Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
789.86 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Амбулаторлы-емханалық терапия Кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Факультет: : Жалпы медицина

Кафедра: «Амбулаторлы-емханалық терапия»

Жалпы медицина 051301

мамандығы бойынша тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқауы

Жалпы тәжірибелік дәрігер

пәні, пән коды - OVP- 43051

Бөлім №2 «Пульмонология, нефрология»

Тақырыбы: жалпы тәжірибелік дәрігер тәжірибесіндегі пневмония, тыныс жетіспеушілік синдромы

Курс: V

Семестр – IX - X

Құрастырған:асс.Аманжолова А.С.

Алматы 2013 ж

1. Бөлім №2 «Пульмонология, нефрология»

Тақырыбы: «Жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысындағы пневмония және тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

2. Мақсаты: Амбулаторлық – емханалық жағдайда жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы пневмонияны және тыныс жеткіліксіздігі синдромын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша студенттердің білімі мен біліктілігін жүйелеу және бейімдеу.

3. Оқып үйрету міндеттері:

Когнитивті компонент (білімі):

Жалпы пневмониялар және тыныс жеткіліксіздігі синдромы бойынша амбулаторлы– емханалық жағдайда диагностика мен науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша білімдерін құрастыру; пневмонияның жүктілерде, балаларда, жасөспірімдерде, егде және қарт науқастардағы ағымының ерекшеліктері; күндізгі стационарға, стационарға госпитализациялау көрсеткіштерін, пневмониясы және жалпы тыныс жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілік препараттарды, динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін, санаторлы - курорттық ем, реабилитациялық бағдарламаларды білу . Алынған білімдердің негізінде студенттердің клиникалық ойлау қабілеттілігін дамыту.

Операциональді компонент (кәсіптік дағдылар): дәлелді медицина принциптері және басқа мамандықтармен эффективті байланыс негізінде шешім қабылдау қабілеттілігін құрастыру.

Іскерліктерді құрастыру :

- амбулаторлық қабылдауда пневмония мен тыныс жеткіліксіздігі синдромымен ауру науқастың шағымдарын, өмір және ауру тарихын жинау;

- амбулаторлық жағдайда пневмония мен тыныс жеткіліксіздігі синдромының диагностикалық алгоритмін меңгеру: ауруды физикалық тексеруден өткізу, клиникалық көрінісін және ерекшеліктерін сипаттау, алдын ала диагнозды қисынға келтіру;

- тыныс жеткіліксіздігі синдромы кезіндегі диагноздың верификациясына арналған қажетті лабораторлы - аспаптық диагностикалық зерттеулерді тағайындау;

- тар маманға кеңеске бағыттауды немесе күндізгі бөлімге жолдауды негіздеу;

- пневмониямен және тыныс жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты емханалық басқару жоспарын құрастыру: жасына, физиологиялық күй-жағдайына сійкес емдеу тактикасын анықтау, жалғыз басты науқастарға, қарттарға, мүгедектерге дәрігерлік көмекті үйде көрсетуді ұйымдастыру;

- динамикалық бақылаудың бағдарламасын тағайындау;

- науқастарды санаториялық - курорттық емдеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау, санаторно - курорттық емдеуге науқастарды жолдауға іріктеме жасауды жүргізе білу.

Дағдылардың құруы:

- қарап тексеру, пальпация, перкуссия және аускультация;

- артериялық тамыр соғуын және қысымын өлшеу;

- пикфлоуметрия мен спирометрияның жүргізілуі және интерпритациясы;

- пневмония асқынуының алдын алу және диспансеризациялық шараларын өткізу, тыныс жеткіліксіздігі синдромымен ауырған науқастардың реабилитациясын жүргізу ;

-медициналық құжаттармен жұмыс істеу негіздерін игеру : науқастың амбулаторлық картасы (ф. 025/у), науқастың статистикалық картасы(ф. 025-6/у-99), госпитальға бағыт (науқастың амбулаторлық картасынан көшірме - ф. 027/у), санаторно - курорттық карта (ф. 072/у);

-электрондық түрдегі ақпараттармен жұмыс істеу;

- ғылыми оқулықтармен және анықтамамен дербес жұмыс істеу

Аксиологикалық компонент - коммуникативті дағдылар: студенттердің кең ойлау-өрісін дамыту және қазіргі қоғамда жауаптылықты ұғындыру; қарым-қатынас мәдениетіне ие болу; оқытушылармен, курстастармен қарым-қатынастың негізгі үлгілерін игеруі, дәрігер мен пациенттің және оның жанұя мүшелерімен өзара түсіну маңыздылығын ұғыну,өзіне айтылатын қайшы ойларды критикалық қабылдауға қабілетті болу; кәсіпшілік қызмет айналасындағы мәселелерді дербес және нәтижелі шешу; альтруизм, қайғысына ортақтасу, жан ашу, жауаптылық, адалдық және құпия сақтау принциптерді қадағалау сияқты кәсіпшілік құндылықтарды бағалау; науқаспен және оның туыстарымен жақсы қарым - қатынас орнату.

Заңға сүйенген компонент - «денсаулық қорғаушысы», яғни денсаулық сақтау аумағында заңдарды, құқық және міндеттер туралы нормативті құжаттарды білу, оларды қамтамасыз ету кепілдігі, Қазақстан Республикасының кодексінің негізгі қағидасы «Халық денсаулығы және денсаулық қорғау жүйесін» білу.

Негізгі медициналық тұрғыдан алғанда науқас қажет деп таныған жағдайда науқасқа құқықтық көмек көрсету (дау-жанжалды жағдайлар, мүгедектік топтарына анықтама, жәрдемақылардың тағайындау және зейнетақылардың және т.б.); науқастың денсаулығын жақсарту жолында жеке жауапкершілігін күшейту жолында оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Толассыз оқу - өз білімін дамытып, жетілдіруге даярлық, өз білімін жетілдіру, яғни дәрігерлік практикада жаңа технологияларды тану, білу және қолдануды жетілдіру:

- өз бетімен білім алудың қосымша түрлерін меңгеру: ғылыми - клиникалық жұмысқа қатысу, курстық жұмыстар, мақалалар жазу, ғылыми студенттік мәслихаттарға, семинарларға қатысу;

- ақпараттық материалды дербес іздеуді жүргізу;

- электрондық ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс жасау;

- жалпы дәрігерлік тәжірибеде ғылыми әдебиетпен, оқулық және мәліметпен дербес жұмыс істеу.