- •3.Қысқаша мәтіні: Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мзмұнын түсіндіру.
- •1. Мектептерде әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны.
- •2.Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттері.
- •2. Мектептегі 1-5 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.
- •1.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •2. Сабақтың мақсаты:Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.
- •1.Жоспары:
- •30Мин уақыттан соң белгі беріліп ойынның аяқталғанын айтады. Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.
- •1.Жоспары:
- •2. Сабақтың мақсаты:Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.
- •30Мин уақыттан соң белгі беріліп ойынның аяқталғанын айтады. Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.
- •1.Жоспары:
- •2. Сабақтың мақсаты:6-8 сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды ұйымдастыру.
- •1.Мектептегі 6-8-ші сынып жасындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар.
- •5.Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.
- •1.Жоспары:
- •1.Алау» әскери – спортты ойыны.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.“Ұлан” әскери – спорттық ойыны.
- •“Ұлан” күнін ұйымдастыру
- •1.“Ұлан” күнін ұйымдастыру
- •1.Жоспары:
- •1. «Ұлан» әскери-спорттық ойынын мектепте ұйымдастыру және өткізу.
- •Орта мектепке арналған «ұлан күніне» нұсқасы
- •60Метрге жүгіруге машықтану және кіші допты лақтыру.
- •2. Әскери – спорттық ойындардың түрлері.
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери – спорттық ойындар мен комплекстер сабағын ұйымдастыру және өткізу
- •2.Студенттердің денешынықтыру дайындығының нормативі
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери – спорттық ойындар бойынша жарыстардың ұйымдастырылуы.
- •1.Жоспары:
- •1. Студенттерге арналған дене дайындығының нормативтері.
- •1.Жоспары:
- •1.Әскери – спорттық комплекстермен қамтамасыз етілуі.
- •1.Жоспары:
- •1.Әскери – спорттық ойындардың материалдық қамтамасыз етілуі.
1.Жоспары:
1.Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру.
2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқушылар арасындағы «Алау» әскери-спорттық ойының ережелерін жеткізе түсіндіре жеткізе білу.
3.Қысқаша мәтіні: Оқушылар арасында әскери –«Алау» әскери-спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыруды түсіндіру
1.Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру.
Ойын «Алау» әскери спорттық ойынына сегіз жылдық және орта жалпы білім беретін мектептердің отрядтары қатысады.
Жас ұландардың жалпы даярлығы.
Сап даярлығы.
V-VI сыныптары: екі-үш және бір саптық – сап, бір саптан үш сапқа тұру, бір орында бұрылыс жасау, оңға, солға, айнала, саптық қадаммен қозғалу, жүріп бара жатып сөйлеу және әндерді орындау, саптағы дабылшының, горнистың, жалау ұстаушының әрекеттері және белгілерді орындау.
VII-VIII сыныптар: қосымша - отряд құрамында тұрып оңға, солға, айнала қозғалыстарында бұрылыс жасау.
Атқыштар даярлығы:
V-VI сыныптары: пневматикалық винтовкадан жас атқыш нормативін орындау.
VII-VIII сыныптар: аз калибрлі винтовкадан мерген атқыш нормативін орындау.
Азаматтық қорғаныс.
V-VI сыныптар: мақта, марлелік таңғыштарды даярлау, азаматтық қорғаныс белгілері бойынша әрекет ету, жеңіліс кезінде өзара көмек және өзіне көмек көрсету, противогазда отыз минут тұру.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Жалпы жауынгерлерлік қорғаныс комплекстілерін кию. Химиялық бүлінген аумақтан өту. Күйіп қалған адамға противогаз кигізу; алғашқы медициналық көмек көрсету; бөлшекті дегазация, дезактивизацияны жүргізу.
Туристік даярлық.
V-VI сыныптар: 5-6км туристік дағдыларды тексеру мақсатында туристік шеру жасау. «Жас турист» төсбелгісіне нормалармен талаптарды орындау.
VII-VIII сыныптар: палаткаларды құру және қайтып жинау, рюкзакты қатпарлау, бөрене үстімен асу, арқан көмегімен биік құздарға шығу және төмен түсу, зардап шегушіні 50м-ге дейінгі арақашықтыққа тасымалдау.
12-16 шақырымға шеру жасау. Спорттық разряд және норма талаптарын орындау.
Дене даярлығы.
«Еңбекке және қорғанысқа даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын әрбір жас ұланның тапсыруға және даярлануға қатысуы.
