Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ_5В050300-Психология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472.06 Кб
Скачать

15 Дәріс педагогтың қарым-қатынасының стилі педагогикалық мәселе ретінде

Дәріс тезистері.

Ғалымдардың санауынша, оқытушы тұлғасына қатысты субъектогенез эффектісі туралы айтуға болады. Бұл өзін өз әрекеттерінің субъектісі ретінде саналы сезіну, әлемге қатысты саналы қатынас, және кәсіби деформациялар мен қисындарға кедергі болатын едәуір реадаптационды потенциалдар болып келеді.

Педагог тұлғасының типологиялық сипаттмалары олардың іс әрекет стилі мен оқушылармен араласу типтерінде байқалады.

Іс әрекет стилін дәстүрлі түрде мына түрлерге (К. Левин):

• автократиялық (авторитарлы);

• демократиялық;

• бос жіберуші (либералды).

Ең опртимальдысы теңдесе бірігу типі болып келеді – бұл нақты педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы. Осының арқасында іс әрекеттің ең жақсы нәтижелері алынып, тұлғаның кейбір қасиеттері өзгереді.

Басқаша айтқанда, бірлесу типі өзара түсіністікке және іс әрекеттің қажетті нәтижелеріне келуге көмектеседі. Ол индивидуалды іс әрекет стилімен сәйкестіріледі, бірақ онымен теңеспейді.

Ашықтықта, экспрессивтілікте, жақындықта, көрінетін оқушылармен араласқандағы педагогтың тұлғасының бағыттылығы бірлесудің эмоционалды типіне әкеледі. Педагог-новаторлардың практикасы оның шынында болатындығы туралы куә болады.

Оқытушының көздегені – тек оқушыны оқыту ғана емес, оны адам ету болу керек. Е. Н. Ильин оқушылармен контакттарды жанкүйерлік негізінде құруды ұсынған кезде, осы туралы айтқан.

Бірлестіктің эмоционалды типі оқытушы эмоционалды түрде оны алып жатқан дидактикалық мазмұнға үңілген кезде пайда болады. Оқушы оқытушының бүкіл ұсыныстарына эмоционалды түрде жауап береді.

В. А. Кан-Калик бірлестіктің эмоционалды типінің кескіндерін атап көрсетті:

- болатын сабақты ойша елестетіп, бастан кешіру;

- сабақ материалына қатысты эмоционалды қатынаста болу;

- оқу материалын эмоционалды суреттеу үшін өзінің өмірлік әсерлерін (кездесулерді, оқиғаларды) қолдану;

- оқылған кітаптарды, соңғы оқғаларды талқылау, ассоциацияларды жандандыру;

- шығармашылықты көтеру үшін сыныптан көмек сұрау;

- интонациялар, жесттар, мимиканы ойластыру;

- ұлы қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың өмірбаянының нақты берілгендерін үлгі ретінде қолдану;

- сынып өмірінен мәліметтерді келтіру;

- бұрынырақ көздеген эмоционалды акценттерді жандандыру.

Педагог өзінің тұлғасы мен іс әрекетінің ерекшеліктерін жақсы білу керек. Бұл көптеген өзінің дағдыларын дамыту мен жетілдіру барысындағы кері салдардан сақтайды. Педагогикалық оқу орындарына түсу барысында, өкінішке орай, кәсіби жарамдылықты анықтайтын нормативті шкалалар жоқ. Пән оқытушысы мен жетекші-мұғалімдердің жеке басының құрылымында эмоционалды және когнитивті компоненттер әр түрлі үйлеседі және түрлі қырымен байқалады.

Кәсіби деформацияларды кейде психологтар «кәсіби жанып біту» деп атайды да, бұл ұғыммен әр түрлі нәрсені түсіндіреді.

М. Я. Басов педагогикалық психологияның дамуының басында кәсіби іс әрекеттің, соның ішінде педагогикалық іс әрекеттің штамптарын атап өткен. Е. И. Рогов деформацияларды жеке тұлғаның әлеуметтенуімен байланысты қарастырады.

Индивидуалды деформациялар оқытушының қандай да бір индивидуалды ерекшеліктерінің басым болуынан туындайды. Мәселен, үрейлену деңгейінің жоғарлығы немесе мінез-акцентуациялары болуы мүмкін.

Шын мәнінде, әрбір мұғалімде деформациялардың түрлі типтері кездесу мүмкін. Бұл беретін пәннің ерекшеліктері мен педагогтың жеке басының қасиеттеріне тәуелді.

Кәсіби іс-әрекет процесіндегі өзгерістер елеулі немесе елеусіз болады. алайда, егер оқытушының өзі өз іс әрекеті мен жеке басының ерекшеліктері туралы білетін болса және оларды қадағалай алатын болса, кәсіби деформациялар ондай елеулі болмайды және кәсіби шеберлікті жетілдіруге кедергі жасамайды.

Негізгі әдебиеттер:2,3,4,6,8,10,11,12,14,16

Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29