- •Мазмұны
- •Өндірістік іс- тәжірибенің мазмұны
- •1.1. Шымкент қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
- •Сонымен, өндірістік іс-тәжірибемді Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-шы жылдың 1-ші қыркүйек пен 17-ші қазан аралығында өткіздім.
- •03.09.2015 Күні жетекшім мені орталықтағы техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Сонымен мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- •2 Назарбаев Зияткерлік мектебінің ақпараттық- анықтамалық жүйесін құру
Мазмұны
Кiрiспе...............................................................................................................................................3
1 Өндірістік іс- тәжірибенің мазмұны.......................................................................4 1.1 Шымкент қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.......................................................................................................4 1.2 Іс- тәжірибе мазмұны...........................................................................................6 2 Назарбаев Зияткерлік мектебінің ақпараттық- анықтамалық жүйесін құру....11 Қорытынды.................................................................................................................23 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................................24
Кiрiспе
Мен, Сейсенбек Мархабат Әділжанқызы, Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-шы жылдың 1-ші қыркүйек пен 17-ші қазан аралығында өндірістік іс-тәжірибеден өттім.
Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.
Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.
Назарбаев Зияткерлік мектептері- ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады.
Бірінші модель— жаратылыстану- математикалық бағыттағы эксперименталды ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үш тілді ортада оқиды. Назарбаев Зияктерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл- 1200 (ең көбі- 1980 ), ал SAT2 орташа балл- 1720, әлемдегі орташа балл- 1250 (ең көбі- 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа балл- 6,2 (5,7 - өткен жылы).
Екінші модель— негізгі және жоғары мектепте балаларды халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар.
