- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті құқықтану кафедрасы
- •Силлабусы
- •Түркістан - 2014 ж.
- •2. Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •4. Практикалық (семинарлық) сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5. Лабораториялық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптар
- •Білімді бақылау кестесі
- •7. Оқулықтар мен web сайттар тізімі Нормативтік актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8. Бақылау түрлері:
- •9 Студент білімін бағалау ережесі
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Ф-ӘД-001/026
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті құқықтану кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
э.ғ.д, профессор С.Ыдырыс
_______________________
« _02_ » ____09____ 2014 ж.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ пәнінің
Силлабусы
Мамандық, аты, шифры: 5В130100 - Жалпы медицина
5В130200 - Стоматология
Оқу формасы: күндізгі
Курс: ІV______
|
|||||||
|
|
7-сем |
|
8-сем |
|
барлығы: |
|
|
Барлық сағат саны: |
46 |
|
- |
|
45 |
|
|
Кредит саны: |
1 |
|
- |
|
1 |
|
|
Лекция: |
18 |
|
- |
|
18 |
|
|
Семинар (практикалық): |
12 |
|
- |
|
12 |
|
|
Лабораториялық сабақ: |
- |
|
- |
|
- |
|
|
ОБСӨЖ: |
8 |
|
- |
|
15 |
|
|
СӨЖ: |
8 |
|
- |
|
- |
|
|
Аралық бақылау (АБ): |
2 |
|
- |
|
2 |
|
|
Қорытынды бақылау: |
емтихан |
|
- |
|
емтихан |
|
Силлабусты құрастырған: Аға оқытушы К.Р.Хасанова
Мекен жайы,тел. және Е-mail:Түркістан қаласы, Самарканд көшесі, тел: 8-7718693863,
klara_hasanova
оқытушы Даханова Ж.О.
Мекен жайы, тел және E-mail: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29, тел:87023875838
Кафедрағы жұмыс уақыты: 9.00-18.00
СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: дүйсенбі сағ 14.00 -18.00,
Түркістан - 2014 ж.
Силлабус ҚР БҒМ министрлігі «____» ____ ______ж. №____бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың тиіптік оқу жоспары және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде «____» «_09___» 2014ж №1 хаттамамен бекітілген пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған
Силлабус кафедраның «_01_ » _ _09 2014 ж (хаттама №1) мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі ___________ з.ғ.к.(PhD)., қауымдастырылған профессор Қ.Т.Битемиров
Силлабус факультеттің «_01__» __09 2014ж (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, э.ғ.к., доц.м.а. ________ Ұ.Р.Маханбетова
1. КІРІСПЕ
Пәннің мақсаты:Еңбекті қорғау пәні студенттерге еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктерді оқытып үйрету.
Пәннің міндеттері: студенттерді еңбек жағдайларымен таныстыру; еңбекті бағалау критерийлерін зерделеу және жүктемелерді өлшеу; еңбек сапасын бағалау әдістерін зерделеу. Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті: жалпы және жеке гигиенасы туралы; еңбек гигиенасының қолданбалы бағыттары жөнінде туралы түсінікке ие болуға; төтенше жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерін, төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін білуге; физиологиялық және психологиялық жұмыстық жүктемелерді өлшей және талдай білу, еңбек жағдайларының сапасын бағалауды істей білуге; еңбек процесінің ауырлығы мен қызулығын, өндірістік ортаның элементтені гигиеналық бағалауды ескере отырып, оқулық және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеудің, еңбек жағдайларын гигиеналық бағалаудың практикалық дағдыларды меңгеруге; құқықтарын қорғап білуге және жауапкершілікті сезіне білуге т.б. үйрету.
Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны:: Еңбекті қорғау курсы–қоғамдық еңбек қатынастарында қызметкерлер мен жұмысшылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы мен қызметін таныстырады. Еңбекті қорғау пәні - Еңбек құқығы пәнінің құрамды бөлігі болып табылады. Студенттерге мамандықты оқып уйренгенен кейін өндіпрісте өздерінің және жалпы қызметкерлердің еңбекті қорғау құқуқтары мен міндеттерін менгеріп шығады.
Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар:
ЖҚ-1 ойлау мәдениеті қалыптасқан, ақпаратты қабылдап, сараптай білуге, мақсат қойып және оған қол жеткізудің жолын таңдай білуге қабілетті.
ЖҚ-22 Еңбек заңнамасының талаптарын білу және орындау
КҚ-48- заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды міндеттерді орындауға дайын
КҚ-49- жеке адамның ар намысын құрметтеуге, адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға және қорғауға қабілетті
Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін:
Білімі: - өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды Б1 (ЖК-1)
-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктерді анықтау Б2 (ЖК-22).
Білігі: – еңбекті қорғау саласындағы өзінің кәсіби қызметінің мамандығына сәйкес нормативтік-құқытық актілерді дайындауға қатысуға қабілетті Д1 (ҚҚ-48).
- мақсат қойып және оған жету жолдарын таңдай алу, құқық субьектілерімен заңнаманы сақтауды қамтамасыз етуге қабілетті Д4 (ҚҚ-49);
Құндылық құраушылары – Қазақстан Республикасының заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды міндеттерді орындауға,жеке адамның ар намысын құрметтеуге, адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға және қорғауға қабілетті Қ-48 (ЖҚ-1)
Пререквизиттер:
Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеру қажет: Құқық негіздері, ҚР заматтық құқығы, ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы
Постреквизиттер: Пәнді меңгеру нәтижесіндегі алған білім :ҚР Еңбек құқығы институттарының жеткілікті білім көлемін игеруі қажет.
Қысқартылған сөздерге түсініктеме:
СӨЖ - студенттің орындайтын өзіндік жұмысы.
ОБСӨЖ- оқытушы басшылығымен орындайтын студенттің өзіндік жұмысы.
Қысқартылған сөздер Б – білімі; Д – білігі; Қ – құндылық құраушылары.
ЖҚ- жалпы құзыреттері
КҚ- кәсіби құзыреттері
ҚР- Қазақстан Республикасы.
НҚА- нормативтік-құқықтық акт.
ҚҚ- құқықтық қатынас.
