЕҚЗБ психологиялық ерекшеліктері мен арнайы білім беру үшін психологиялық зерттеулер» атты статиясы жарық көрді. ХХ ғасырдан бастап АҚШ-та нашар еститін және естімейтін балаларды психофизикалық және ақыл-ойының даму ерекшеліктерін салыстыра зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. Осы кезде мынадай әдістер кеңінен қолданылды: көз өткірлігін , естудің жағдайын, есте сақтау қабілеттерін тексеру. Осы тәжірибелерге сүйене отырып 1917 жылы Р.Пинтнер нашар еститін балаларға қарағанда естімейтін балалардың көріп есте сақтауы төмен болатынын тәжірибеде көрсетті. 1910 ж Бине-Симон тестінің ағылшын тіліне аударылуына байланысты сурдипсихологияның дамуы жаңа кезеңге көшті. Осы тесттерді қолдана отырып зерттеушілер естімейтін балалардың интеллектулады статусын анықтауға көп көңіл бөлді. Ең алғаш АҚШ-та 1915 жылы Бине-Симон шкаласын қолданған Р.Пинтнер мен Д.Паттерсон болды. Зерттеушілер тәжірибе барысында бұл тестте естімейтін балалар қарапайым ауызша сөйлеу тілін қолданбайтынын анықтады. Қорыта келе, 1917 жылы Р.Пинтнер-Д.Паттерсон шкаласы деп аталатын жаңа тесттік жүйе енгізді. Бұл шкала АҚШ-та әлі күнге дейін қолданылып келеді. 60 жылдардан бастап сурдопсихолигияның жаңа бағыттары ашылды. Осы жылдары реабилитация жұмыстарын дамыту мәселелері қарастырыла бастады. Әдебиеттерде «реабилитация», «адамдарға көмек» терминдері қолданыла бастады. ХХ ,асырдың ортасынан басап АҚШ-та ЕҚЗБ зерттеуден, осы тұлғаларға мамандардың көмек көрсетуіне ауыса бастады. Осы уақыттан бастап сурдопсихологтарды дайындау қарқынды жүре бастады.
25 Жүйке жүйесінің құрылымы
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Ағзалар тіршілігіндегі барлық ерекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.
