- •Патофизиология пәнінен тест тапсырмалары
- •Аурудың асқынуы
- •Алғашқы зақымдану
- •Салдарлық зақымдану
- •Аурудың асқынуы
- •Иондаушы сәуле
- •Пестицидтер
- •Дерттік күшейген қозу ошағы
- •Жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігінде
- •Бұлшық еттің бірлік салмағына нәруыз түзілуінің азаюы
- •Жұқпалық миокардит
- •Біріншілік артериялық гипертензия
- •Эритроциттің орташа диаметрінің өзгеруі
- •Дерттік қоспалары бар эритроциттер
- •Шеткі қанда эритроциттер саны азаюы
- •Лимфоциттер
- •Арнайы емес төзімділіктің жоғарылауы
- •Аяқ астынан басталуы
- •Тромбоциттер адгезиясының бұзылуына
Патофизиология пәнінен тест тапсырмалары
1. Патологиялық физиология - бұл, туралы ғылым
+Аурудың пайда болуы, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтары
Физиологиялық жағдайдағы организмнің тіршілігі
Аурулардың жіктелуі мен аталуы
Аурудың клиникалық көріністері
Е) адам организміне дәрілік заттардың әсері
2. Патологиялық физиологияның міндеттеріне жатады
+жалпы этиология және патогенезді зерттеу
белгілі бір науқаста ауру өтуінің ерекшеліктерін зерттеу
аурудың нақтылайтын аңғарымын зерттеу
ауруды зертханалық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу
ауруды аспаптық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу
3. Жануарларда тәжірибеде зерттеу мүмкін болмайды
аурудың алғашқы кезеңін
организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін
аурудың емделмеген түрін
+аурудың тұлғалық белгілерін
Е) ауру дамуына орта жағдайларының ықпалын
4. Патофизиологиялық тәжірибеде міндеттісі
+жануарларда адам ауруларын үлгілеу
қызметтік көрсеткіштерді зерттеу
тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістерді зерттеу
биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу
аурудың клиникалық көріністерін зерттеу
5. Жалпы нозология - бұл:
аурулар пайда болуының себептері және жағдайлары туралы ілім
аурулардың даму тетіктері туралы ілім
біртектес дерттік үрдістер туралы ілім
организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы туралы ілім
+ауру туралы жалпы ілім
6. Аурудың нышандарына жататыны
+науқастың шағымдары
+аурудың дамығанын көрсететін тексерудің дәлелімді мәліметтері
жұмысқа қабілеттілігінің жоғары болуы
+организмнің қорғану-бейімделуінің төмендеуі
әлеуметтік және жан-дүниелік сәттілік
7. Денсаулықтың нышандарына жататыны
+организм тіршілігінің қалыпты көрсеткіштері
жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі
әлеуметтік және жан-дүниелік сәтсіздік
жүктемеге бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі
денеде физикалық ақаулардың болуы
8. Жұқпалы аурулардың даму сатыларының дұрыс бірізділігі
аурудың аяқталуы 4
инкубациялық кезең 1
аурудың айқындалуы 3
хабаршы кезең 2
9. Аурудың бейнақты белгілері тән
жасырын кезеңіне
+хабаршы кезеңге
инкубациялық кезеңге
аурудың айқындалу кезеңіне
аурудың аяқталуына
10.Аурудың арнайы белгілері байланысты
+аурудың себептеріне
ауру дамуына септесетін жағдайларға
ауру дамуына кедергі жасайтын жағдайларға
организмнің реактивтілігіне
науқастың жасына.
