- •Мазмұны
- •Өндірістік іс- тәжірибенің мазмұны
- •1.1. Шымкент қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
- •Сонымен, өндірістік іс-тәжірибемді Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-шы жылдың 1-ші қыркүйек пен 17-ші қазан аралығында өткіздім.
- •03.09.2015 Күні жетекшім мені орталықтағы техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Сонымен мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- •2 Назарбаев Зияткерлік мектебінің ақпараттық- анықтамалық жүйесін құру
2 Назарбаев Зияткерлік мектебінің ақпараттық- анықтамалық жүйесін құру
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды.
Егер интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде «Google» және «Yahoo» іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, «Google» мен «Yahoo» 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – «Қазақтелеком», «Nursat», «ASTEL», «KazTransCom», «Транстелеком», «Арна» («Ducat») және «Golden Telecom» қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және 2005 жылы 1 миллионнан астам адам. Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. Егер бұрындары мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтетін алғашқы интернет-конференция мемлекеттің интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назарының ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұранысын қанағаттандыруға деген ұмтылысының да нақты көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысына өзіңді қызықтырған сұрақты тікелей қойып, оған жауап алу мүмкіндігі шындығында басқа қай кезде және қай жерде пайда болуы ықтимал?
Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызықтыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындарының басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағынан көшбасшы білім және ғылым саласы болып табылады. Екінші орында тұрғын үй саясаты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде.
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін интернет-конференцияның бір парасы интернет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақстандықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш күмән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы ырғақты дамып келе жатқан ақпарат әлеміне интеграциялануына қосымша серпін беретіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді табысты қолданатын ел. Және ол әлемдік кеңістікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел.
Қазақстан халқы әзірше соншалықты көп емес, 17 миллион шамасында ғана. Ал бұл интернетті барынша дамыған елдерде пайдаланатындай деңгейге ұмтылуға итермелейтін тағы бір ұтымды себеп болып табылмақ. Мысал үшін айтсақ, Скандинавия елдерінде тұрғындардың 90%-ға жуығы Интернетті пайдаланады. Мұндай мақсатқа жетуге алғышарттар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат алмасу үшін интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пайдаланатын уақыттың келгеніне өзі бас болып үлгі көрсетуі өзгелерді де осынау прогрессивті жолды таңдауға қадам бастыратыны анық.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Web- сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде web-сайты бір адам — web- шебер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар web- дизайнер, программист, бизнес- кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Бұның негізгі белгісі интернет- жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
1) web- технологиялар;
2) cайт жасау экономикасы;
3) web- дизайн және Web- программалау маркетингісі;
4) адам ресурстары және т.б.
Web- сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
1) жоспарлау;
2) элементтерді жасақтау;
3) бағдарламау;
4) тестілеу;
5) жариялау;
6) жарнамалау;
7) бақылау.
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1) сайттың орны;
2)сайттың аудиториясы кімдер;
3) қандай ақпарат жарияланады;
4) қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1) навигациялық құрылымын жасау;
2) беттің дизайнын жасау;
3) бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу;
Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1) сілтеменің жұмысы;
2) мәтіндегі қателер;
3) навигацияның тиімділігі.
4) пошта және басқа формалардың дұрыстығы;
5) графикалық файлдардың ашылуы;
6) әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау. web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1) web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2) web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3) web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4) баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң, оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Күніне мыңдаған пайдаланушалары бар жаһандық ақпараттық порталдан бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған кез-келген ресурс– бұл негізінен инженерлік- дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды. Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені бұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады. Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады. Кей-кездері өрмекші тор мысалға әдеби туындыларды, суреттерді, музыка және ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы арқылы интернет беттегі жарияланым авторы өз туындыларының оқырмандарын, суреттерінің көрермендері мен әндерінің тыңдаушыларын тауып, өз еңбегінің арқасында қаржы таба алады. Тұтынушыларына белгілі бір тақырып туралы ақпарат беретін коммерциялық емес сайттар қандай ресурс болмасын, танымдық, көңіл-көтеру порталы, музыкалық сайт немесе жоба т.б төңірегінде жұмыстар атқара алады. Кей кездері коммерциялық емес сайттың қожайынының таза тәжірибелік қызығушылықтарымен қатар, ол желілік электронды ақпарат көзінің күнделікті мыңдаған пайдаланушыларының әртүрлі қажеттіліктерімен санасу керек. Алайда, web-дизайн интернет-технологиялардың жас әрі жаңа ғана дамып келе жатқан саласы екенін ұмытпаған жөн, және де бұл сала қызметкерлерінің жұмысы жоғары бағаланады. Кіші және орташа бизнестің бірі ретінде бүгінгі таңда интернет перспективті ақша табу көзіне айналып отыр. Әрине, нарықтық замандағы Web-дизайнерлер мен бағдарламашыларға деген үлкен сұраныс пайда болды. Коммерциялық интернет-жобалар қаржылық табысқа жету мақсатында жасалынып, қаржы жанама және тура түрде берілуі мүмкін. «Бүкіләлемдік өрмекші торындағы» ақпараттық тасқынды реттеу мүмкін емес. Қазақстандағы интернет тұтынушылардың саны көбейген сайын ақпараттық арандатуға байланысты дау-дамайлардың да шеті шыға бастады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер.
