Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сурдопсих отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.88 Mб
Скачать

1. Баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтары

2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының спецификалық заңдылықтары

3. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер

Есту бұзылыстары бар балалардың психологиялық тексеру әдістері әртүрлі, олар қалыпты дамып келе жатқан балаларды тексеру әдістерімен сәйкес келеді, бірақ өзіндік спецификасы бар.

1. Баланың құжаттарын тексеру. Құжаттарды тексерудің міндеті – анамнездік мәліметтер жинақтау, кеміс дамудың себептері жайлы мағұмат алу. Баланы кешенді түрде тексеруде, әрбір маман өз әріптестерінің құжаттарын «оқи» білуі керек, ол бала дамуының көрінісін толық құрастыруда, өзіне қажетті мәліметтерді алады.

2. Баланың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу. Соңғы алынған нәтижеге талдау жасай отырып (суреттер, бұйымдар, оқу ісінің нәтижелері: диктанттар, жаттығулар, есептерді шешу т.б.), баланың жұмысының ерекшеліктерін ұғынуға болады, оның қиялы, көру арқылы алатын мағлұматтарының қалыптасуы, ұсақ моторикасының дамуы, оқу әрекетінің қалыптасу дәрежесі т.б. туралы мәлімет алуға болады

3. Бақылау әдісі. Бақылау баланың өз бетінше орындайтын іс-әрекеті барысындағы, психикалық қызметтерінің күйін бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда бақылаушы тарапынан ешқандай араласу болмайды, ең аз көмек көрсетіледі.

4. Әңгіме әдісі. Әңгіме – арнайы құрылған бағдарлама бойынша, әңгіме-сұхбат кезінде, баланың психикалық құбылыстары туралы ақпарат жинақтау.

5. Эксперимент әдісі, зерттелетін отырған психикалық құбылыстардың айқын көрінуін қамтамасыз ететін, арнайы құрылған жағдайда мәлімет жинауды көздейді. Ол балалардың белгілі бір іс-әрекетін, жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін немесе оқыту мүмкіндіктерін жеке қарастыруы мүмкін.

4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы

Есту қабілеті бұзылған балалардың көпшілігі, қимыл-қозғалыс дамуында өздерінің сау құрбыларынан кейін қалады. Тепе-теңдікті сақтай алмайды, қимыл-қозғалыс координациялары жеткіліксіз. Саусақ икемділігі мен артикуляциялық аппараттың жетілмеуі сияқты құбылыстар кездеседі. Статикалық және динамикалық тепе-теңдікті сақтай алмау, тіпті мектеп жасындағы балаларда жиі кезігеді. Көзі ашық күйде, олар сау балалар сияқты жүре алады. Көзін жұмып жүргенде, 175 саңырау балалардың жартысы, тепе-теңдікті сақтай алмайды, қозғалыс координациясын жоғалтады. Бұл құбылыс 12-14 жасқа дейін байқалады, одан кейін біртіндеп жойылады. Әдетте, мұндай балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын кеш меңгереді. Оған себеп, есту қабілетінің болмауы, қимыл-қозғалыс сезімталдығының дамуына кері әсерін тигізеді. Моториканың даму ерекшеліктері, қимыл-қозғалыспен қатар, заттармен әрекет етуден көрінеді. Олардың қимылдары өте ебедейсіз және ауыр. Есту мүмкіндігін жоғалту, қимыл-қозғалыс түйсігінің дамуы үшін қиын жағдайлар тудырады. Есту арқылы бақылау анық, үйлесімді қозғалыстың жасалуына көмектеседі. Естімейтін балалардың есту арқылы бақылау кемістігі көру, тактильдік сезіну, вибрациялық сезіну сияқты мүмкіндіктермен толықтырылады. Сондықтан, бұл балалардың қимылын бақылауы, оның өз қимылының сапасын жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, тіл дамуының ерекшеліктері, қимыл-қозғалыстың дұрыс қалыптасуына, зиянын тигізеді, оның ішінде – қимыл- қозғалысты реттеудің жоғары формаларына өз таңбасын салады. Ырықты қозғалыстың дамуы, балалардың өзгелердің сөздік нұсқауы бойынша, өз денесін бағындырып қимылдауынан басталады. Одан кейін, сөз қимылды ұйымдастыратын құрал болып орнығады, қимылды реттейді және саралайды. Сөйлеудің көмегімен қалыптасатын қимыл-қозғалыс дағдылары жаңа жағдайға тез ауысады. Сөйлеудің кеш қалыптасуына байланысты, саңырау балалардың қимыл-қозғалысының ерікті реттелуі, анағұрлым кеш қалыптасады.