- •Педагогикалық психология
- •5В050300 –Психология мамандығы үшін
- •Қарағанды 2015
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пән бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер: Молдабаева Роза Апақбаевна – аға оқытушы,
- •3.4 Курстың қысқаша мазмұны
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •4 Дәріс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі педагогикалық бағыттары
- •5. Дәріс. Оқу іс-әректінің қалыптасуы Және құрылымы.
- •6 Дәріс. Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайлары
- •7 Дәріс. Қазіргі кезеңдегі білім
- •9.Дәріс: қиын оқушылар педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар
- •11Дәріс : мұғалім психологиясы
- •12 Дәріс. Оқыту тәрбиелеу процесінің тиімділігінің мұғалімнің қарым-қатынас стилдеріне тигізетін әсері
- •14 Дәріс. Педагогикалық такті мен этиканың психологиялық негіздері
- •15 Дәріс педагогтың қарым-қатынасының стилі педагогикалық мәселе ретінде
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •7.Тақырыбы: қазіргі кездегі білім
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •14. Баға туралы ақпараттар
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сурақтары
5. Дәріс. Оқу іс-әректінің қалыптасуы Және құрылымы.
Дәріс тезистары.
Оқу іс-әрекеті дегеніміз – оқытушылық және тәрбиелік әсер берудің, оқытушы мен оқушы арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас.
Кез-келген әрекет сияқты оқу іс-әрекетінде субъективтілікпен, белсенділікпен, пәнділікпен, мақсаттылықпен, саналылықпен сипатталады.
Белсенділіктің өзі оқу іс-әрекетінде оқушының бойында көрінетін сапа, қасиет. Білімді меңгеру әрекеттің жалпы тәсілдерін игеру әрекеттің тәсілдері мен құрылымдарын өңдеу, олардың бағдарламасын өңдеу, міндеттерді шешу. Міне осы процесте оқушы дамиды, яғни осының өзі оқу іс-әрекетінің пәні, мазмұны болып табылады. Оқу іс-әрекетінің құралдарын үш жоспарда қарастырған жөн, өйткені оқу іс-әрекеті осы үш жоспар арқылы жүзеге асырылады.
1. Интеллектуалдық әрекет (Рубинштейн бойынша ойлау операциясы). Интеллектуалдық әрекет оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеу функциясының негізінде жатыр. (Мысалы, анализ, синтез, пікір, жалпылау, жіктеу)
2. Білім меңгерілетін формалар (вербальды, вербальды емес құралдар)
3. Оқушының белсенділігі
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері өте көп:
Репродуктивті тәсіл
Проблемалық шығармашылық тәсіл
Зерттеу танымдық әрекеттер
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері дегеніміз – қалай оқу қажет қандай тәсілмен білім алуға болады деген сұрақтарға жауап.
Оқу іс-әрекетінің нәтижесі дегеніміз – субъектінің мінез-құлық немесе бұл іс-әрекетті жалғастыру қажеттілгі.
Оқу іс-әрекетінің құрылымы мынандай компоненттерден тұрады:
Мотивация
Оқу міндеттері
Оқу әрекеттері
Бақылау
Баға
Оқу мотивациясы бірнеше арнайы факторлармен анықталады.
Білім беру жүйесімен білім беру мекемесімен
Білім беру процесін ұйымдастырумен
Оқушының субъективтік ерекшеліктерімен (жынысы, жасы, қабілеті, өзін-өзі бағалауы, дамуы).
Педагогтың субъективтік ерекшеліктерімен (оқушыға жұмыстық қатынасы).
Оқу пәнінің спецификасымен анықталады. (ерекшелігі, әр пәннің сапасы).
Оқу мотивациясы жүйелі болып келеді, ол бағыттылықпен, тұрақтылықпен, динамикалылықпен сипатталады. Оқу мотивациясы жүйелі процесс.
Негізгі әдебиеттер:2,3,4,6,8,10,11,12,14,16.
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29.
6 Дәріс. Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайлары
Дәріс тезистары.
Баланың оқу іс әрекетіне психикалық дайындығы туралы айтудан алдын мотивациондық-қажеттілікті аспектті қарастыру керек. Баланың жаңа іс әрекетке көшкісі келе ме, онымен айналысқысы келе ме, оқудың мақсатын құрайтын білімдерді алуда оның қызығушылығы бар ма дегендерді біліп алу маңызды болып келеді.
Бала оны мектеп өміріне ұмтылдыратын мотивтерді әрқашан да саналы сезе бермейді.
Мұндай мотивтердің негізгі екі тобын бөледі. Біріншісі – ең бастысы – жаңа позицияға ие болу. Ерексектердің көз алдында оқушының позициясы жоғары бағаланатынын бала біледі. Бала оқуды өзін ересектеу ететін, айналасындағылар маңызды, қоғамдық мәнді деп бағалайтын іс әрекет деп түсінеді. Әрине, баланың оқу іс әрекетіне деген мұндай көзқарасты ересектер дайындайды.
Баланың мектепке деген дайындығын тексерудің адекватты жолы бұл негізгі психикалық функциялардың – қабылдау, ес, зейін, ерік т.б. – даму дәрежесін тексеру болып келеді.