Интернет-жобалар өздерінің қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт. Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт. Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Корпоротивті өкілеттік– компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді. Портал– интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне– ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі– кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты. Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб- басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб- басылым ақпаратты– коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны w eb-сайт болып табылады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік. Коммерциялық жобаны жасау, әрине, уақыт пен ерең еңбекті талап етеді. Web- шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет- жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web- дизайнер жұмысына Windows басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет:
1) құжат өңдеу құралы, HTML — WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express;
2) векторлы графика редакторы CorelDraw бағдарламасы;
3) суретті графика редакторы — Adobe Photoshop;
4) Microsoft Internet Explorer браузеры;
5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы;
6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары — ConvHTML және SNKDECode;
7) HTML оптимизаторы — 1.5 немесе одан жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы;
8) GIF суреттері — Gif-Clean 32 бағдарламасы;
9) JPEG суреттері оптимизаторы — JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы бағдарламасы;
10) GIF анимациялар редакторы — Ulead GifAnimator бағдарламасы;
11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы;
12) FTP-клиент — CuteFTP бағдарламасы.
Осы бағдарламалардың көбін еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады.
Dreamweaver программасы "WYSIWYG (what you see is what you get)— не көрсеңіз, соны аласыз" принципін жүзеге асыратын HTML редакторына "визуалды"қатысты. Бұл программа сізден гипертекстті белгілеу тілін білмей-ақ Web-бет құруға мүмкіншілік береді, сондықтан өз Web-бетіңізді құру кезінде HTML тілін бірге үйренгеніңіз дұрыс.
Сондай–ақ, Dreamweaver CS3 WYSIWYG технологиясын пайдаланатын басқа редакторлардан бірнеше қадам алда тұрады, ең біріншіден, өте таза HTML және PHP– кодтарын генерациялайды. Dreamweaver CS 3-да жасалған проектіні бірнеше браузерде тексеру мүмкіндігі бар.
Интерфейстің негізгі элементтері. Программаның интерфейсі құжаттың негізгі терезесінен және көмекші панельдерден тұрады. Негізгі терезеде мыналар бейнеленген (1-сурет):
– Code – бастапқы код;
– Split – бастапқы код / құжат беті (терезе екіге бөлінеді);
– Design – құжат беті.
Сурет 1 – Dreamweaver- дің негізгі терезесі
Негізгі менюден View командасын немесе бастапқы терезенің құрал- саймандар панеліндегі батырмаларды қолданып, мәліметтерді шығару тәсілін басқару жүзеге асырылады.
Бастапқы терезенің жоғарғы бөлігінде беттің аты болады, егер файл сақталмаған өзгерту болса, жақшаның ішінде файлдың аты және * символы. Қосымша панельдер процедуралардың орындалуын жеңілдетеді. Барлық панельдерді жабуға және тек барлық қажетті пункттері бар бастапқы менюді қолдануға болады. Тек панелдің осы этаптағы керектілерін ғана ашуға болады. Қосымша панельді басқару Window менюін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Жолдың сол жақ бөлік күйінде сол жолдың қазіргі уақытта курсор тұрған негізгі тэгтері көрсетіледі.
Көбінесе құбылмалы болып тұратын басты терезелер мен панельдерді қарастырамыз:
– Tag Inspector терезесі құрылған құжаттың коды болады. Кез келген өзгертулер бастапқы терезеде бірден сәйкес келетін кодпен көрсетіледі. Өзгерту HTML кодты енгізу кезінде осы терезеге апарып тышқанды шеркеннен кейін бастапқы терезеде пайда болады.
