Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана технология.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.53 Кб
Скачать

Диалогік оқыту

 «Тіл – оқытуда және оқып – білуде негізгі рөл атқарады». Себебі, негізінде білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Бала диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен,сыныптас достарымен қарым -қатынас орнатады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер диалог түрінде білім беріп оқушыларды ынталандыру, дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Оның пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларда әр түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік және түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бразилиялық педагог Фриеридің пікірінше білім диалогтік- диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін мәселелер жинақталған түрінде беріледі. Фриери, мұғалімнің міндеті- оқушының білімін толықтыру, байыту, тенденциясымен емес, біліміді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу деп санайды. Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Лититон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар: оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкндік береді; басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды ) және өзара білім алмасуға жағдай туғызады (мұғалімдер мен балалар бір- бірін тыңдап, идеялармен бөлісіеді және балама көзқарастарды қарастырады ) және қолдаушы ( балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады. Диалогтік педагогика- балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым - қатынас орнатуы. 

Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды  жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді  байқауға  болады  оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс  үстінде сұрақ қою  арқылы білім алады. Диалог  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлкен  үлес  қосады. Әуел бастан  оқушылардың  ерекшелігі жас ерекшелігі мен  пәнге деген зерттеушілік кезде қызығушылықтарын түсіне келе мектептегі өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушыларды жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл  мәдениетін қалыптастыруға,өз ойларын еркін жеткізуге  тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол  нәтижеге жету болатын. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы  жағдаяттарды ескере келе,  әр сабақта  диалогтік  оқытудың маңызы оқушыларым  үшін пәнге деген   қызығушылықтарын  одан  әрі  арттырды себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алды.   Диалогтік  оқыту  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынастың  жақсаруына  ықпал  етеді. Сабақтың  тақырыбы  бойынша  оқушылар өз  ойларын  ашық  түрде  білдіре  бастайды. Басқа  адамдардың да,  өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны  өз ортасында   салып  айтуына  болатынын  түсіне  бастайды. Жаңадан туындаған өз  идеяларын, пікірлерін  дәлелдеуге  қызығушылықтары  артады. Тиыннан теңге құралатыны сияқты,білім де оқығанның түйірлерінен құралады дегендей,  сөз  байлықтары  аз  балалармен  қандай  жұмыс  жасауға  болатынын диалогтік оқыту арқылы ашуға болады. Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім болмақшы.