Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана технология.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.53 Кб
Скачать

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану-география факультеті эссе

Тақырыптары: 1.Оқыту және оқытудың жаңа

технологиялары

2.Сын тұрғысынан ойлау

3.Топтық жұмыс

4.Диалогтік оқыту

5.Бағалау

6.Іс-әрекетті зерттеу

Орындаған: 01401 топ студенті Сабырғалиева Қ.Қ.

Тексерген: Ходжанова Б.Х.

Сын тұрғысынан ойлау

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жанару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерлеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру.

Мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабақтарда кеңінен қолданылып жүр. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл,Джон Дьюи, Мередит.Кезінде жоба ретінде ұсынылып көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияларда Выготский, Пиажэ, Эльконин-Давыдовтардың, басқада ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының еркін сойлеуіне, пікір таластыруына достарының ойын тыңдауға проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: нақты мақсат қойуға дағдыланады. Өзіне деген сенімін артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастырының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қойа біледі. Сараптауға, бағалауға даңдыланады. Пәнге деген қызығушылық артады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызыңушылығын арттыра отырып, өз ойынды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенің өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп қызығушылығын ойатып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. "Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары" оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеріп, көз қарасының дұрыс қалыптасуына және сауатты жазуға дағдыландырады. Балаға білімді дайын күйінде бермей білімді өзі алатындай біліктерімен қаруландыру қажет.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бұрынғы дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтары бар, олар мынандай:

- аз уақыт ішінде оқушының интеллектуалды дамитындығы;

- оқушымен мұғалімнің белсенділігінің үйлесім табу;

- мұғаліммен шәкірт арасындағы өз ара қарым-қатынаста жауапкершілікпен сенімділіктін болуы;

- оқушылардың өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа талпыну.

Сын тұрғысынан ойлау - сұрақ қойудан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрлымдық формуласы 3 кезеңнен тұрады:

І Қызығушылығын ойату(көпір жасау, ой қозғау)

ІІ Мағынаны таныту(мағынаны ажырату)

ІІІ Ой-толғаныс(рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

"Сын тұрғысынан ойлау" стратегиясы бұл технология жұмыс істеу барысында мол тәжірибие жинауға болады. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы артады. Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой-пікірі, көз қарасы дүние танымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділіктері артып, келесі сабақты асыға күтеді.