– History терезесі сіздің жұмысыңыздың әрбір қадамын аңдып отырады және іс-әрекетті қайтаруға немесе қайталауға мүмкіндік береді.
– Files терезесі құрылып жатқан файлдарымен жұмыс істеу үшін кіріктірілген FTP-клиент шақырады.
– Insert панелі құжатқа әртүрлі объекттер қоятын батырмалары бар закладкаларды қамтиды.
– Properties панелі таңдалған объекттің қасиетін байқап және редакторлеуге мүмкіндік береді.
Программаның негізгі баптау тапсырмалары. Редактормен жайлы және эффектілі жұмыс жасау үшін, кейбір параметрлердің мәндерін анықтап алу керек. Программаның параметрлерінің баптауларын шақыру үшін, бастапқы менюде Edit пунктін ашып, Preferences… (Edit=>Preferences…) пунктін таңдау керек.
Бұдан кейін экранда жұмыстың параметрлерді редакторлеу терезесі көрсетіледі. Терезенің сол жағында мүмкін болатын баптау категориялары, ал оң жағында таңдалған категориялардың параметрлері бейнеленеді.
General категориясында жалпы баптаулар жинақталған. Use CSS instead of HTML tags жалаушасы HTML тэгінің орнына CSS стилінің текстін форматтау үшін қолдануды қосады және өшіреді. Негізінен ол қосулы болады, және оны өшіріп қойған дұрыс.
Dreamweaver редакторының орыс тілді құжаттар үшін жұмысқа дайындығы маңызды кезі болып табылады. Компьютерлік технологияда жалпы қабылданған, стандарт тіл – ағылшын тілі. Сондықтан ағылшынша құжаттарды араластыру кезінде Internet-ке ешқандай қиындық туғызбайды. Бірақ басқа кодировканы талап ететін құжаттар үшін бұл басты мәселе.
Dreamweaver редакторымен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде құжат қандай кодировкада жасалатынын көрсету керек. Жаңадан құрылған HTML құжат үшін кодировкасын анықтау үшін, Preferences терезесінде New Document категориясын таңдау керек. Default encoding тізімінде кирилица кодировкаларының бірі көрсетіледі. Көбіне қолданылатын Кириллица (KOI8-R) және Кириллица (Windows). Бұлардың ішінен Кириллица (Windows) кодировкасын қолданған тиімді. Енді егер ережеге сай Use when opening existing files that don't specify an encoding жалаушасы қосылмаған болса, оны қосу керек. Осыдан кейін, егер оған басқа кодировка таңдалмаған болса, Dreamweaver автоматты түрде Default encoding тізіміндегі таңдалып алынған кодировканы барлық ашық Web-бетке қабылдайды. Әріқарай, Fonts Setting тізімінде Fonts категориясын таңдап, тексті бейнелеу үшін қандай шрифттер қолданылатынын көрсету керек.
Бар HTML- құжаттың кодировкасын өзгерту үшін Modify=>Page Properties командасын орындау керек. Ағымдағы беттің параметрлер терезесі пайда болады. Title/Encoding категориясында Encoding тізімінен жаңа керекті кодировканы таңдап және оң жақта орналасқан Reload батырмасын басуды жүзеге асырады. Егер құжат бұдан бұрын сақталмаған болса, онда соңғы сақталудан кейінгі барлық өзгертулер жойылады. Бұдан құтылу үшін, кодировканы өзгертпес бұрын бірден құжатты сақтау керек. Кодировкаларды өзгерту тек бір типтегі кодировкалардың арасында болуы мүмкін. Мысалы, Кириллица (KOI8-R)- дан Кириллица (Windows)- қа өзгерту дұрыс болады, ал Западноевропейской кодировкасынан Кириллица (KOI8-R)- ға өзгерту дұрыс емес.
Dreamweaver редакторының параметрлерін баптау программаны орнатқаннан кейін бір рет орындаған жеткілікті. Әріқарай, HTML- құжатты редакторлеу кезінде программамен барлық жұмыс сеанстарында орнатылған параметрлермен жұмыс істейді.
Беттің негізгі қасиетінің тапсырмалары. Беттің қасиетін баптау үшін, бірден бастапқы менюден Modify=>Page Properties…. командасын таңдау керек. Негізгісі, ашық диалогтық терезеде орындау керек, бұл беттің аты – Title/Encoding категориясындағы Title өрісі. Сайттың әрбір бетінің аты ойластырылған, кысқа және қисынды болу керек. Визуалды түрде ол браузер терезесінің атында бейнеленеді, және одан басқа іздеу жүйесінде қолданылады.
