- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті өнер факультеті дене мәдениеті кафедрасы
- •Asok 3506 - әскери- спорттық ойындар мен комплекстер
- •Силлабусы
- •Түркістан 2015
- •2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3 Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •4. Практикалық (семинарлық) сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5.Лабораториялық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6 Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •Білімді бақылау кестесі
- •7.Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •Asker.Kz - Қазахстан Әскері сайты
- •8. Бақылау түрлері:
- •9. Студент білімін бағалау ережесі
- •Студенттің аралық бақылауда бағалау критерийлері
- •Студенттің сөж бағалауда дәлелдеу объектісіне қойылатын талаптар
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Ф-ӘД-001/026
Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті өнер факультеті дене мәдениеті кафедрасы
«БЕКІТЕМІН» Факультет деканы, п.ғ.к., доцент
_______________ Б.З.Абусейтов
«02». 09. 2015 ж.
Asok 3506 - әскери- спорттық ойындар мен комплекстер
пәнінің
Силлабусы
Мамандық аты, шифры: 5В010400 - Бастапқы әскери дайындық
Оқу формасы:БӘД-311 күндізгі
Курс ІІІ
-
Vсем
VІ сем
Барлығы:
Барлық сағат саны:
90
90
Кредит саны:ECST:
2/4
2/4
Лекция:
Практикалық
15
15
Семинар:
15
15
Лабораториялық
ОБСӨЖ:
15
15
СӨЖ:
45
45
Аралық бақылау (АБ)
2 рет
2 рет
Қорытынды бақылау:
Емтихан
Емтихан
Силлабусты құрастырған: Аға оқытушы,аға лейтенант. Ахметов Бахытжан Раушанбекұлы
Мекен жайы, тел және E-mail:axmet_@mail.ru
Түркістан қ/ы «Сыпыра жырау-н/з» моб тел:+77717955871
Кафедрадағы жұмыс уақыты: 8.30-17.00
ОБСӨЖ қабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны: Бейсенбі,15.00
№6 ғимарат 119 кабинет.
Түркістан 2015
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 03 қараша 2010 жылғы №541 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралған (№1 хаттама 02.09.2015ж.) пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Силлабус кафедраның «01» 09. 2015ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.,доцент м.а ______________ Е. Маханбет
Силлабус факультеттің «02» 09. 2015 ж. (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент м.а Б.Жолдасова
1. КІРІСПЕ
Пәннің мақсаты: Аталған пәнді оқытудың мақсаты орта және жоғары оқу орындарында кәсіби шеберлікті, дағдыны үйретуді қамтамасыз ету болып табылады. Әскери спорт ойындары мен комплекстерді оқу процесі кезінде пайдалануға үйрету. Сондай-ақ әскери спорт ойындары мен комплекстерінің құрылысын жүргізген кезде, олардың дұрыс жобалануы туралы білімі болуы шарт.
Пәннің міндеттері:
- Әскери спорт ойындары мен комплекстер пәнінің мазмұнын бағдарлама көлемінде білу.
- Кәсіптік – педагогикалық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру:
әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мәселелерімен танысып үйрену;
Практикалық сабақтарды оқу взводымен әскери-спорттық базаларда және жоғарғы оқу орнының спорттық нысандарында, базалық мектептерде ұйымдастырып өткізуді үйрену
практикалық сабақтар барысында алаңдарды, спорттық кешендерді пайдалануды үйрену
- әскери-спорттық нысандарында жұмыс көлемі мен түрлі матриалдарды тұтыну есебін реттеуді үйрену
Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны
Бұл пән бастапқы әскери дайындық мамандарын кәсіби тұрғыдан дайындайтын негізгі пәндердің бірі. Бастапқы әскери дайындық жүйесінде әскери спорт ойындары мен комплекстер алдыңғы қатарлардың бірінен орын алады, болашақ мамандардың теориялық білімдерін және кәсіби – практикалық білік – дағдыларын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Пәннің бағдарламасы бойынша студенттер оқу барысында әскери-спорттық ойын түрлері мен спорттық комплекстердің түрлерімен оқып танысады. Бағдарлама материалын игеру кезінде студенттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы жүйесін жетілдіру, жастарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күші қызметіне дайындау мен оқу орындарының оқу- материалдық базаларын тиімді пайдалануды үйренеді. Оқу процесі лекциядан, практикалық, семинарлық сабақтардан, оқытушымен бірге өз бетінше өткізілетін сабақтардан (СОӨЖ) тұрады.
Құзіреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
Өз уақытын жоспарлап, өз бетінше білім алу және шешім қабылдай алу, рефлексия, өзіндік талдауға, өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға қабілетті. БЖҚ-6
Бастапқы әскери дайындық саласындағы кәсіби білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби мамандардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; БКҚ-6
Кәсіби қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін - өзі тануға ұмтылуы.
Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін:
Білімі:
-.Өздігінен шешім қабылдай алу, ойлау (рефлексия), өзіндік талдау қабілеттерін дамыту. Б2(ЖҚ-1);
- Қоршаған орта жағдайындағы әскери біліктері әр түрлі тұлғалардың денсаулығын, іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру;
Б1(КҚ-6);
Дағды:
-Әскери маман ретінде шығармашылық ойлауды танып-білудегі әртүрлі бағыттарды саралай отырып, ойлау әрекетін өз уақытында жоспарлап, өз бетінше білімін қалыптастыру. Д1(ЖҚ-1);
- Дарынды, қабілетті және үлгермейтін оқушылармен іс-шараларды үнемі ұйымдастыру қабілетін дамытады. Д1(КҚ-6);
Құндылық құраушылары
-Өзінің кәсіби іс-әрекетінде өз уақытын жоспарлап өзін-өзі дамытуға қабілетті. Қ2(ЖҚ-1);
- Кәсіби қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін - өзі тануға ұмтылуы, оқушылардың жеке басы мен әлеуметтік мәселелеріне арналған қауіпсіз білім кеңістігін қалыптастыру және балаларға мамандық саласы тұрғысынан көмек көрсетуге қабілетті. Қ1(КҚ-6);
Пререквизиттер: Бастапқы әскери дайындық негіздері.
Постреквизиттер. Запастағы офицерлердің әскери дайындығы, Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі.
Қысқартылған сөздер:
Б-білімі; Д- білігі; Қ-құндылық құрушылары; ОБСӨЖ – оқытушы басшылығымен орындайтын студенттің өзіндік жұмысы; СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы.