Баланың мектепке дайындығының критерийі. Жас ерекшелік психологиясы саласындағы специалисттердің айтуынша, баланың мектепке дайындығын оның психикасының ерекшеліктерін тұтас бейнелейтін және оның ойын кезеңінде пайда болған жаңақұрылымдары болып келетін, және оқуға өтуге дайындайтын сипаттамалар бойынша айтуға болады деп есептейді.
Берілген жаңақұрылым баланың мектепке дайындығын диагностикалаудағы негізгі болып келеді.
Н.Г. Салмина, мектепке барардың алдында баланың бойында белгілік-символдық іс әрекеттің орын алмастыру (орыны ауыстырылған заттың өзі орындайтын функцияны атқаратын орынбасарларды қолдану.
Кодтау – белгілік-символдық іс әрекеттің екінші бір түрі. Оның мәні құбылысты, оқиғаны белгілі бір алфавитпен, белгілі бір ереже бойынша көрсете білуде.
Схематизация және модельдеу.
Бірқатар авторлар дайындыққа баланың қарым-қатынасының белгілі бірдеңгейін де енгізеді. (М.И. Лисина, Н.Г. Салмина, Е.Е. Кравцова).
Әрине, бұл баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші. Қарым-қатынас барысында бала ережелерге бағынуды, әлеуметтік нормаларға сүйенуді үйренеді. М.И. Лисина дайындықтың көрсеткіші ретінде баланың бойындағы жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынастың қалыптасқан деңгейін есептейді. Қарым-қатынастың бұл түрі баланың жаныашырлық пен түсіністікке ұмтылысымен сипатталады.
Бастауыш мектепті бітірген кезде оқушылар ойша – ақылдық планда әрекеттерді орындай алады. Бұл олардың интеллектуалды дамуы жаңа сатыға көшкендігін білдіреді, олардың бойында әрекеттердің ішкі планы қалыптасады.
Сөйтіп, бастауыш мектепті бітірген оқушының психикалық іс әрекеті үш жаңақұрылымдармен: ырықтылық, рефлексия және әрекеттердің ішкі планымен сипатталуы керек.
Осының арқасында қабылдау мен естің дамуы интеллектуализациялау жолы бойынша жүреді. Оқушылар қабылдау, есте қалдыру және қайта жаңғыртуға байланысты міндеттерді шешу барысында ақыл-ой әрекеттерін қолданады.
Қазіргі заманға психологиялық берілгендерге жүгінсек, бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ой дамуының резерві едәуір. Жаппай мектептерде бұл резервтер мүлдем қолданылмайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдованың көпжылдық зерттеулері олардың дамуының жаңа әлеуметтік жағдайлары арқасында осыған дейінгіге қарағанда әрі кеңірек, әрі бай ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыруға болатындығын көрсетті.
Оқу процесін ұйымдастырудың кәдімгі жағдайында оқу жұмысын индивидуализациялау қиын екендігін түсіне отырып, мына сұрақтардың қойылуын маңызды деп білеміз: осы күнге дейін қолданылмаған оқу процесіндегі резервтердің едәуір екендігін оқытушы көре білу керек.
Берілген жолдың басты айырмашылығы әуел бастан ұғымдардың негізінде жататын әрекеттер бөліп алынады. Осы әрекеттерді оқушылар арнайы түрде меңгереді, олардың құрылу процесі үнемі қадағаланады. Мұғалім, сөйтіп, ұғымдардың қалыптасуына әкелетін оқушылардың танымдық іс әрекетіне қол жеткізеді.
Біз ұғымдарды меңгеру процесін тек анықтамаларды (сипаттамаларда) көрсетілген қасиеттер шегінде ғана қарастырдық. Бұл ғылыми ұғымдардың қалыптасуының басы.
Ұғымдармен кейінгі жұмыс жаңа әрекеттердің – логикалық, спецификалық – енгізілуін талап етеді. Қарастырылған ұғымдарды қалыптастыру әдісінің қолдану кеңдігі туралы сұрақ туады. Егер ұғымдардың белгілері анық көрсетіліп, мазмұны бойынша оқушыға түсінікті болса, оны барлық жерде қолдануға болады. егер осы шарттардың тек біреуі ғана орындалмаса, бұл әдістің көмегімен ұғымдарды қалыптастыру мүмкін емес болады. Ғылыми ұғым жеткілікті дәрежеде құрастырылмаған жерде меңгерудің нағыз ұғымдық Егер ғылыми ұғым белгілерінің нақты жүйесіне ие болса, бірақ олар оқушы үшін түсініксіз болып келетін жағдайда, тани алу әрекеттерін қолдану мүмкін емес болады. Алайда мұндай жағдайда осы ұғымның табиғатына адекватты әрекеттердің басқа жүйесі табылуы мүмкін. Көпшілік жағдайда, меңгерілетін ғылыми ұғымдардың белгілері айқындалған болғандықтан, ұғымдарды қалыптастырудың қарастырылған тәсілі кеңінен қолданылуы мүмкін.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.
Қосымша әдебиеттер:16,18, 24, 25, 26.