Атынан басқа, бұл диалогтың Appearance категориясында келесі беттің параметрлерін орнатуға болады:
– Background image – беттің фоны ретінде қолданылатын сурет (Browse батырмасын басу арқылы графикалық файлды суретпен таңдауға болады);
– Background / Text – сәйкесінше онда орналасқан бет фонының және текстінің түсі (қасында орналасқан батырманы басу арқылы түстер палитрасынан түсті таңдауға болады);
– Links / Visited links / Active links – сәйкесінше сілтемелердің түстері / қатынасатын сілтемелер / активті сілтемелер;
– Left margin / Top margin / Margin width / Margin height – бүйір бойынша және беттің соңында шегіністер қалдырады (Left және Top margin тек Internet Explorer браузерінде ғана бейнеленеді, ал Margin width және height тек Netscape Navigator-да, сондықтан екі параметрді де бір уақытта үйлесімділікті сақтау үшін қолданған дұрыс).
Сайттың қасиетін анықтау. Бір серверде орналасқан және мағынасы бойынша тығыз байланысқан Web- беттердің тобын сайт деп атаймыз. Сайттың құрамына:
– сайттың аты;
– локальді дискіде сайт сақталатын папканың аты;
– сервердің адресі және жойылған қолжетімділіктің (удаленный доступ) сипаттамасы;
– сайттың бастапқы беті сақталатын файлдың аты.
Сайт қасиетінің анықтамасы үшін Site менюінде New site басыңыз — Site Definition диалогтық терезесі пайда болады. Local Info категориясында Site Name жолын толтырыңыз және Local Root Folder таңдаңыз. Сайт аты — бұл проектің аты, басқа сайттармен жұмыс істеу кезіндегі басқаруды баптаулармен жеңілдететін қолдану. Басқа сайтпен жұмыс істеу баптаулары үшін Site менюінде Define sites командасы қолданылады. Серверге жойылған қолжетімділіктің әдісін баптау Remote Info категориясында шығарылады. Егер сіз, мысалы, серверге суреттерімен бірге бетті жүктеуге мүмкіндік беретін, кіріктірілген FTP- клиент қолданатын болсаңыз, Access жолында FTP таңдаңыз және FTP Host, Login және Password жолдарын толтырыңыз.
Site Map Layout категориясында Home Page жолында сайттың бастапқы беті сақталатын файлдың атын көрсетіңіз. FTP-қолжетімділік Files панелі көмегімен, бір жақ жартысында локальді сайттың жұмыс директориясы бейнеленетін, ал екінші жартысында Connects to remote host батырмасын шерткенде пайда болатын FTP-сервердегі сіздің директорияңыз орындалады. Сервермен байланысқаннан кейін, батырма бір күйге келеді және папкаларды ұйымдастыру, файлдарды жою, локальді және жойылған сайттар арасында файлдарды айырбастауы мүмкін.
Files панелі Connects to\Disconnects from remote host батырмадан басқа келесі батырмаларды қамтиды:
– Site Files — локальді және жойылған сайттардың файлдарын көрсетеді;
– Site Map — иллюстритациялы құжаттардың өзара байланысы сайттың визуалды картасын бейнелейді;
– Refresh — файлдардың тізімін жаңартады;
– Get — жойылған сайттан локальді сайтқа белгіленген файлдарды көшіреді;
– Put — локальді сайттан жойылған сайтқа белгіленген файлдарды көшіреді.
Локальді және жойылған сайттар арасында және Site менюінде Synchronize командасының көмегімен файлдар айырбастау болуы мүмкін. Бұл команда Synchronize тізімінде синхронизация объектісі таңдалатын Synchronize Files диалогтық терезесін шақырады:
– Entire ‘site name’ Site — барлық сайт;
– Selected Local Files Only — тек таңдалған локальді файлдар;
– Selected Remote Files Only — тек таңдалған жойылған файлдар.
Текстті форматтау. Dreamweaver программасы енгізілген текстті форматтай алады: тақырыптың типін өзгерту, шрифттің түсі мен өлшемін, шрифттің түрін анықтау және т.б. Properties панелі немесе контексттік меню арқылы негізгі форматтау мүмкіндіктерін қарастырайық.