11. Дерттік үрдіс аталады
организм үшін бейімделулік маңызы жоқ қалыптан тыс тұрақты ауытқу
сыртқы орта жайттарымен ағзалар және тіндердің зақымдануы
түрлі ықпалдарға организмнің, тіндердің, ағзалардың сәйкессіз жауабы
+зақымданған тіндер, ағзалар немесе организмде зақымдану және қорғану-бейімделу әсерленістерінің жиынтығы
бейімделу сипаты бар қалыптан тыс ауытқу
12. Біртектес дерттік үрдістерге жатады
буынның қозғалмай қалуы
+қызба
көз күйігі әсерінен соқырлық
тісті жұлғаннан кейінгі қуыс
Е) отиттен кейінгі кереңдік
13. Дерттік жағдайға мысал болады
инсулинді артық енгізгеннен кейінгі гипогликемия
өспелер
+тісті жұлғаннан кейінгі альвеолалық өсіндінің атрофиясы
өкпе артериясының тромбозындағы жүрек артериолалырының спазмы
ісіну
14 . Дерттік әсерленіске мысал болады
+жағымсыз эмоциялар әсерінен АҚ төмендеуі
тіннің тыртықтық өзгерісі
аяқты алып тастағаннан соңғы тұқыл
митралды тесіктің тарылуы
фурункулез
15. Өлу кезеңдерінің дұрыс бірізділігі:
+агония алды, ақтық үзіліс,агония, клиникалық өлім
ақтық үзіліс, агония алды, агония, клиникалық өлім
агония алды, агония, ақтық үзіліс, клиникалық өлім
агония алды, ақтық үзіліс, агония, биологиялық өлім
агония алды, агония, клиникалық өлім, ақтық үзіліс
16. Жалпы этиология – бұл
+ ауру пайда болуының себептері және септік жағдайлары туралы ілім
аурудың даму тетіктері туралы ілім
ауру туындауындағы жағдайлар туралы ілім
ауру туралы жалпы ілім
өлу тетіктері туралы ілім
17. Ауру себебінің 2 негізгі сипатын анықтаңыз
+аурудың пайда болуына қажет жайт
+Ауруды дамытып, оған арнайы көрініс беретін жайт
аурудың ауырлығы мен ұзақтығын анықтайтын жайт
аурудың жиілігіне әсер ететін жайт
аурудың арнайы емес көріністерін анықтайтын жайт
18. Ауру себебі бола алады
+механикалық жайттар
организмнің конституциялық ерекшеліктері
жас мөлшері
балалық шақ
жыныс
19. Физикалық этиологиялық жайттарға жатады
ауыр металл тұздары
вирустар
пестицидтер
гельминттер
+иондаушы сәуле
20. Аурудың пайда болуына
бір себептің әсері жеткілікті
себеп болмаса да жағдайлар жиынтығы қажет
+ауруды туындататын себеп те, септік жағдай да қажет
себептер жиынтығы әсер етуі қажет
тұқым қуалауға бейімділік міндетті түрде қажет
21. Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады
дерттік тұқым куалаушылык
+микроорганизмдер, вирустар
жыныс
конституция
жас мөлшері
22. Ауруды туындататын ішкі жағдайға жататыны
гиподинамия
+конституция
жағымсыз әдеттер
суықтау
тамақтанудың бұзылыстары
23. Сыртқы этиологиялық жайттарға жататыны
қарттық шақ
+сапасыз тамақтану
конституцияның қалыптыдан ауытқуы
өзгерген тұқым қуалауышлық
ерте балалық шақ
24. Ятрогендік аурулардың себебі болуы мүмкін
жұқпа
+медицина қызметкерлерінің қателері
науқастың мінез-құлқы теріс болуы
организм реактивтілігінің төмендеуі
қарқынды дерттік жайттың төтенше әсері
25. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады
+ қысылу
сілтілер
төмен температура
электр ағымы
иондаушы сәуле
26. Ауруды туындататын ішкі этиологиялық жайтқа жататыны
+жыныс
бактерия
вибрация
иондаушы сәуле
шу
27. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы
ауру тек себебі бола алады
ауру пайда болуының тек жағдайы бола алады
+ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады
этиологияда ешқандай маңызы жоқ
тек ауру патогенезінде маңызы бар
28. Бір топ саяхатшы нөсер жаңбыр астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды. Аурудың себебін анықтаңыз.
А) мұздау
В) +жұқпа
С) гипоксия
D) организм төзімділігінің төмендеуі
Е) жүктемелік зорығу
29. Гипертониялық ауру (А.Бочковтың жіктеуі бойынша) жатады:
нағыз тұқым қуалайтын ауруларға
+полигендік ауруларға
тек сыртқы орта әсерінен дамитын ауруға
моногендік ауруларға
хромосомдық ауруларға
30. Аурудың даму жолдарын зерттеу мына сұраққа жауап береді
ауру неге пайда болды?
ауру пайда болуының себебі не?
С) ауру дамуына не септеседі?
D) ауру дамуына не кедергі келтіреді?
E) +ауру қалай, қайтіп дамиды?
31. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл
+ алғашқы зақымдану
аурудың асқынуы
созылмалы түрге ауысуы
салдарлық зақымдану
кері айналып соғу шеңберін түзуі
32. Жасушалық деңгейдегі зақымданудың мысалы
орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин қышқылының валинге алмасуы
+иммундық тромбоцитопения
қантты диабет кезінде вазопрессин түзілуінің бұзылуы
гемофилия А кезінде VIII жайттың тұқым қуалайтын тапшылығы
жүрекшелік-қарыншалық тесіктің тарылуы
33.Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері– бұл
