Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Narko.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.69 Кб
Скачать

1. 47 жастағы дәрігер, 25 жасынан бері алкогольді шектен тыс қолданады. Толеранттылығы арзан шараптың 1 литріне дейін, күні бойына бөліктеп ішеді. Соңғы кездері 100г арақтан масаятын болған. 12 жыл бұрын абстиненция синдромы кезінде алғашқы тырысулық естен тануы болған. Әйелі мен қызы бірнеше жыл бұрын одан кетіп қалған. Күн сайын анасынан самогонға ақша талап етеді. Біраздан бері жұмыс жасамайды. Ақ көңілденіп студенттерге өз жағдайын ұялмай айта береді, өзіне сын көзбен қарамайды. Жиі тырыспалық ұстамалары болмағанда дәрігер болып жұмыс істер едім деп сендіреді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Алкоголизмнің 3 сатысы.

2. 36 жастағы науқас, әйелінің талап етуімен наркологиялық диспансерге келген, өзін ішкішпін деп санамайды. 15 жылдан бері алкогольді шектен тыс қолданады. Толеранттылығы самогонның 1,5 литр дейін. Бас жазу синдромы тұрақты , 0,5л дейінгі арақпен бас жазады, ішу сипаты салынулық. Мөлшерден тыс қабылдауға құсу рефлексі 3 жыл бұрын жоғалған. Бұрын алкоголизмнен емделмеген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Алкоголизмнің 2 сатысы.

3. 50 жастағы науқас, бала кезінде есін жоғалтумен қатар жабық бас-ми жарақатын алған. 18 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Мерезбен ауырған, емделіп жазылған. Естің дөрекі бұзылыстары анықталған, есіне ештеңе сақтай алмайды, өз өмірі мен жалпы қоғамдық тарихи оқиғалардың көбісін ұмытып калған. Уақытқа бағдары бұзылған, өз палатасы мен төсегін таба алмайды. Қанда Вассерман реакциясы теріс. Аяқтарындағы ауру сезіміне шағымданады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Корсаков психозы.

4. 45 жастағы науқас, көп жылдар бойы алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс қолданады, арақты 2л дейін ішкен, соңғы уақытта 1 стакан арақтан мас болады. Алкоголь суррогаттарын ішеді. Психиатриялық клиникаға бағдарының бұзылуына байланысты түскен, жақында кешкі уақытта бөлмесіне оның үстіне өрмелеп және тістеген тышқандар қаптап кеткенін көрген. Қатты қорыққан. Балтаны ала салып олардан қорғанған, үй ішінде жүгіріп, тығылмақшы болған. Ол көшеге айқайлап шыққан кезде көршілері жедел жәрдем шақырған.

Келесі күні таңертең бөлімшеде байланыстан тыс, төсекте тынышсыз, киімін шымшиды, ұстайды, созады, саусақтарымен жинайды. Жеке сөздерді, қыстырмаларды, буындарды айтады. Дене температурасы 40 градус, неврологиялық статусында оральді автоматизм симптомдары, нистагм, птоз, гипергидроз, дизартрия байқалады. Жазылғаннан соң болған ауру кезеңі туралы есінде ештеңе жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Алкогольды делирий.

5. 20 жастағы науқас, жақында астениямен жалғасқан пневмонияның ауыр формасын басынан кешірген. Досының тойында 0,5л арақ ішкен, тез мас болған, сөздері дизартрияланып, жүрісі теңселе бастаған. Сосын орнынан сауыққандай тұрып, бөлмеден шығып ас үйге қарай кеткен. Үй иесінің «не керек?» деген сұрағына жауап берместен, пышақты ала сала үстел басына қайта келіп, қатты дауыспен айғайлап және оған айтылған сөздерді түсінбей пышағымен сермей бастаған. Қонақтарға өлтіремін деп қауіп төндіріп, оны ұстамақшы болған адамдарға бірден қатты қарсылық көрсеткен. Бет-әлпеті бозарған, қарашықтары ұлғайған. 15-20 минуттан соң тынышталып, көрші бөлмедегі диванда ұйықтап кеткен. Келесі күні таңертең болған жайттар жайлы есінде ештеңе қалмаған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық мас болу.

6. 32 жастағы науқас бір ай бойы туыстарында демалған, күніне 3-4л дейін шарап ішкен. Үйіне қайтып келе жатқанында купеде адамдар оған оғаш көріне бастаған, бәрі жаман көздерімен қараған сияқты болған. Купедегі көршілері пышақты алып нанды кесе бастағанда, олар пышақты оған, сені де осылай кесеміз деп көрсетіп жатқанын түсінген. Ол өте қатты қорқып, купеден атып шығып, жолсерікке оны жасыруын өтінген. Поезд станцияға келіп тоқтағанда адамдардың барлығы өзіне қарай жүгіріп келе жатқанын және өзін өлім күтіп тұрғанын түсінген. Вагоннан бірден шығып: «көмектесіңдер, құтқарыңдар!» деп айғайлап, вокзалдан басқа жаққа қарай қаша жөнелген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]