Тақырыпты (заголовок) форматтау. HTML тілінде тақырыптарды форматтаудың алты деңгейі қарастырылған. Әртүрлі деңгейдегі тақырыптарды беру үшін, форматталатын текстті белгілеңіз, одан кейін, контексттік менюді шақыра отырып, Paragraph Format және сәйкес деңгей тақырыбын, мысалы Heading1 таңдаңыз. Properties панелін қолданып, осындай эффектке қол жеткізуге болады. Мысалы, екінші деңгейдегі тақырыпты құру үшін, сәйкес текстті белгілеу керек және Properties панелінде Format жолында Heading2 жолын таңдау керек.
Текстті тегістеу. HTML тілінде текстті ортамен, оң және сол жақтармен, беттің енімен тегістеу қарастырылған. Текстті тегістеу үшін контексттік менюді шақырыңыз және Align жолында керекті нұсқаны таңдаңыз, мысалы Center. Properties панелін қолдану арқылы бұл тапсырманы шешу үшін батырманы шерту жеткілікті.
Шрифтің өлшемін өзгерту. HTML тілі шрифтің жеті өлшемін қарастырады. Негізінен тексттің өлшемі — 3. Текстте шрифтің өлшемін өзгерту үшін: текстті белгілеп, және контекстік менюді шақырып, Size жолын таңдап керекті өлшемді таңдау қажет. Properties панелінің көмегімен мынаны істеуге болады: сәйкес өлшемді рамканың түстік жолынан таңдап, ал Bg Image жолынан кестенің фоны ретінде қолданылатын суретке бару жолын анықтауға болады. Кестенің бөлек ұяшықтарының қасиетін редакторлеу былай болады: курсорды редакторленетін ұяшыққа апарамыз, одан кейін Properties панелінде ұяшықтардың қасиетін басқару элементтері көрсетіледі: Hors және Vert жолдары ұяшықта горизонтальді және вертикальді тегістеуді анықтайды, W — енін және H — ұяшықтың биіктігін, Bg жолында ұяшықтың фоны ретінде қолданылатын суретке бару жолын анықтауға болады, ал батырмалар ұяшықтың рамкаларының және фонның түсін анықтауға мүмкіндік береді. Қатар тұрған ұяшықтарды қосу үшін, оларды белгілеп және Modify=>Table=>Merge Cells таңдаңыз.
Ұшыққа жол мен баған қосу үшін, оны активті етіңіз және Modify=>Table=>Split Cell таңдаңыз.
Сурет қою және оның қасиетін редакторлеу. Құжатқа графикалық сурет қоймастан бұрын, оны сақтап алу керек. Құжатқа графикалық суретті енгізу үшін Insert панелінде Common бөліміндегі батырмаларды қолданыңыз. Пайда болған Select Image Source терезеде керекті суретті таңдап, Select батырмасын шертіңіз. Графикалық сурет қоюдың екі нұсқасы бар:
– таңдалған сурет сайттың жұмыс директориясында орналасқан. Бұл жағдайда құжатқа жай ғана қоя салынады;
– таңдалған сурет сайттың жұмыс директориясында орналаспаған болса, Dreamweaver ол суретті жұмыс директориясына көшіруді ұсынады, әйтпесе графикалық суреттен тұратын файлдың жолын көрсету қате болады.
Суреттің қасиетінің баптаулары. Графикалық суреттерді белгілеу кезінде Properties панелінің сол жақ бұрышында суреттің миниатюрлы көшірмесі бейнеленеді. Бұл көшірменің оң жағында name (іздеу жүйесі арқылы пайдаланылатын суреттің аты) параметрінің мәні енгізілетін кішкентай терезе орналасқан. Тағы оңға қарай суреттің ені мен биіктігі жазылған екі терезе орналасқан. Әріқарай Src (суретке апаратын жол) параметрі және Link сілтемесі бар. Link жолы берілген суретке қатысты гипербайланыс орнатуға арналған. Рамкаға графикалық сурет орналастыру үшін, сәйкес Border (Border жолы панельдің оң жақ төменгі бөлігінде) параметрінің мәнін орнатыңыз. Align жолы арқылы текстке қатысты суретті тегістеуге болады. Қосымша ақпарат немесе жасырын жазба құру үшін, сәйкес енгізілу керек Alt жолы бар. Панельдің сол жақ төменгі бөлігінде суреттен мультисілтеме жасауға болатын құрал- саймандар орналасқан. Мультисілтеме құру үшін, суретке шертіңіз, мультисілтеме құруға арналған Properties терезесінен суретті белгілеп, енді құрылатын гиперсілтемеге қатысты кез келген құрал-сайманды таңдаңыз. Link жолына ауысу жасалатын ресурстың адресін көрсетіңіз.