V-VI сыныптар – І саты «Батылдар мен ептілер»
VII-VIII сыныптар – ІІ сапты «Спорттық ауысым». Барлық жасұландар спорттық күнтізбеге сәйкес таңдаулары бойынша дружиндер(отрядтар) спорттық жарыстарына қатысады.
Отряд командирі.
Сапты басқа білуі, отрядты шеру колоннасына тізбектік және керісінше қайта сапқа тұрғыза білуі, жергілікке бағдар жасай білуі, карта бетінен шартты белгілерді анықтап және картадағы арақашықтықты өлшегіш және сызғыш көмегімен өлшеу білуі тиіс. Берілген азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты өлшей білу тиіс. Толық емес арнайы өңдеуді дұрыс жүргізе білуі, залалданған аймақтан өте ережелермен білуі, жас ұландар мамандықтары бойынша және жалпы даярлықпен қарастырылған әртүрлі тәсілдер және жаттығуларды орындай әрі жақсы таныс болуы тиіс.
Саяси бөлім бойынша командир орынбасары.
Отряд кеңесі басшылығымен жұмыс істейді, отряд жасұландарын даярлауды жүзеге асыруға отряд командиріне көмектеседі, «біреуі барлығы үшін, барлығы біреу үшін» қағидасын жүзеге асырады. Ұрыс парағы редакторының жұмысына басшылық етеді. Газеттерді оқу және саси ақпараттануды өткізуді ұйымдастырады.
Барлаушы.
V-VI сыныптар: картадағы шартты топографиялық белгілерді оқи білуі, жергілікке бағдарлана білуі, жасырына білуі, затқа азимутты анықтай білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Өлшегіш және сызғыш көмегімен топографиялық картадағы арақашықтықты өлшей білуі, азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты анықтай білуі тиіс;
Құралдар көмегімен жергіліктегі радиация деңгейін анықтай білуі, залалданған аумақтарды айналып өту жолдарын табу, командирге жеткізу мазмұнын құра білуі тиіс.
Байланысшы
V-VI сыныптар: сигналдарды жалаушалармен беру және телефон арқылы жеткізу, жалаушалық семафорды білуі тиіс;
VII-VIII сыныптар: қосымша – телеграфтың әліппе көмегімен жеткізулерді жалаушалармен жіберу. Кабельді сымдарды жүргізе білуі, далалық телефон аппаратын қоса білуі радиостанцияны қоса білуі, байланысқа еніп, жеткізулерді жібере білуі тиіс.
Атқыш
V-VI сыныптар: шеру колонасында жылжи білуі, жүгіре және өрмелей отырып жылжуды, граната лақтыруды, шабуылға (30м ара қашықтық) көше білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жергілікке бағдарлана білуі, колшник автоматын толық емес шашып және қайта жинай білуі, шабуылға (50м ара қашықтыққа
Санитарлы күзет мүшесі
V-VI сыныптар: сыну, қан кету, күйіп қалу, үсіп қалу және т.с.с кездерінде алғашқы көмекті көрсете білуі, зардап шегушілерді тасымалдау, дәрілік өсімдіктерді және олардың медициналық тәжірибеде қолданылуын білу тиіс.
VII-VIII сыныптар: алғашқы көмек көрсету кезінде меңгерілген дағдыларды жетілдіру, барлық тәсілдермен зардап шегушілерді тасымалдай білу, суға батып бара жатқанды шығарып алғашқы көмек көрсету, берілген азимут бойынша жылжи білуі тиіс.
Қозғалысты ретке келтіруші
V-VI сыныптар: светафор белгілеріне сәйкес ретке келтіруші дене қимылдарын білуі, жаяу жүргіншілермен жалаушылардың жалпы міндеттерін жол белгілерін танып білуі, велосипедті тебе білу.
VII-VIII сыныптар: қосымша – қиылыстағы транспортты айыра білуі, «аялдамалық жолдарды » санай білуі, отандық автотранспорт автокөліктердің белгілерін және шаркаларын білуі тиіс.
Өрт сөндіруші
V-VI сыныптар: практикалық өртке қарсы іс шараларды және өрт сөндіруді құралын қолдану ережелерін білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жеңді торапқа қоса білуі, үйшік, шарбақ, бум секілді кедергілерден өте білуі, отты сөндіру үшін өрт сөндіру құралын қолдана білуі тиіс.
Ұрыс парақ редакторы
Ұрыс парақтарын өз уақытында шығаруы және фото стендттерді өндеуі тиіс. Саси бөлім бойынша командир орынбасарына саси ақпараттандыру жүргізуді көмектесуі керек.
