Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk rubezhka.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.28 Кб
Скачать

48. Заңды тұлғалар азаматтық құықтың субъектісі ретінде

Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

  • Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

  • Лицензия дегеніміз — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық заңды тұлғалар:

мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:

мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

Заңды, тұлғаны қайта құру

Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

49. Азаматтық құқық объектілері (ағыл. objects of civil rights (civil law) (property); нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер менқұқықтар.

Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады.

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен объектілері. Меншік құқығы дегеніміз заң актілерімен танылған және қорғалатын субьектіге тиесілі мүлікті қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Меншік иесіне тиесілі мүлік дегеніміз оның меншігіндегі барлық обьектілер. Мүлік мүліктік құқықтар ретінде кең мағынада емес, тар мағынада−зат, қолма қол ақша, құжаттық бағалы қағаз түрінде түсіндіріледі. Меншік құқығынан тыс құқықтар билік ету құқығынан туындайды.Меншік обьектілері жалпы және арнаулы режмге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға жіне оған билук етуге қатысты бекітіліген арнайы нормативтік ереженің болуы. Арнаулы режим бірқатар обьектілер үшін белгіленген. Мысалы, жылжымайтын мүлік. Меншікті ең маңызды обьектілері жер мен тұрғын үй б.т.

50. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардіңжәне мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.  б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.  в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды

меншіктің экономикалық мазмұны  мынадай түсініктермен де сипатталады:  а/екі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;  ә/жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ;  б/өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ;  в/ табыстарды уйлестіру тәсілі  г/субъектілік обектілік талдау 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]