Dreamweaver-де PHP редакторымен жұмыс істеу негізі.
Тізім құру. Dreamweaver програмасын құрушылар құрал-саймандарды, HTML, PHP беттерді құрудағы жеңілдіктер, оларды редакторлеу және құжаттардың бір-бірімен байланыстарын ыңғайлы әрі қарапайым қодануға арнап шығарды. Бұл оқу құралында Adobe Dreamweaver CS3 пакеттерімен жұмыс істеу негізі қарастырылған. Көбінесе сапалы білімді ресурстар құруға мүмкіндік беретін құрал-саймандар мен жұмыс істеу әдістеріне көп көңіл бөлінеді. Сіз web-беттерді құруды және форматтауды, интерактивті элементтерді қолдануды үйренесіз, сайттың файлдарын басқару және саймандармен өңдеу автоматизациясымен танысасыз.
Сайттың файлдарын ұйымдастыру кезінде келесі жалпыға тән қасиеттер негізімен іске асыру ұсынылады:
– сайттың негізгі каталогында міндетті түрде сайттың бірінші беті болып саналатын index.php файлы болуы керек;
– графикалық файлдар бөлек папкада орналасады (әдетте images);
– беттің компоненттері ретінде қолданылатын қосымша файлдар(мысалы, JavaScript скриптер, CSS стилдері, Flash анимациялар) бар болса, оларды сәйкес типті папкаларда орналасады;
– сайттың құрамына кіретін құжаттар үшін, ереже ретінде ақпарттандырғыш аттар қолданылады, мысалы links.php, page1.php, background.gif т.б.
Құрылған құжатты атын беріп (мысалы, text.php), негізгі жұмысты папкаға сақтаңыз.
Қорытынды
Қазіргі ақпараттық қоғамда адамзат үшін Интернетте жұмыс істей білу, онымен байланысу құралдарын игерудің маңызы ерекше. Себебі, Интернет желісі адамдар үшін «қашықтық» деген ұғымды жоққа шығарып, әлемнің кез-келген нүктесінен жылдам хабар алуға, бейнелі түрде байланысуға, әр елдің тілдеріне байланысты информацияны түсінікті түрде беруге, қабылдауға мүмкіндік туғызып отыр.
Интернетке қосылған миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және көптеген пайдаланушы адамдар бар. Осы пайдаланушы адамдар бір-бірімен Интернет арқылы информация алмасуға, түрлі сала бойынша алынған материалдар арқылы өз білімін тереңдетуге ұмтылуда.
Білім беру саласының күрделі мәселелерінің бірі пән бойынша теориялық материалдар, т.б. тақырыптар жайлы мәліметтер қажет болса, оларды Интернет желісін пайдалану арқылы тиімді шешуге болады.
Қазіргі кезде әрбір білім алушы студенттің Интернет желісінде жұмыс істей білуі – уақыт талабы.
WEB-бет құру үшін Интернетте бағдарламалаудың негізгі құралы – HTML (Hypertext Markup Language - гиперсілтемелер құру тілі) тілінде жұмыс істеу.
Студенттік ғылыми- зерттеу жұмысымның мақсаты - студенттерді Интернетте жұмыс істей білуге, HTML тілінің мүмкіндіктерін пайдалануға, Интернеттің негізгі қызметі болып есептелетін WEB-беттермен жұмыс істей білуге және оны құруға үйрету.
Пайдаланылған әдебиеттер
Программирование в среде Java: CD – M.: Delta-MM Corp, 2003.
Программирование на Perl: CD. - M.: Delta – MM Corp, 2001.
XML в действии: CD. Прил. к кн.Маршала Б. XML в действии.
Программирование на VCL: CD. M.: Delta – MM Corp, 2002.
Интернет и WWW: Более 250 программ. CD – 2000. Прил. к журналу «КомпьютерПресс» - 2000, №2
Интернет-технологии:CD -2000. Прил. к журналу «КомпьютерПресс», - 2001, №6.
Мир Интернет: CD.Прил. к журналу «КомпьютерПресс», - 2004, №2.
Web-дизайн и программирование: CD. Прил. к журналу «КомпьютерПресс», 1999, №5.