Жас ұландар тұрғылықты жерлері бойынша клубтардағы, әскери оқу орындарындағы, әскери бөлімдердегі автомаделизм, авиациалық, ракеталық үйірмелер жұмыстарына қатысады.
Ойынға жетекшілік ету
«Алау» әскери-спорттық ойынын өткізеді. Қазақстан Ресмпубликасының Білім және ғылым министрлігі, дене мәдениеті және спорт комитеті, ҚР азаматтық қорғаныс штабы.
Ұйымдар мен ведомстваларда әрекет ету координациясы және ойынға тәжірибелік жетекшілік жасау үшін «Алау» әскери-спорттық ойынының бас штабы құралады.
Штабтар ойынға әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады және ойынды өткізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстардың үздік тәжірибелерін жалпылайды, тапсырмалар мен ұсыныстарды өңдейді, жеке тақырыптар бойынша бұйрықтар шығарады, ойын насихатын өткізеді, мамандықтар бойынша жас ұландарды даярлау үшін инструкторларды,отряд командирлері мен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, штаб басшыларымен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, командирлеріне оқу өткізеді; қызығушылық танытқан ұйымдар мен мекемелерді ойынға қатысуға тартады, жұмыс қорытындыларын шығару, «Ұлан» әскери-спорттық ойындар штабтарымен өз жұмысын тығыз байланыста орнатады.
Мектеп директорлары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әскери жетекшілер, мұғалімдер ботальон штабтарына педагогикалық жетекшілік етуді жүзеге асырады, оқу және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады.
Ардагерлер, офицерлер, басщылық жасаушы әскери бөлімшелер солдаттары, әскери-оқу орындарының курсанттары мен тындаушылары, әскери комиссариаттар офицерлері консультант, инструктор және аралық адамдар ретінде шақырылады.
Қорытындыларды шығару және марапаттау
Батальондарда ойын қорытындылары үш рет шығарылады: күзде, қыста және көктемде. Аудандық қалалық, аумақтық финалдар жыл сайын бір шілдеге дейін жергілікті шарттар және жоғарыдағы штабтар шешіміне сәйкес өткізіледі. Облыстық, өлкелік және республикалық финалдар жергілікті ұйымдардың қарауына қарай бірінші шілдеге дейін, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес өткізіледі. Батальон штабтары жас ұландарды даярлаудың барлық тараулары бойынша қорытындыларды шығарады, әр кезеңнің аяқталуы бойынша жеңімпаздарды анықтап, жоғарыда аталған штабтарға есептерді жібереді.
Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы батальон штабтарының жеткізулері аудандық және қалалық штабтарға жіберіледі.
Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы жеткізілімдер, есептер, бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша марапаттауға ұсынылымдар «Алау» Республикалық, өлкелік, облыстық штабтармен жіберіледі. Ойында ерекше көзге түскен жас ұландар отрядтары дипломдармен және «Алау» жергілікті штабтар белгілерімен марапатталады.
Финалдарға бір сыныптың оқушыларынан тұратын, бір жылдан аз емес қатысқан және облыстық, өлкелік финалдар жеңімпаздары болған отрядтар қатысады.
Жас ұландар – ойын финалына қатысушылар «Алау» дипломдарымен және төс белгілермен марапатталады, ал ерекше көзге түскен жас ұландар «Үздіктігі үшін» медальдармен марапатталады. Азаматтық қорғаныс эстафетасына қатысушылар «ҚР азаматтық қорғанысына даярмын» төсбелгілерімен марапатталады.
Ойын финалының командалар – жеңімпаздары бас штаб шешімімен «Жеңімпазға» үлкен медальмен, дипломдармен, финалды өткізуші ұйымдар сыйлықтар және төсбелгілермен марапатталады.
4. Бақылау сұрақтар:
1.Алау ойының ережелері.
2. Алау ойын ережелерінің сақталуы.
3. Алау ойынының негізгі мақсаты.
4. Құралдардың көмегімен жергілікті аймақты радиация деңгейін білу.
5. Батальондарда ойын қорытындыларының шығарылуы.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
1.Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру.
7. Үй тапсырмасы:Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру әдістерін үйрену.
8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1. Министерство обороны РК «Методическое пособие по физической подготовке и спорту в ВС РК» Алматы 2002г.
2. А.А. Бурков В.И., В.И. Никитюк «Воин, будь сильным» М.-2005г.
3. В.Б.Спекторов «Военно- спортивные игры» М.-2015г.
4. П.Д. Лукашов «Военно- спортивные игры школьников на местности » М.-2008г.
5. Военно- спортивная игра «Алау»
http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты
№8.Практикалық/семинар/сабақ тақырыбы:"9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу."
