Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
833.19 Кб
Скачать

Сонымен, өндірістік іс-тәжірибемді Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-шы жылдың 1-ші қыркүйек пен 17-ші қазан аралығында өткіздім.

Мен іс-тәжірибеге күн сайын қалдырмай барып жүрдім. Мен онда жүріп көптеген қызықты мәліметтерге қанық болдым, өзіме қажетті бағдарламаларды үйрендім.

01.09.2015-02.09.2015 Менің іс- тәжірибемнің басталған күнінен бастап жұмыс барысында араласатын қызметкерлермен бір сыпыра танысып болғаннан соң, ең негізгі жұмыс өзімнің іс- тәжірибем өтетін Шымкент қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің IT мамандарымен танысу болды. Олар маған жұмыстың қалай жасалуын, жұмыстың мақсатын толық түсіндірді және маған жұмыс жасау үшін жеке компьютер бөліп берді. Мұндағы қызметкерлердің әрқайсысына арнайы жұмыстар бөлінген.

03.09.2015 Күні жетекшім мені орталықтағы техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Сонымен мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  • Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындауы керек;

  • Электр тогымен зақымдалған қызметкерге әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білуі керек;

  • Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек;

  • Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып, жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек;

  • Өрт сөндіретін құралдармен әрбір қызметкер жұмыс істей алу керек;

  • Өрт болған кезде қызметкерлер эвакуация жолдарын білу керек;

  • Қызметкер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу керек;

  • Суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ- мен жұмыс істеуге болмайды;

  • Зақымдалған сым, дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен жұмыс істеуге болмайды;

  • ЭЕМ- мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, ЭЕМ- ді өшіріп жетекшіге хабарлау керек;

  • ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды;

  • ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.

Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім. Жетекшімнен тапсырмалар алдым.

04.09.2015-05.09.2015 күндері екі оқушының ноутбуктеріне Windows 7 операциялық жүйесін орнаттым. Ол үшін компьютерге переустановка істегендей ноутбуктерге де переустановканы компьютерде істегендей іс-әрекет жасадым. Алдымен дискаводты бірінші оқитын етіп қойдым. Ол үшін БИОС- қа кірдім. Ноутбуктерде БИОС- қа кіру батырмасы F2 болып келеді немесе Delete батырмасы. Сосын BootMenu- де дискаводты бірінші етіп тағайындадым. Ары қарай F10 батырмасын басып баптауларды сақтап шықтым. Ноутбук автоматты түрде перезагрузка етілді. Қайта қосылғанда ештенкені баспадым, сол кезде бірінші дискавод оқылып Установка беті шығуы керек. Сонда біз винчестермен жұмыс жасау бөлімінде винчестерді бірнеше дисктерге бөлдім. C дискісіне 100 Gb бердім. Мен өзім 2-ге бөлемін.  Сосын бөліп болған соң C- дискіні таңдап соған орната бердім. Ары қарай ноутбукке қажетті драйверлерді орнаттым. Сосын Microsoft office 2013, Winrar, dr-web бағдарламаларын орнаттым.

Осы күндері оқушыларға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану тәсiлдерi мен құралдарын түсiндiру мақсатында мектепте ұйымдастырылған мектепішілік жаттығу жұмыстары өткізілді. Шартты түрдегі жер сілкінісі туралы дабыл қағылғанда, барлық оқушыларға газдан қорғайтын дәке үлестіріліп, мектеп ұжымы жаппай сыртқа шығарылды.

07.09.2015-09.09.2015 күндері жетекшім Болид Орион бағдарламасын үйретті. Осы бағдарламаға мұғалімдерді тіркеп, карточка аштым.

10.09.2015-12.09.2015 күндері Болид Орион бағдарламасында жұмысымды ары қарай жалғастырдым. 7Д, 7Е, 7Ғ сыныптарының оқушыларын Болид Орион бағдарламасына енгізіп, карточка аштым.

14.09.2015-16.09.2015 күндері мектепте болған мониторингке қатыстым. Мониторингте IT мамандардың қызметі оқушыларға Drone test v1.1.2 бағдарламасын қосып беру. Мониторингте оқушыға 1 сағат уақыт және 35 сұрақ беріледі. Және осы күндері жетекшіммен бірге мониторингте қолданылатын ноутбуктардың батареяларын ауыстырып шықтым.

17.09.2015-19.09.2015 күндері 20 оқушының ноутбуктеріне 64 разрядты Windows 7 операциялық жүйесін, ноутбукке керек драйверлер, Microsoft office 2013, Winrar, Тotal commander, dr-web бағдарламаларын орнаттым.

21.09.2015-22.09.2015 күндері жалпы мектептің компьютерлік бағдарламаларымен танысу күндері болды. Мұнда қазіргі заман талабына сай компьютерлік бағдарламалары, бағдарламалық жабдықтары, түрлі компьютерлік жабдықтармен, қажетті бағдарламалармен қамтылған.

23.09.2015-24.09.2015 күндер аралығында мектептегі TV NIS атты телестудияның жұмысымен таныстым. Сондай- ақ жетекшім видеоға, суретке түсіруді үйретті.

25.09.2015-26.09.2015 аралықтары кітапханаға барып, диплом жұмысыма қатысты кітаптармен таныстым:

  • Официальный учебный курс Adobe Dreamweaver CS5 и CS5.5 = Использование Adobe Dreamweaver CS5 и CS5.5. — 2012. — С. 748.

