- •Isbn 978- 601-243-633-4 © у.Байзак, б.Байзакова 2015
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
- •§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
- •§2 Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
- •7 Сурет
- •8 Сурет. 1-фосфолирид, 2-сфигомиелин, 3-фосфатидилхолин,
- •§3. Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері
- •§4 Мембрананың фазалық күй.
- •§ 5 Жасанды мембрана
- •10 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •2 Дәріс. Биомембрана арқылы зат тасымалдау Лекция жоспары
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •5 Сурет
- •6 Сурет. 1 - липидті биқабат, 2- кернеу сенсоры, 3- қақпа, 4 - селективті фильтр 5- ақуыз макромолекуласы, 6-көмір сулар, 7- пор,
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •3 Дәріс. Биоэлектрлік потенциал Лекция жоспары
- •4 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •4 Дәріс. Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
- •1 Cурет
- •2 Сурет
- •4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •6 Дәріс. Жарықтың заттармен әрекеті. Люминесцения. Фотобиологиялық процестер.
- •1 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •7 Дәріс. Электрлік факторлардың ағзаға әсері және оларды медициналық құралдарда қолдану
- •2 Сурет. Электродты денеде орналастыру әдістері.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •(Классификациялау) Лекция жоспары:
- •Медициналық техникалар
- •9 Дәріс. Радиоактивтілік. Доза негіздері. Радионуклидтерді медицинада қолдану.
- •Дозаметрия
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •10 Дәріс. Көру биофизикасы
- •1 Сурет Көздің құрылысы.
- •8 Сурет
- •11 Сурет
- •13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.
- •14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.
- •15 Сурет
- •11 Дәріс. Тыныс алу биофизикасы
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •12 Дәріс. Ультрадыбысты медицинада қолдану. Ульрадыбыстық зерттеу құралы «алока-630».
- •1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты
- •Арнайы датчиктер
- •Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу
- •Доплерография
- •7 Сурет Алока ssd-630» құралын басқару панель тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •13 Дәріс. Электрлік емес шамаларды өлшеу. Датчиктер.
- •Генераторлы датчиктер.
- •Параметрлік датчиктер
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •Тест жасаудың жаңа технологиясы: сатылы тест
- •Аванесов в.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.Текст.Акад. Им.Косыгиан, 1996. -95 с.
- •3. Аванесов в.С. Композиция тестовых заданий.-м.:Центр тестирования,
- •Қ зертханалық олданылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық биофизика. Лекциялар жинағы.
5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
Лекция жоспары:
Сұйық ағысынының физикалық заңдылықтары: тұтқырлық, Ньютон заңы, ламинарлы және турбулентті ағыс
Сұйық ағысының сызықтық және көлемдік жылдамдығы, сұйық ағысының үздіксіздік шарты.
Пуазейль формуласы.
Қаннның реологиялық қасиеттері.
Қанның тамырлар жүйесі арқылы ағуы. «Тиын бағаналары»
Пульстік толқын.
Қан қысымын өлшеу әдістері: Коротков әдісі, тәуліктік мониторинг.
Лекция мақсаты: сұйық ағысының негізгі заңдылықтарымен танысу және оны қан ағысына қолдану. Қанның тамырлар бойымен ағу ерекшеліктерін талдау. Қан қысымын өлшеу әдістерін қарастыру.
Жүрек- қан тамарлар жүйесі адам ағзасында қанның түйық жүйе бойымен үнемі ағуын қамтамасыз етеді. Осы арқылы жасушалардың қалыпты жұмыс істеуін, яғни оларға қажетті заттарды жеткізуге және сыртқы ортаға қажетсіз заттарды шығаруға мүмкіндік береді. Жүрек қан тамырлар жүйесіндегі қан айналысын сипаттау үшін қан қысымы мен оның жылдамдығы арасындағы, бұл шамалардың қан тамырларының түрлері мен қан құрамына, жүйенің жүрек жұмысына тәуелділігін білу қажет.
Сұйықтың қозғалысы мен онда байқалатын құбылыстарды гидродинамика зерттейді, ал гидродинамиканың заңдылықтарын жүрек- қан тамырлар жүйесіндегі қан айнасысына зерттеуге қолданатын биофизиканың бөлімін гемодинамика деп атайды. Шын мәнінде қан ағасы гидродинамика қарастыратын сұйықтан өзгеше. Қан ағатын түтіктердің қабырғалары серпімді және олар көптеген тармақтарға бөлініп кетеді, ал гидродинамикада болса қабарғалары серпімсіз, темір түтіктермен ағатын жағдайларды қарастырады, оның үстіне жүректің жұмысын қарапайым насоспен салыстыруға тіптен болмайды. Осы жағдайлар жүрек қан тамырлар жүйесін физика- математикалық жолдармен толық сипаттауға болмайтындығын көретеді, сондықтан биофизика қан айналысының тек қарапайым түрлерін қарастырады.
Енді сұйық ағысының кейбір заңдылықтары мен түсініктерін қарастырайық.
Сұйықтың тұтқырлығы немесе ішкі үйкеліс сұйықтың ағуы кезінде байқалатын басты құбылыстың бірі. Түтікпен аққан сұйықтың молекулалары түтік қабырғасымен әсерлеседі (молекулалары бір біріне тартылады, кедергі күші пайда болады), соның нәтижесінде сұйықтың түтік қабырғасына жанасқан қабатының ағу жылдамдығы төмендейді, бұл қабат өз кезігінде келесі қабаттың ағу қозғалысын тежейді, ол келесі қабатқа әсер етеді, осылайша жалғаса береді. Түтіктің осіне жақындаған сайын бұл құбылыстың әсері төмендеп, түтік осі бойындағы сұйық ағысы жылдамдығын сақтайды. Осындай құбылыстың әсерінен сұйықтардың қабаттары арасында ішкі үйкеліс күші пайда болады, оны тұтқырлық деп атайды.
Осы күштің әсерінен түтіктің көлденең қимысындағы сұйықтардың ағу жылдамдықтары әр түрлі болады, түтіктің осі бойымен ағатын сұйық жылдамдығы ең жоғары мәнге ие болса, түтік қабырғасына жақындаған сайын оның жылдамдығы төмендей береді, ал түтік қабырғасына жанаса ағатын сұйық жылдамдығы төмен мәнге ие болады v1< v2< v3<v4. Осының әсерінен қозғалу бағытына перпендикуляр бағытта жылдамдық градиенті dv/dx пайда болады (1 сурет).
v1
v2
v3
v4
dv
