- •1. Баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтары
- •2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының спецификалық заңдылықтары
- •3. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер
- •4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы
- •5. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы
- •Қр білім беру жүйесінде мшб, мүгедек балалардың құқықтары
- •7. Есту қабілеті зақымдалған балалардың тері арқылы түйсіну және сипап сезіп қабылдаулары
- •8. Есту қабілеті зақымдалған балаларда зейіннің даму шарттары
- •9. Ойлау түрлері және оның естімейтін балаларда даму ерекшеліктері
- •В.В.Лебединский бойынша психикалық дамудың ауытқушылығының типтері
- •10. Ойлау операциялары және олардың өзіндік ерекшеліктері
- •11. Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсініктің қалыптасу ерекшеліктері
- •13. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері және оның бұзылыстары
- •14. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің психологиялық сипаттамасы 50бет
- •15. Естуінде ауытқушылығы бар баланың тұлға ретінде даму ерекшеліктері және онық өзіндік қалыптасуына әсер ететін факторлар 67 бет
- •16. Инклюзивті білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде психологиялық қолдау:
- •17. Естуінде ауытқушылығы бар баланың отбасында тұлға болып қалыптасуы:
- •18. Қр инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы:
- •19. Актуальды даму, дамудың жақын аймағы:
- •20 Есту қабілеті зақымдалаған балаларда ой әрекетінің қалыптасу этаптары
- •21 Дамудың сензитивті кезеңдері
- •22 Ой дамуын сипаттайтын теориялар мен концепциялар
- •23 Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ес қабілетінің ерекшеліктері
- •24 Сурдопсихологияның ақш–да дамуына тарихи шолу
- •25 Жүйке жүйесінің құрылымы
- •26 Психопрофилактикалық жұмыс кезеңдері
- •27 Естімейтін балалардың дактильдік және мимикалық қол-қимыл (жестік) сөйлеу тілі
- •43 Сөздік ес, сөздік есті дамыту кезеңдері
- •44 Ес және оның түрлері
- •45 Арнайы психологиялық көмектің үлгісі
- •62. Адам эмоциялары туралы жалпы түсінік.
- •67. Хискей Небрас тесті.
- •68. Мектепке дейінгі жастағы, бастауыш сыныптарда, жеткіншек жастағы естімейтін балалардың сөздерді сөйлеу барысында қолдану ерекшеліктерін атаңыз
- •69. Естімейтін баланың меңгеретін сөйлеу тілінің түрлерін атаңыз «Полиглоссия», «екі тілділікті» түсіндіріңіз.
- •80. Бине-симон тесті
- •81. Векслер шкаласы
- •82. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
- •83. Галпериннің зейін гипотезасы
- •84. Адаптация
- •85. Эмоция туралы түсініктің дамуының негізгі бағыттары
- •86. Н.Е. Баланың сөзді қолданудағы жиі кездесетін алмастырулар 53бет
- •88. Оқуға қабілеттілік (Тигранова л.И.)
- •89. Психологиялық көмек көрсет у әдістері
19. Актуальды даму, дамудың жақын аймағы:
Л.С.Выготский арнайы психологияның негізін салған ғылым. Арнайы психология негізінде, Л.С.выготский енгізген бірқатар тұжырымдары бар.
Ғалымның пікірінше, сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек, қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуынлдағы факторлар бірдей.
Бірақ, жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемммтар баланың өзіндік даму ерекшеліктерін де атап көрсетті. Аомальді психиканың басты ерекшеліігі ретінде, биологиялық және мәдени үдерістер дамуының бір-бірінен алшақ болатыын көрсетті(дивергенция).
Ақыл-ойы кем бала, өзінің дамуыда сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және өзіне тән спецификалық ерекшелііктермен өтеді.
«Жақын даму аймағы» мәнінде, Л.С:Выготский «жетілу үдерісіндегі қыщзметтерді, яғи, әзірше ұрық күйіндегі, піскен жеміс деп атауға келмейтін, тек бүршік немесе гүлі деп атауға болатын », енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады.
Осылайша, “жақын даму аймағы” ұғымын қарастыруда, Л.С.Выготский тағы бір маңызды тезис ұсынды. Оннда ақыл-ойы кем баланың ой-өрісінің дамуын анықтауда, оның нені меңгергендігін, балаың «динамикалық даму күйін», «әзірге даму күйіде тұрған үдерістеріін» есепке алу қажеттілігі айтылады.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
20 Есту қабілеті зақымдалаған балаларда ой әрекетінің қалыптасу этаптары
Ойлау-танымдық процесс. Қазіргі таңда кіші балалардың ойлау жүйесінің дамуы 3 кезеңі белгілі: көрнекі әркеттік, көрнекі-бейнелік, тұжырымдамалық немесе сөздік- логикалық
1 этап. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл ойлау түрін А.В.Запорожец зерттеген. Ол зерттеуінде сөйлеу тілі қалыптаспаған естімейтін баланы алады. Балаға берілетін тапсырманы оңайынан қиынынна қарай ауыстырып отырады. Бала тек қана тапсырмада беріліп отырған заттың сыртқы түріне қарап тапсырманы шешеді. Бұл жерде ескеретін жағдай, практикалық тәжірибе. Сөйлеу тіліне дейінгі бұл ойлау түрі арқылы, балада жесттік және ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру оңай болады деп есептелді.
2 этап Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.Көрнекі бейнелік кезеңінде бір-бірімен тығыз байланысты 2 шарт қарастырылады. 1-ші шарт-балаларға беріліп отырған үлгілер мен олардың бөліктерін ажырата алуы. Бұл шарт тапсырманы күрделендіру үшін қолданылады. 2-ші шарт –сөйлеу тілін қалыптастыру. А.Р.Лурия мен Ф.Я.Юдовичтің зерттеулерінде сөйлеу тілі қалыптаспаған нашар еститін егіз балалар ойлаудың спецификалық ерекшеліктерін ашып көрсетті-олар сөзді іс-әрекеттен бөліп айта алмады, жұмыстарын жоспарлай алмайды, ойлау операциясы жетілмеген болды. Көрнекі-бейнелік ойлау ауызша-логикалық ойлаудың бастамасы болып табылады.
3 этап. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