  • Официальный учебный курс Adobe Dreamweaver CS4 + CD = Adobe Dreamweaver CS4: Classroom in a Book. — М.: «Эксмо», 2009. — С. 304. — ISBN 978-5-699-35326-2, 978-0-321-57381-0.

  • А. В. Белозубов, Д. Г. Николаев. Основы работы с HTML-редактором Abobe Dreamweaver CS3. Учебно-методическое пособие. — СПб.: СПбГУ ИТМО, 2007. — С. 112. — ISBN 5-7577-0092-0.

  • Джанин Уорнер. Macromedia Dreamweaver 8 для "чайников" = Dreamweaver 8 For Dummies. — М.: «Вильямс», 2006. — С. 400. — ISBN 0-7645-9649-7.

  • Осипова Оксана. Самоучитель Adobe Dreamweaver CS3. — СПб.: «БХВ-Петербург», 2008. — С. 400. — ISBN 978-5-9775-0211-5.

28.09.2015-29.09.2015 күндері өзіме берілген жеке компьютерге дипломыма қажетті бағдарлама Adobe Master Collection CS6 бағдарламасын орнаттым.

Adobe Dreamweaver CS6 бағдарламасын іске қосу командасы:

Пуск=> Все программы=> Adobe Master Collection CS6=> Adobe Dreamweaver CS6

Интерфейстің негізгі элементтері. Программаның интерфейсі құжаттың негізгі терезесінен және көмекші панельдерден тұрады. Негізгі терезеде мыналар бейнеленген:

– Code – бастапқы код;

– Split – бастапқы код / құжат беті (терезе екіге бөлінеді);

– Design – құжат беті.

30.09.2015-01.10.2015 күндері Назарбаев Зияткерлік мектебінде қолданылатын бағдарламалармен танысып шықтым. Олардың көпшілігі маған таныс болып шықты, егер оларды айтып кетер болсам, олар:

  • Windows 7операциялық жүйесі;

  • Microsoft Word- 2007/2013 мәтіндік процессоры;

  • Microsoft Excel- 2007/2013 кестелік процессоры;

  • Microsoft Access- 2007/ 2013 деректер қорын басқару жүйесі;

  • Paint графикалық редакторы;

  • Microsoft PowerPoint- 2007/2013 презентация программасы;

  • Internet Explorer броузері;

  • WinRar архиваторы;

  • WinZip архиваторы;

  • ESET Smart Security 8.0.319.1, Dr Web программалары.

02.10.2015-03.10.2015 күндер аралығында мектептің ЭЕМ- да орнатылған бағдарламалармен, әсіресе Microsoft Word, Corel Draw бағдарламаларында жұмыс жасадым. Осы бағдарламаларда денсаулық жайлы стенд жасадым.

05.10.2015-06.10.2015. Компьютердің мінездемелерімен және Internet желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ. Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да, мүмкіндігі де өз қалауыңша.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Интернет ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін мүмкіндіктердің бірін қарастырып өту керек.

Интернетке қосылу дегеніміз- басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аламыз.

Осы күндер аралығында дипломдық жұмысымның негізгі беттерін Adobe Dreamweaver CS6 бағдарламалау ортасында жасадым.

07.10.2015-08.10.2015 күндері өнер кабинетіндегі оқушылар қолданатын ноутбуктерге Adobe Master Collection CS6, Corel Draw бағдарламаларын орнаттым. Осы күндері жетекшім переплет жасауды көрсетті.

09.10.2015-10.10.2015 күндері Болид Орион бағдарламасында 8А, 12С, 7В, 8В сыныптарының оқушыларын деректер қорына енгізіп, карточка аштым.

12.10.2015-13.10.2015 күндері өзімнің дипломдық жұмысыма керекті материалдарды жинап дипломдық жұмысыммен айналыстым. Дипломдық жұмысыма қажетті әдебиеттермен таныстым:

  • Официальный учебный курс Adobe Dreamweaver CS5 и CS5.5 = Использование Adobe Dreamweaver CS5 и CS5.5. — 2012. — С. 748.

  • Официальный учебный курс Adobe Dreamweaver CS4 + CD = Adobe Dreamweaver CS4: Classroom in a Book. — М.: «Эксмо», 2009. — С. 304. — ISBN 978-5-699-35326-2, 978-0-321-57381-0.

  • А. В. Белозубов, Д. Г. Николаев. Основы работы с HTML-редактором Abobe Dreamweaver CS3. Учебно-методическое пособие. — СПб.: СПбГУ ИТМО, 2007. — С. 112. — ISBN 5-7577-0092-0.

14.10.2015 күні мектептегі барлық ноутбуктардың жұмысын жетекшіммен тексеріп шықтым және штрих код жабыстырдық. Сондай-ақ осы күндері мұғалімдердің ноутбуктарына принтер орнатып бердім.

15.10.2015 күні жаңа оқу жылында оқуға қабалданған жетінші сынып оқушыларын 3x4 суретке түсіріп, түсірілген суреттерді Adobe Photoshop CS6 программасында өңдедім.

16.10.2015 күні ЭЕМ-да орнатылған бағдарламалармен, әсіресе көп жұмыс істейтін Болид Орион, Adobe Photoshop CS6 бағдарламаларында жұмыс жасадым. Мен мұнда көптеген қызмет түрлерімен таныстым. Жұмыс жасаған бағдарламаларымды қайтадан қарап шықтым, себебі мен оқитын жеріме барғанда менен есеп беруді сұрайды.

17.10.2015 күні Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, есеп жаза бастадым. Есеп жазуға және зерттеу жұмысымның программасын құруда Назарбаев Зияткерлік мектебінің IT мамандары пайдалы кеңестерін берді.