Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по МБФ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.51 Mб
Скачать

1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты

датчиктер

УД диагностикада негізінен жиілігі 2,5; 3,0; 3,5; 5,0; 7,5 МГц датчиктер қолданылады. Датчиктің жиілігі аз болған сайын, сәуленің денеге ену тереңдігі жоғары болады. Бірақ бұл жағдайдағы ультрадыбыстың денені анық көру мұмкіндігі азаяды. Берілген датчиктердің ішіндегі анық көру мүмкіндігі жоғарысы 7,5 МГц жиілігі датчик.

Секторлық датчиктің корпусында бір пьезокерамикалық элемент орналасқан( 2 сурет).

Секторлы датчиктің артықшылығы:

  • бүкіл мүшені қамтиды, тереңдегі мен бақылау аймағының үлкендігі. Мысалы: бүйректі немесе шарананы толығымен көру;

  • ультрадыбысқа арналған кішкене “мөлдір терезелер” арқылы көру, түсіру мүмкіндігі, мысалы: қабырға арасы арқылы жүректі түсіру, әйелдер органдарын зерттеу.

Секторлы датчиктердің кемшіліктері:

  • дене бетінен 3-4 см “көрінбейтін аймақтың” болуы (бұл аймақты секторлы датчикпен зерттеу мұмкін емес).

  • датчиктің бір фокусты болуы.

Фокустаудың мүмкіндік шекары үлкен болғандықтан секторлы датчиктер: ұзын – фокусты (ішкі мүшелерді зерттеуде), орта фокусті (кардиологияда) қысқа фокусті (балаларды зерттеуде, беткі мұүелерді) болып бөлінеді. Сызықты датчиктердің бақылау аймағының ені 5-8 см болады. Сызықты датчиктің элементтері сканердің электронды схемасы арқылы басқарылады.

Сызықты датчиктің артықшылығы:

  • “көрінбейтін аймақтың” аз болуы, беткі мүшелерді зерттеу мұмкіндігі;

  • “динамикалық фокусировка” толқынның таралу бағыты бойынша бірнеше фокустың болуы, сол арқылы терең қабатты түсіруде жоғары айқындылықты қамтамасыз етеді.

Сызықты датчиктің кемшіліктері:

  • секторлы датчиктерге қарағанда терең қабаттарды бақылау аймағының тарлығы, яғни бүкіл мүшені толығымен бірден

көруге мүмкін болмауы;

  • жүректі түсіру мұмкін еместігі және

әйелдердің жыныс мүшелерін түсіру қиындығы.

Сондықтан сызықты датчиктер абдоминальды мүшелерді (бауыр, бүйрек т.б.), акушерлікте шарананы зерттеуде ғана қолданылады.

Конвексті датчик. Сызықты датчиктер сияқты көптеген пьезокерамикалық элементтерден тұрады. Олар қисық (конвексті) бетімен орналасқан және сканердің электронды схемасымен қосылған. Конвексті датчиктердің де секторлы және сызықты датчиктер секілді артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Конвексті датчиктердің артықшылығы. Сызықтыға қарағанда дене бетіндегі зерттеу аймағы аз, ал терең қабатында көп. Сондықтан конвексті датчиктерді, сызықты датчиктермен көру мүмкін болмайтын аймақты зерттеуде қолдануға болады, мысалы: әйелдер жыныс мұшелерін.

“Алока” фирмасы көлемдері шағын конвексті датчиктерді жасап шығарды. Олар қабырға аралық кеңістік арқылы жүректі көруге және кескіндеу мүмкіндік береді. Беткі мұшелерді зерттеуде сызықты датчиктерді қолданған дұрыс. Себебі конвекстіге қарағанда аз тереңдікте бақылау аймағы кең, “көрінбейтін аймақ” аз. Конвексті датчиктің тағы бір артықшылығы секторлыға (механикалық) салыстырғанда таза электронды, онда қозғалатын механикалық бөлік жоқ, динамикалық фокусировкаға ие, кескіндеу тереңдігінде бірнеше рет фокусталады, соған сәйкес жоғары сапалы ультрадыбыстық кескін алынады, соның салдарынан көру тереңдігінің мүмкіндік шекарасы артады. Конвексті датчиктердің дене бетіндегі бақылау аймағы секторлыға қарағанда кеңірек. Конвексті датчиктер әйелдер мүшелерін, абдоминальды мүшелерді зерттеуде, шарананы зерттеуде қолданылады.